Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет86/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 86



Стр. 88

Қазақстанның ашық кітапханасы


87
Сай-саладан жұрт тағы шыға бастады. Ұзын жолдың бойында ұбақ-шұбақ, шұбалаңдаған
шаң көрінеді. Мен көпірге қарай беттедім.

Орындарыңа барыңдар! — дедім, әр жерге бұққан жолдастарыма айғай салып.
Артымда Толстов Володя келе жатыр екен:

Мә, тісте! — деді, өзі шайнап келе жатқан семіз шұжықтың бір жағын менің
аузыма тыға беріп. Қолы қап-қара болған екен.

Өзен қасыңда жатыр. Қолыңды жуып алсаңшы! — деп, шұжықтан қапсыра тістеп,
өз қолыма қарасам, менің қолым да қарамай жағып алғандай екен. Екеуміз де мырс етіп
күліп жібердік.
Біздің тамақ жеуге қолымыз босайтын уақыт — жау самолеттері бомбаның астына алып,
окопқа апарып еріксіз жатқызған кезі болады. Бірақ жер мен кек қосыла жарылып, асты-
үстің дүңкілдеп тұрғанда тамағыңнан ас өтпейді. Әбден ашығып қалыппыз. Мен
шұжықты тістеп жатқанда Володя нанды екі ұртына бүктеп жатады, ол шұжыққа ауыз
салғанда нан бүктеліп менің аузыма кіреді. Күліп те келе жатырмыз...

Майор бір арба тамақ қалдырып кетті! — дейді Володя,— бәрі бар!..
Әр жерден тұра келіп, маған жақындай берген жолдастарымның бәрі де бірдемені шайнап
келе жатыр. Бойы дәл екі метр Семен Зонин үлкен бір шарадай ақ бөлкені жалғыз опырып
келеді.
Біздің тыныс алар кезіміз де осындай алаң-бұлаңның арасы ғана. Жұрт жанжалсыз өтіп
жатса, о да демалыс. Бірақ ондай сәтті кезең де сирек қана кездеседі.
Міне, он екінші рет «Аспан! Аспан!» десіп қалдық. Өкіріп, ұлып, шегірткедей cap бауыр,
көк-жағал ауыр самолеттер де келіп, боратып тұрып, бомбаның астына алды. Айнала
құйын көтерілгендей, қара боран. Қара бораннан күннің көзі де кішірейіп, әрең ғана
қызарып көрінеді. Жер жарылып бара жатқандай, тау құлағандай күркіреген үн айналаны
бір сәтте тып-типыл қылып, жансауға жасар сай-жыраларға қайта тықты. Кейде бұрқырап
аспанға көтерілген шаң-топырақ, аспанға шапшыған сумен айқасып қалады. Аспанға
ұшқан ұсақ тастар көпір үстіне гүрс-гүрс түседі. Жер ауыр ыңқылдағандай, ұлыған,
өкірген үн, дүние төңкеріліп бара жатқандай сезіледі. Құлағыңмен де, аузыңмен де, тіпті
етігіңнің ұлтанымен де сол бір дүние өкіргендей үрей үнді естисің.
Басым терең қазылған окоптың түкпіріне барып жабысып қалыпты. Бар денем жермен
бірге дірілдейді, жермен бірге гуілдегендей болады. Қорқып та жатқаным жоқ, қуанып та
жатқаным жоқ. Бұл күнге дейін естіп-сезіп көрмеген жат үнге таң қалып, содан ғана
құтылғым келіп жатыр. Жер баурына денеңді жапсыра түссең, үрей үні де әлсірегендей
болады.
Мен әрең деп басымды жерден көтеріп алсам, арқасын окопқа тіреп, мылтығын алдына
көлденең салып, Петр отыр екен. Кескіні құсқысы келген адамның өңі бұзылып кетіпті.
Бірақ көзін аспанға тігіп, тыста не болып жатқанын бақылап отыр. Окоптың бір бұрышын
жалғыз алып Семен отыр да, Володя оған жапсырыла қойыпты. Енді ғана бір-бір
жымиысып қалдық.

Арқаң гуілдей ме?— деді Володя маған еңкейіп келіп.

Сайтанның қайдан үйреніп жүргенін білмеймін, ән салады! — дедім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет