Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 58 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет57/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 58 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 57



Стр. 59

Қазақстанның ашық кітапханасы


58
Менің осы екі жыл бойы шеше алмай жүрген бір-ақ жұмбағым бар. Ойланып қарасам —
арманым да сол. Екі жылдан бері Ақботаның қайда ұшып кеткенін білмеймін!
Бұл жұмбақ әуелі маған қатты бір ызғар, қайтпайтын кәрмен келді. Армияға алынғаннан
он бес күннен соң біздің рота ұзақ жорықтан қайтып келе жатты. Бүйендей қылып орап
алған шинеліміз арқада. Тер өткен шаң тұрған сыртқы көйлек салтақ-салтақ. Әркімнің екі
жаурынының ортасынан су құйып жібергендей. Орал қаласының көшесін
солқылдатқандай, гүрс-гүрс басып, елеңдетіп келеміз. Жатаққа жақындай бергенде,
қабырғаға жабысып тұрған қара киімдіге көзім түскенмен көңілім тұрақтамай, қақпадан
өтіп кеттім. Мылтығымды орнына қойып, енді жуынуға жүре беріп едім, күзетші мені
шақырып алып:

Қақпа алдында сізді бір туысқаныңыз күтіп тұр. Таңертең келіп еді, әлі тұр,— деді.
Мен қақпадан шыға сала, қара көлеңкеде тұрған адамды танымай тұрып-ақ қолымды
шекеме апарып, әскерше амандық айттым. Туысқаным жауап та қайтарған жоқ, орнынан
қозғалған да жоқ. Таң қалып, жақындай беріп, Ақботаның күйеуі екенін таныдым. Таныс
қара костюм, қапсыра киген көк кепке, таныс қушық кеуде... Мені бас салып, шайнап
тастайтындай тістері ақсиып, көздері алара қарайды.

Қатын қайда? — деді маған туысқаным...

Қайдағы қатын?

Менің қатыным... Ақбота!—деді.— Сен алып қашып кеткен қатын!

Қатыныңызды өзіңіз білетін шығарсыз. Мен қайдан білейін? — дедім, енді амалсыз
күлкім келіп.

Қалжақтама, әкел қатынымды! Сен үшін алған қатын емес! — деді, даусы ысылдай
шығып. Екі қолы артында, бірдемемен періп жібергелі тұрғандай...
Біреу естісе күлер деп ұялып, мен оған ақырын ғана қызыл әскер қатын алып
қашпайтынын айттым. Әскер заңы былай тұрсын жауынгер қатынды қалтасына салып
жүре ме? Түйе қорадай кең бөлмеде елу-алпыс солдат жатады, оның ішінде әйел ұстауға
болмайды дедім.

Мен сенен қайда жатқызып жүрсің деп сұрап тұрғаным жоқ. Қатынымды әкел деп
тұрмын! — деді, бір аттап жақындап қойып.

Ағай, сіз ақмақ болмаңыз өйтіп. Бұл қалжақтың жеpi емес. Бері қалғанда өзіңізге
ұят болады. Қойыңыз, басқа жақтан іздеңіз,— дедім.
Мен оған «сіз» деп сөйлесем, ол мені «сен» деп мұқатып тұр. Ақботаның қашып кеткені
айқын. Ішімнен соған қуанып тұрғандықтан кейбір сезім мазақтағандай, мысқыл аралас
шығады-ау деймін. «Туысқаным» кіжініп:

Мен ақмақ емес, әскерде жүріп қатын алып қашқан сен ақмақ! — деді.

Отағасы, сізбен қалжақтасып тұруға менің уақытым жоқ. Бұл әскер жатағы.
Сенсеңіз, бұл күнәдан қолым таза. Сенбесеңіз, өзіңіз білесіз,— деп, бұрыла беріп ем,
«туысқаным» жағама жармаса түсті. Оң қолы шолтаңдап, шекемді іздеп жүр. Маған оның
тыриған арық қолы жүк болсын ба, қолын қайырып орнына апарып, көйлегінің жағасын
түзеңкіреп беріп ем, «туысқаным» қайтып қолын көтере алған жоқ. Бірақ өлердей ызақор
екен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет