Стр. 51 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 50
Стр. 52
Қазақстанның ашық кітапханасы
51
«Ақбота жиырмаға менен бұрын жеткен екен! — деген ой келеді.— Бірақ бақытты бола
алмапты...»
Мен төрт орынды бөлмеде келе жатыр ем. Күйеуі мен Ақбота да сол бөлмеге кез келіпті.
Ашық тұрған есіктен көзім бір түсіп кетті де, қайтып онда кірген жоқпын. Мұндай қызық
халге де кездесіп тұрғаным осы. Дәл қазір көргім келер, сөйлескім келер адамым жалғыз
Ақбота ғана, бірақ қашып жоламаймын. Кеменің бір жағынан жылаған баланың даусы
шықса, мен жылжып екінші жаққа кетем. Инеліктей имиген қушық жаурынды еркек
көзіме түссе, одан әрі жылжи берем. Ойымда жалғыз Ақботаның аты ғана. Өзі де
жақында, бірақ қасына бара алмаймын, қарай алмаймын. Өйткені, Ақботаны көрсем,
онымен бірге күйеуін де көрермін деп қорқам. «Қуыршақ кейде дал-дал болып қирап
қалатын!» деген жаман сөз құлағымнан кетер емес. Ақботаның дауысында әлі қыры
сынбағандық бар. Бірақ ол қаншаға шыдар! Күнделіктің мүжуі мен баланың жөргегі-ақ
қажытады ғой бір кезде. Сонда Ақбота сынады, тағы сынады, тағы сынады! Жібек
тарқатылып жүн болады. Өзіне-өзі өгей жандай, енжар бір күнге кездеседі.
«Шүкір...»— дегенін әрең еститін боласың... Мен осыдан қорықтым...
«Келіп қалдым, қақпаңды аш!»—деп кеме Гурьев қаласына соңғы айғайын салғанда да,
мен алыста жүр едім...
Бұл жаста да теруіңнен көруің кеп. Көп көресің де бәрін башайлап ұғына бермейсің. Балаң
ой көрінгенге айналақтап тұрып қалғанда, көзіңе тағы бір жаңалық ілігеді. Оған көңіліңді
аудара бергенше, кезің қыдырып жүріп тағы бірдемені тауып алады. Көзіңнің әлі
көрмегені көп, көңіліңнің әлі тоқымағаны кеп. Көзің мен көңілің бірдей асығады. Әсер
алмас, айналып өтпес қимылың жоқ.
Кемеге мінерде бар ойым шешеммен кездесудің айналасында еді. Кемеге мінгеннен кейін
ойымды басқа нәрселер аударып әкетті. Көз алдыма Қазақстан келді, балалар үйі келді,
Ақбота кездесті... Ойым шарлап дүние кезіп Шегеннің көргендерін іздеп кетті. Ата-
бабалардың олақтығы мен дәрменсіздігін біраз тексерді. Бірақ жат елдерді тапқан боп,
топырағына аяқ салсам, енді аттауға дәрменім жоқ екен. Алдымда «білмейсің!» деген
жазу тұрады. Жүзе білмейтін адам жағадан кете алмайтыны сияқты, менің ойым да таныс
дүниеден басқадан қорқақтай берді. Кең дүниенің қақпасын ғана көріп қайта берем.
Талпынам да, ұмтылам да, бірақ алдым тұйықтала береді.
Бұл жаста ойың жалығуды білмейді. Әрбір әсер бірін-бірі толқындай айдап, сені де еріксіз
ертіп әкетеді. «Қазір апамды көрем!» деген қуанышты оймен кемеден түсіп ем, көзім оны
ұмыттырып жіберді. Бұрынғы, аяқ бассаң солқылдап, машина өтсе қалтылдап тұратын
ағаш көпірдің орнына, кең Жайықты жалғыз-ақ аттап темір көпір түсіпті. Көк сырлы,
шілтерлі көпір көзіме де түсті, басқа дүниені де ұмыттым.
Еңсесі биік көпір үстінен Жайықтың екі беті кеңірек көзге түсті. Бұрынғы қоңырқай
қаланың кеудесі көтеріліп, Жайықтың екі бетіне де зәулім үйлер орнап қалыпты.
Терезелері күнге шағылысқан қабат-қабат биік үйлер қаланың еңсесін көтеріп, тынысын
кеңейткен сияқты еді. Бұрын қала тұнжырай қарайтын еді, енді кеудесіне ірілік кіргендей,
құнтимай-жұнтимай, өзіне-өзі сеніммен қарайды. Қала биіктегендіктен Жайық кемері
төмен түскен асау толқындары жуасыған сияқты көрінеді. Көпір арқылы үздіксіз етіп
жатқан машина үні әлдеқайда үздіксіз ызыңдаған электр арасының үніне қосылады.
Қаршылдасқан темір үні, адам үніне араласып, қала үстінде белгілі еңбек әні гүжілдеп
тұр. Қала халқы бұрын сұрғылттау киінуші еді, енді ақтылы-көктілі киініп, ақ жарқынға
айналыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |