Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 68
Стр. 70
Қазақстанның ашық кітапханасы
69
—
Мен бір-ақ нәрседен қорқамын,— дейді жас Владимир,— секір дегенде-ақ жүрегім
ұшып кетіп, парашюттің сақинасын күн бұрын тартып қалып секірем бе деп қорқам...
—
Онда самолеттің құйрығына ілігесің де жүресің салақтап!—деп, Петр қатал
мазақтайды.— Мә, бәкімді берейін тым болмаса, ілегіп қалған бауды кесігі жібер де,
жерге топ ете түс!..
—
Неге топ ете түсем? Парашюттің тағы бір қосалқы сақинасы бар емес пе, соны
тартып қалам... Парашют амалсыз қанатын жаяды!
—
Олай болса, соны істе...
Петр әуелі әңгімені әдейі қыңыр сүйреп әкетеді де, артынан келте қайырып, ұтып
отырады. Владимир ақкөңіл, ылғи ұтылып, аяғында шынын айтып құтылады.
—
Сен әуреленіп жүргенде самолеттің жерге қонатын уақыты жетіп қалса, сені сүйрей
келіп қонады... Сен жұрттан бұрын секіруге тырыс! —дейді Петр, тағы да Владимирді
қолға алып. Владимир тағы аз ойланып қалып:
—
Мен өзіміздің үйреншікті биіктен секіріп жүргенде де бір бәледен құтыла алмай
қойдым... «Бір, екі, үш» деген
тек қана секір деген сөз ғой... Мен сол бір, екі, үштің тұсында сақинаны да тартып қалуға
үйреніппін. Секіру мен сақинаны тартып қалудың арасында тағы да бір үш секунд өту
керек емес пе? — дейді.
—
Қысқасы, Володя, мен саған сағатымды беріп қояйын... Соған қарап сақинаны да
тартып қаларсың...
Петр Володяны біраз бөріктіріп алып, енді байсалды қорытындысын айтады:
—
Бәрі де бос сөз. Секірмей тұрғанда солай көрінеді. Секіргенде бәрі де өз уақытында
істелетін болады. Босқа өле кету оңай емес! — дейді.
Менің қауіпім басқа жақта. «Ал, секір» дегенде жүрексініп, самолеттен айырыла алмай, аз
да болса, кідіріп қалам ба деп қауіптенем. Самолеттің қанатынан секіре бергенде аздан
соң парашюттің ашылатыны, қанатыңды жайып кеп, жерге қалықтап кеп қонатының —
бәрі көз алдымда... Бірақ сол қас қаққандай бір сәтте жүрексіне қалуың да мүмкін.
Қалайда, бұл алғашқы секіріс қой, әркім өз басындағы қаупін айтып отыр.
—
Қорқып отырған сен бе, Толстов?.. Түу! Түк те емес!—деп, алысырақ отырған бір
жауынгер өзінің қорықпайтынын білдіріп қояды.
—
Құдай біледі, бәрімізден гөрі сенің қорқуың күшті! Көзің бажырайып, қыдырып
кетіпті... Тамағыңнан асың өтпей отыр! — деп, Петр оны қайырып тастайды.
Ертеңіне бәріміз де дұрыс секірдік. Парашютті ерте ашып қалам деп қауіптенген
Владимир кепке дейін парашютін ашпай жерге жақындап қалғанда ғана ашты. Владимир
өзгемізден бұрынырақ секіріп еді, кесек тастай боп темен ағып бара жатқанын бәріміз де
көрдік. Біз түгіл инструкторымыз:
—
Ананың парашюті бұзылған болар!—деп қалды.
Өзім де едәуір қобалжып отырғанмен әркімнің жайын байқай отыратын бақылай жүретін
бір мінезден қазір де арыла алғаным жоқ. Самолеттегі елу шақты жауынгердің жүзінде
Достарыңызбен бөлісу: |