Стр. 128 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 127
Стр. 129
Қазақстанның ашық кітапханасы
128
Сен неге енжарлау отырсың? — деді Ревякин, үндемей отырған Зонинға.
—
Ғашығына шығарған өлеңі есіне түсіп отыр білем,— деді, әр кезде қатал әзілдесетін
Петя Ушаков.
Зониннің көздері азғана жасаурағандай, әлденені ежіктеп есіне түсіргендей, жүзінде де
өзгеше бір шырай бар еді.
—
Өлең деймісің? Оны қайдан білдің,?—деп, Зонин біраз кідіріп барып жауап
қайырды.
—
Немене, дәл таптым ба, ойыңды? — деп, Петя тағы қадалды.
Әңгіме тағы да Нинаға кешіп кетер ме екен деп, бәріміз де Петяға ұнатпай бір қарап
қойдық. Жолдасыңның жүрегінде жүрген күрсініс күйін мазаққа айналдыру — ол біздің
жауынгерлердің жақтырмайтын бір мінезі.
—
Ие, таптың, достым,— деді де Зонин қызара бастаған темір пешке кезін қадап алып,
Лермонтовтың атақты бір елеңін бастап кетті:
Скажика, дядя, ведь не даром
Москва, спаленная пожаром.
Французу отдана...
Семен ақырын-ақырын пештен алыстай беріп, ақырында тура келді, ақырындап дауысы да
қатайып барады. Алып денесі аласа жаппаға сыймай, гүждей иықтары төбеге барып
тірелді. Басын амалсыз темен алғандықтан көздері аларып, сүзердей бір бейнеде тұр.
Аласа жаппаға енді даусы да сыймай барады. Төбедегі қарағай бөрененің бірге гуілдей
бастағаны да сезіледі.
Орыс ұлында өтірік ұялшақтық сирек кездесетін мінез. Өлең мен әнге жуықтығы жоқ
шығар деп жүрген Семенымыз кезі келіп қалғанда ұялған да жоқ, қысылған да жоқ,
отаншыл ақынның жалынды жырын кергітіп тұрып айтып берді.
«Сен де ұғын, сен де ұғын!»—дегендей, Семен кезін әрқайсымызға бір қадап қояды. Бұл
енді өзіміз білетін Семен емес, жаңа бір адам, бәрімізден жоғары адам сияқтанып барады.
Әрі таңқалғандай, әрі қызыққандай, бәріміз де аузына қарап қалыппыз. Ойыңдағы
кейістерің мен уайымдарыңды сыпырып айдап тастап, енді ойыңа Отанның құдіретті үні
орнап жатыр. Ескі жырдың жаңа мағынасы билеп әкетіп барады.
... И молвил он, сверкнув очами:
—
Ребята, не Москва ль за нами?
Умремте ж под Москвой...
Ешкім ешбір белгі бермесе де, бұл сөздердің тұсында бәріміз де орнымыздан атып
тұрдық. Әркімнің алқымына да әлдене келіп тіреле қалғаны байқалады.
Ие артымызда Москва! — деп қалды Володя. Көздері жасаурап, жүзі қып-қызыл болып
кетіпті.
— Умремте ж под Москвой,
Как наши братья умирали!
Достарыңызбен бөлісу: |