Стр. 64 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 63
Стр. 65
Қазақстанның ашық кітапханасы
64
етеді. Сол жақ бүйірлерінде қиғаш салбырап, бабаң заманының қисық қылыштары жүреді.
Араб жылқысының әсем басқаны, ер-тұрмандардың жарқ-жұрқ еткені мас қылады білем,
күзетшілері бізге айғай салып, ананы-мынаны айтып, кеудесін қағатын болды. Бабасынан
қалған қисық қылыштарын жарқ-жұрқ еткізіп, орай-орай сілтеп, бізге айбат шегеді. Түбіңе
жетіп, тұқымыңды құртамыз дегендей етеді.
Әрі сонша көп жұртты, әрі анағұрлым құдіретті елді қисық қылышпен ғана құрта салу
оларға баланың ойыншығындай көрінетін сияқты. Ишараттары өте айқын. Елі анау, үміт
тілекті құлаған моладан тілеп отырғанында жұмыстары да жоқ. Әлде сол өлімтік аруағына
жастары да сене ме екен? Мүмкін... Удай ащы, оқтай өткір жауаптар аузыңа келеді де,
алқымнан аса алмай қайта береді.
Төменде жұлқына жөңкіліп, өкіріп жатқан долы өзен көрші елдің күзетшілері немене
айтып жатқандарын естіртпей, әлдеқайда алып кетеді.
—
Неңмен қоқаңдайсың? Өзіңдікі өзіңе бұйыра берсе, аз ба!—дегің келіп, сен де
қызасың. Бірақ халықаралық қатынастарға жауынгер басқаша қатынасатынын еске алып,
үндемейсің.
«Ашулы адам айғайласа — күлкі болады, үндемесе — ызғарлы болады»,—деген Абайдың
бір даналығы тағы есіңе түседі. Мен оларға осы сөздің өзін де айғайлап қалар ем, жел
аударып босқа кете ме деп, оны да істемеймін.
Кенеттен қоқиланып кеткен көршіміздің елін мен жақсы білемін. Мектептен алған үстірт
білімнің үстіне, көрші елдің жай-жапсарын тереңірек пайымдайтын бірталай кітап
оқыдық. Шекара күзетінің басшылары көрші елдің жайын жақсы білетін болыңдар деп
ылғи қадағалап қояды. Әсіресе, жат елдің әдет-ғұрпына тиіп кетіп, әдепсіз көрінем бе деп,
өзің де қыл үстінде жүресің. Кітапханамыз да кедей емес. Жақын арада, бір саяси сабақта
мен көрші еліміздің жай-күйі туралы баяндама жасап ем. Барлық мәліметтерді тексере
келе, көп нәрселерге таң қалдым, Өзгесін былай қойғанда, халық шаруасы дейтін үлкен
қордың өзінде береке жоқ екен. Он адамның екеуі қайыршы, мың кедейге бір бай! Барлық
шаруасы тігісінен сөгіліп тұр екен.
Мен ес білгелі көрші елдің шаруасына не жаңалық қосылғанын да білем. Бірінші дүние
жүзі соғысында бұл тақыр мұзға отырып қалған елдердің, бірі еді. Қазір орта қолды ғана
тоқыма фабрикалары бар. Оны да өзі жасай алған жоқ, көршілері жәрдем етті... Рас,
баяғыда бас киімдері қоқырайып тұрады екен оны қазір тастапты. Бірақ бастың өзі
жаңарған жоқ, кездері әлі баяғысындай бақырайып тұр. Жанжалы көп болғанмен ұтысы
жоқ, ұтылысы көп тарихына атақ қосар еш нәрсе әлі қосылған жоқ. Бірақ жақын арада
Гитлерден бір жаңа «фон» келіп еді, соның қызуымен құтыра бастағаны байқалады. Жаңа
«фонның» ескі атағы ерт салғыш, от тастағыш болушы еді, сірә, соры қайнаған ел, соған
арқаланып кетті білем. Сол келгеннен бері мылтық асынған жастары бұзақылықты
өжеттік, ерлік деп санай бастауға айналды. Жаңа «фонның» тозығы жеткен ескі елге не
алып келгені біздің күзеттің қатардағы жауынгерлеріне де айқын көріне бастады. Соңғы
кезде шекарадан өтем деп, қақпанға түсіп қалушылардың көбейгені соның айғағы еді.
Қолға түсушілердің ішінде тыңшы да бар, өрт салғыштар да бар. Әлі тілге келмеген
«сақаулар» да, «саңыраулар» да бар. «Жаһаннам дүниесінен» қашып, біздің елге өткісі
«келгендер» де бар. Біздің міндет — шекара қақпасын берік ұстау болғасын, амал жоқ,
қолға түсіп қалады.
Мана ала бағанға қандай оймен келсем, сол тілегім қабыл болғандай, бұл түн ешбір
уақиғасыз өтті. Біздің жақтан қызара бөртіп таң атып келе жатыр. Тау ауасы көгілдір
тартып, таң белестеген сайын, аспан да тазара бастады. Таңертеңгі тау салқыны
Достарыңызбен бөлісу: |