Стр. 52 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 51
Стр. 53
Қазақстанның ашық кітапханасы
52
Алыста, тынық теңіздің керілген көгілдір төсінде, түтіні будақтаған кемелер көрінеді. Ақ
желкендер бүйірін бұлтитып алып, су бетін сызып, керуендей көшіп барады. Әр жерде
ақырын шұлғып балықшы кемелері тұр. Күн бойы қырдағы Қазақстанды көріп келсем,
енді міне теңіздегі Қазақстанды көріп тұрмын. Қыр теңізі мен су теңізі жалғасып, жеріміз
бен елімізді еске түсіреді.
Апамды үш қабат етіп салынып жатқан жаңа завод құрылысынан таптым. Айдаш
жоғарыда кірпіш қалап тұр да, апам айналмалы лентаға кірпіш салып тұр.
—
Апа!—дедім, бар сағынышымды сол бір ауыз сезбен ғана айта алатындай.
Мені көруден бұрын, дауысымнан танып, апам қолындағы кірпішін түсіріп жіберіп,
айнала қарай бастады. Кірпіш кірпішке соғылып, жарылып қалды. Шешем қатты
құшақтап алып кеудесіне қысқанда ғана шеше байғұстың жайын сирек ойлайтыным есіме
түсті. Мен үшін не көрмеді, неше қайғырмады. Жазған шешенің мені есіне алмай ұйқыға
кеткен күні бар ма? Айдаш деудің орнына күніне неше рет Қайрош деп қалды екен! Өңі
түгіл түсінде бір көрініп кетсем, қандай қуанып қалды екен! Сол шеше үшін мен не
істедім? Түк те істеген жоқпын. Барлық өкініш ойыма енді ғана түсіп тұр.
Мен әзір шешенің бақыты неменеде екенін білмеймін. «Шеше баласының бағын тілейді»
дейді. Мен шеше алдындағы баланың парыз-қарызын да жете ойлаған емеспін. Енді міне,
жайған құшақ жабылып ашылғанша, шешем үшін өңі түгіл түсінде көрмеген бір жұмақ
жасап бергім келіп кетті. Жұмақ деген немене, мен оны да білмеймін ғой. Сондықтан осы
салынып жатқан зәулім сарай менің, шешемдікі болуын тіледім. Кейін, жылдар еткен соң
ғана түсіндім, ол расында да біздікі екен!
Кірпіш жеген қолдар қанша қатқыл болса да, арқама жұмсақ тиіп барады. Әжім
сызықтары көбейе түскен қартаң жүз айнадай айқын. Кірпік-қастарына, иір-иір әжім
сызықтарына тұрып қалған шаң-топырақ сағынған шешенің бір тамырының қылп еткенін
жасыра алмай тұр. Мен «апа!» десем, апам «Қайрошым!» дейді, әзірге неше жылдан бері
сақталған ойымызды айтысуға осы екі-ақ сөз жетіп жатыр...
Апам мені қайта-қайта құшақтап, қайта-қайта сүйеді. Денім сау, иығым қақпақтай. Бар
бойымнан әлі шығын көрмеген жас күш тырс-тырс шертіп тұр. Үстің шаң дегем жоқ, шаң
құшағына кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да. Бала антын шеше құшағында беретін болу
керек. Мен шешемді құшақтап тұрып:
«Сен үшін бұл дүниеде бардын, бәрін істеймін!»— дедім ішімнен. Бәрі деген немене, аз
ба, көп пе, қашан орнатам, қалай орнатам, ол ойыма да кіріп шыққан жоқ. Баланың анты
адалдығында болу керек, адал ант еттім, қашан орындайсың деп, анам осы күнге дейін
сұраған емес. Мен әлі күнге дейін сол антыма берікпін.
—
Құлыным, қозым, кішкентайым!—дейді апам, мені кеудесіне қыса беріп,
«Кішкентайы» еңкейіп, иіліп, әрең құшағына сыйып тұрғанында жұмысы да жоқ. Ана
үшін бала — қашан да бала. Қашан да ана өзін үлкен санайды. Кірпіш жеген ақ алақан
менің басымды қозыны сипағандай сипайды.
Қолына жұқа тері биялай, басына жеңіл жалбағай киген құлағының іші мен танауының
сайларына шаң тұрып қалған Айдаш қасыма келді.
—
Мына жаманның жігіт боп қалғанын қарай гөр! — деп, әуелі иығымнан бір итеріп
қалды да, арқама қақты. Айдаштың қуанғаны менің жігіт болып қалғаным сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |