Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет96/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 96



Стр. 98

Қазақстанның ашық кітапханасы


97
Содан кейін бізге қайта-қайта оң тілек тілеп, жұрттан қалмайын деген адамша кемпір
өгіздерін қозғады. Біз ілгері кеттік. Володяның көзін бір сүртіп қалғанын көріп қалып ем,
ол ұялып:

Көзіме бір қиқым түсіп кетті білем... — деді.
Біз өткел басына келсек, ұбақ-шұбақ арбалар, табын-табын малдар өтіп жатыр екен.
Етектерін азғана түріп алып, сандары ағараңдап әйелдер де етіп барады. Суды көрген соң
бар уайымды ұмытып кеткен балалар да біріне-бірі су шашып, бірінің басын бірі суға
тығып алып, шуласып жүр. Таныс жайылым, күндегі қорасынан айрылған сиырлар азан-
қазан. Сиырлардың меңіреуінде де бір мұң бар сияқты. Мал баласы туған жерін
сағынатынын мен бұрын да байқаушы ем, қазір ете терең, сезіп турмын. Айдау көріп,
ашығып келе жатқан сиырлар басын жерге салмастан мөңірейді. Арттарына қарап
ыңылдап, ыңырсып қояды. Әлдеқай жерде кетіп бара жатқан бұзауларын іздейді.
Жер гу-гу еткендей болады. Табаныңның асты анда-санда қалтырап кетіп, дір ете түседі.
Батыс жақта жанған соғыс өрті тұтасып, қып-қызыл күреңденіп, түнгі аспанды едәуір
белдеулеп кетіпті.
Өткел орнында... Әңгіме неше күн біздің, қолымызда турарында сияқты. Осы
қортындымен бөлімімізге қайттық.
Барлау взводының жаңа командирі лейтенант Мирошниктің жаппасына мен сол түні
келдім. Кім екенімді баяндаған соң, лейтенант маған қолын беріп амандасты да.

Мына бір қағазды бітіріп тастайын, отыра тұр, — деді.
Сығырайған білте шамның қылп-қылп еткен жарығымен лейтенант қағазын жазып отыр
да, мен оны анықтап қарап алып, мінезін танығым келіп, қадалып тұрмын. Түнде жүзген
қайықшының отындай әлсіз жылтылдап, ұшып кеткісі келгендей зәресіз қыпылдап,
айнала жұлқынып білте шам жанып тұр; болмашы желден бұға шалқып, лейтенанттың
кескінін анықтатпай қойды. Біресе лейтенант ашық жүзді, кең маңдайлы аққұба жігіт
сияқтанады да, біресе күнге күйген күрең түсті көрініп кетеді. Бірақ ірі денелі, шалқақ
төсті, кең жаурынды, кең маңдайлы, үлкен қара көзді адам екені айқын аңдалады.
Қыпылықтаған кішкене жарықтан лейтенанттың көлеңкесі біресе еңгезердей боп
көтеріліп, жаппаның аласа төбесін жауып кетеді де, біресе мықшиып артына тығылады.
Кейде қойқаң-қойқаң етіп, екі жағына кезек ауытқып қояды. Лейтенант «отыра тұр»
дегенмен отыратын жер болмаған со, мен де тұра бергем. Шамның ойнақтаған жарығы
менің көлеңкемді де лейтенанта қарай төндіріп-төндіріп алады. Әлдеқайдан адасып келіп
кірген көгілдір көбелек кішкентай отты қуалап ойнап, бірге қалтылдап жүріп, ақыры
қанатын күйдіріп алып, қалқып тұрған майға құлап кетті.
Лейтенант Мирошник ағаш жәшіктің үстіне көлденең салған екі тақтайдан құралған
столда отыр. Командир жаппасының аз да болса түрін келтірейін дегендей, стол үстіне сұр
палатка жауып қойыпты. Лейтенанттың астындағысы да ағаш жәшік болу керек, анда-
санда сықырлап қояды.
Мирошник таза киінген көздерінен бір ой кетпейтін, сабырлы адам көрінді. Қалың қара
қастары аз-ақ айқаспай тұр. Жасы отыздан асқан, аға жігіт, бар қалпымен жауынгерге
бірден ұнайтын командир. Өңменіңнен өтердей тесіп бара жатқан көз қарасты мен
өмірімде ұната алған емеспін. Ойың жетпей тұрса, көзіңді тесірейткенмен тереңге бойлай
алмайсың. Мирошниктің ойлана қарайтын үлкен қара кездері маған қатты ұнады. Керексіз
жерде қазбалап, болмашы бірдемені сын көріп, арзаны мен оңайына ұмтылатын адамның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет