Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет70/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 70



Стр. 72

Қазақстанның ашық кітапханасы


71
Самолет жұртты тегіс түсіріп болып, төбемізден құйындай соғып етіп, жердің түгін
желімен жапыра, таңертеңгі қонған орнына қарай ойысты. Мен де жүгірдім солай қарай.
Таудан жылжып темен түскен қайыңды орманның қақпадай ашылған кең қойнауына
барып кірді де, бетін бері бұрып алып самолет тоқтады.
Инструктор жиналыңдар деген белгі берді, мен де кейін бұрылдым. Шегенге кетіп қала
алмадым. Жауынгерлер қатарланып тұрып қалды. Төменнен бәріміздің қалай
секіргенімізді көріп тұрған командирлер де жиналып қалды. Нұсқаушы секіргенімізге
берілген бағаны айтты, көңіл қалдырмаған екеміз.
Әрі әдемі, әрі дәл түстім ғой деп ойлап, мен мақтау күттім. Атым аталғанда — Совет
Одағына қызмет етем! — деген дауысымды Шеген естісе деймін. Кезім сол Шегеннің
самолетінде... Бір кезде өшірген үнін қайта гүжілдетіп, самолет орнынан қозғалды да,
аспанға көтерілді. Дуадақтай жүгіріп барып, көтерілді. Жеңіл де, тез де көтерілді. Алаң
үстінен еткенде қанаттарын азғана шайқады да, жүзіп жүре берді.

Шеген! Тоқта! Қайырыла кет! — деп, жүрегім айғай салып тұр. Үні алыстап, ұзай
берген Шеген оны естіген де жоқ, естер де емес. Теңіздей көгілдір мұнартқан қалың
орманның үстіне барды да, көрінбей кетті.
Шеген мені кешке таман өзі іздеп келді. Сұңғақ денелі, кең жаурынды, қалқаң кеуделі,
аспан әскеріне жолдастарымның бәрі де қызыға қарайды. «Қызыл бұрышта» толып
отырған жауынгерлердің:

Капитан!.. Қазақ!..

Қандай мүсінді! — десіп, сыбырласқандары естіледі.

Капитан Ақжаров!..— деп, мен әскерше сәлем беруге ыңғайланып тұра беріп ем,
Шеген маған екі қолын бірдей созып кеп, оң қолымнан ұстай алды. Әуелі әскерше
құттықтап, артынан балаша мойыныма асыла кете ме деп қысылды білем, оң білегімді
үзіп жіберердей қатты бір сілкіп, басқаның бәріне бір-ақ тыйым сала қойды. Мен бытырай
жөнелген ойымды жинап алып, ең алғашқы айтар сөзімді тауып алғанша, Шеген
отырғандардың бәріне ортақ амандасуын айтып, бүгін бірінші секіргендерді құттықтап та
үлгірді.
Енді міне, қызыл жамылған столдың қасында екеуміз қатар отырмыз. Мен әлденеден
қысылып, құр жымиятын сияқтымын, онымды аңдап қалған Шеген көзін маған көп
қадамай, «Айдаһар» журналының ескі бір номерін аударыстырып, қараған болып отыр.

Ал, сонымен...— дегенде ғана көзі мені бір сипап өтеді.
Мұндайда сөз таба алмай, құр жымия беру дегеннің үлкен олақтық екенін мен
әлдеқашаннан білетінмін. Бірақ, ойыма келген сөздің бәрі де бір түрлі жансыз, жасық
көрініп, күрмеле берем. Кептен керіспеген екі достан қызық бір кездесу күткендей,
жолдастарым да бізді бақылап отырған сияқтанады. Мені қысатын жағдайдың бірі де сол.
Жоқ, мен әлі кеп нәрседен арылмаған екемін! Өзімді-өзім «бол-болға!» алып асықтырған
сайын, бөгеле түсем.
Ойымда Шегенге сақтаған талай хикая, сұлу поэмаларым жүрген сияқты еді, бірде-
біреуінің бастамасы аузыма түспей қойды. Бірі әлдеқашан ескірген сияқтанып кетеді, енді
бірі баяғы балалық шағымызға лайық бірдеме сияқты. Жер әскерінің аспан әскеріне
айтарлық әлі түгі жоқ екен. Таңертең Шегенді самолет үстінде көргенде оған айтар мың
түрлі сырым бар сияқты еді. Оннан бірін айта алмайтындай едім, енді соның бәрі түгіл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет