Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет132/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 131



Стр. 133

Қазақстанның ашық кітапханасы


132

Әкел бері, әкел! — дейді. Әшейіндегі «жолдас аға сержант» дегенді ұмытып кеткен
сияқты. Алысқа ататын зеңбірегіміз осы Семен болғандай-ақ, гранаталарды соның қасына
қарай жиып жатырмыз.
Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мен оған
«төмен түс!» деп қалсаң, бораған оқтың астында тұрып екі гранатасын лақтырып-
лақтырып жіберіп, артымен сырғып окопқа түсті. Не жараланды, не болмаса, тіпті өліп
түсті ме деп қалым ем, сау екен. Гранаталары дәл-дәл түсіп жарылып жатыр.
Неміс автоматшылары абыржып қалды. Оқтары жан-жақты кезіп, жоғары кетіп жатыр.
Тағы да бір-екі граната болар ма еді... Ол бізде қазір жоқ екен.
Жау окобынан екі қызыл ракета атылып, бізді нұсқасындай, аспанға шықты. Бұл бір
қауіпті хәлдің қабары еді... Зіркілдеген танкы дыбысы жақындап келеді. Бізді осы бір
тайпиыңқырап қалған ескі окопта танкы тапай қастаса, шығынсыз қала алмаймыз, әрине.
Шегінген бөлімге берген жәрдеміміз де түкке тұрмайтын болады.

Семен танкы!.. Граната!—дедім, онша байсалды шықпаған ащырақ дауыспен.
Мұным шынында, қатар окопқа бекінген Ревякин естісін деген белгім сияқты еді.

Алға! Жау окобына! — деп жауап қайырды Ревякин.

Алға! Жау окобына!—: деп, мен де атып шықтым, комсомолдар, алға!» деп Володя
Толстов та айғай салды.
Жауынгерлерім әмірді екі айтқызған жоқ, қарғып-қарғып шыға келді. Қатар ұмтылған
Ревякин бастаған бөлім де жүгіріп келеді екен.
Мұндай кезеңдерде кім өжет қимылдаса, сол күшті. Айғай-қиқумен келе жатқан ерлік
екпініне қарсы мылтық ату да оңай болмайды. Таңертеңгі ала-гөлеңде боранмен бірге
боратып жау окобына секіріп-секіріп түстік. Қоңыр көлеңке тар окопта бірме-бір жекпе-
жек басталып кетті. Оларда қысқа-қысқа автомат, бізде күрзідей тиетін бесатар. Сырттағы
танкы дыбысы да, әлдекімнің мылтық атып жатқаны да ешкімнің ойына келер емес. Әркім
өзі алысар жауын тауып алып, айқасып жатыр. Өлмеу үшін —өлтіру керек, жеңу керек.
Керек болса — жеңу үшін ғана өлу керек. Әркім ойында жүрген ыза-кегін осындай
кездесте бір төгіп, бойын босатады. Алысқан жауың көзін біржола жұмып, бұл дүниемен
біржола қоштасты,. бірақ сен оны тағы бір теуіп қалмасаң, жаңа ғана оққа ұшқан
жолдастарыңның кегі қайтпайтын сияқтанады.
Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да. Аз уақыттың ішінде әркімнің көптен
бері кернеп жүрген ызасы бүрк, етіп бұзып шығады да, қорытындысы қолма-қол, алдында
жатады. Мұндай шартта-шұртта командир де жауынгер, о да команда беріп қалтиып тура
алмайды... Автомат бытырлағы лезде тоқтап, енді ырс-ырс еткен алыспен аптыққан
адамдардың дыбыстары ғана қалыпты. Анда-санда жарқ етіп қалған ракета сәулесі —
бейнесі бұзылған беттерді, ағараңдаған тістерді, шатынаған көздері бір көрсетіп қалады.
Ысылдасып, ыңқылдасып, құшақтаса қулап, аударып үстіне шығып жатқан сұр
шинельдер... Біресе шолақ найзаның үнсіз ғана біреудің кеудесіне сып етіп кеткенін аңдап
қалсаң, енді бірде, біреудің маңдайына мылтықтың дүмі сақ еткенін естисің. Әлденемене
бытырлап сынып жатыр. Ашынған, ауырсынған, қалтыраған үндер кезек-кезек естіледі.
Қой арасына кіріп кеткен аюдай, Зонинның алып денесі ерекше көзге түсіп қалады. Оған
жармасып, қарсылық еткен бір жан жоқ сияқты. Екі қолы бос, еркін жайқап жүр. Анда-
санда ракета жарқ етіп қалғанда, Семенның жүзінен өзің шошынғандайсың.. Семен
Толстовпен айқасып қалған біреудің төбесінен мылтығының дүмімен бір нұқып қалды да,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет