Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 55 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет54/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 55 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 54



Стр. 56

Қазақстанның ашық кітапханасы


55
Елге неге келгенім енді анықталып жатыр. Шешенің жөні біз алдына, оған таластырар
ешкімім жоқ. Бірақ Ақботаны да қатты сағынып келген екемін. Оның тағдыры бір
шытырманға оралып қалғанын көрген соң, енді тезірек қайтқым келіп жатыр. Әрі ойлап,
бері ойлап, Ақботаға өз тағдырымды да жанастыра алмаймын. Қазір әскерге алындым...
Оқуға жіберетін болды.

Жоқ, жігіт болсаң қош дей біл!—деп, өзімді-өзім қайрай бастадым.
Бала шырылы тоқтап, айналаны ұйқы мен түн басқандай. Қала өмірінің, түнгі дем алысы
алыстан ғана ызыңдайды. Ақбота да басын жастыққа енді ғана салған шығар, мен де
басымды жастыққа салып көзімді жұмдым... Мүмкін, екеуміз бір-ақ түс көрерміз...
Үлкен кеште бала адасады, құлын адасады. Көш ілгелі кете береді. Біреу оған мәз, біреу
бұған мәз, енді біреулер адасып қолға түскен құлынға мәз. Ол жалпы көштен қалмайды да,
басқаларша тұра көшпейді де, бар жұрттың қапысын аңдиды. Оған арқа сүйер болатын
тозған жақ әлі тірі. Қапы кетсең болғаны, аузын аямай салады. Ындыны құрыған обыр
ауыз қауып-қауып қалады. Сол ауызға енді Ақбота түсіп кетіпті.
Баланың безектеп жылай беретіні, Ақботаның түн бойы ұйқы көрмейтіні, өз қолымнан түк
келмейтіні, мені үйге сыйғызбады. Тезірек кетуге асықтым.
Мен түнгі кемемен кетпекші едім, апам қой сойып, тоқым қағар жасап, бірталай
үлкендерді шақырыпты. Еңкейіп, сығыранып кемпірлер, күркілдеп, түкірініп шалдар
келіп қалды. Қорыққандай, көзін тас қып жұмып ап, құлақтарына дейін дірілдеп,
үлкендердің алдына бас бара жатыр.
Мен апаммен бірге оңаша отыр едім, ашық тұрған есіктен созылған ақ білек үйдің
ішіндегі әлдекімге қызылшұбар кесе ұсынып тұр екен. Кесенің кімге ұсынылып тұрғанын
да сезгендеймін. Білекті де танығандаймын. Бірақ орнымнан оңай қозғала алмадым.

Саған әкеп тұр, Қайрош, саған,— деді апам.
Сол сөз сүйемел болғандай, орнымнан ұшып тұрып, сүрініңкіреп кетіп, есікке жеттім.
Есіктің аржағы қараңғы, кім ұсынып тұрғанын көрмесем де тану қиын болсын ба, бірден
таныдым. Жұмсақ, жұмыр ақ саусақтарды сипай кетіп, кесені алдым. Кесені сол қолыма
алып, кесе ұсынған ыстық қолды оң қолыммен азғана ұстап тұрып босаттым. Жас
жүректің лыпылдап соққанын да есіткендей болдым.

Уә, қайда кеттің! — деген киіз үйден еркек даусы да шықты, біздің қолымыз да
айрылысып кетті. Қымызды жұта салып, кесені қайырып бергенімде, қолыма тұмаршалап
бүктеген қағаз ілікті... Ақбота табалдырықтың ар жағында, мен бер жағында, бір ауыз
сөзге жарай алмай, үнсіз қоштастық. Ыстық қол қайтып созылған жоқ, шыққан дыбыс та
жоқ, қараңғы түн жұтып жібергендей, Ақбота да жоқ болды. Кең ауланың арғы түкпірінен
кісінеген құлын даусы келді...
Қалтамда сол тұмарша, аузымда сол қымыздың дәмі, құлағымда құлын даусы, басқа
дабырдың бірі құлағыма кірмей, бірталай адаммен кемеге келіп міндім. Көзім кемеге мініп
жатқан жұрттың ішінен әлдекімді іздегендей айнала қарайды. Таба алмайды. Қасында сол
кепкесін бастыра киген сіріңкі қарасы жүрсе де көзіме тағы бір көрінсең-ау деймін. Енді
көрсем, тіл қатуға да жарағандаймын. Хатыңдағы үш ауыз сөзіңе, үш құшақ жауап берер
ем деймін. Бірақ Ақбота көзге түскен жоқ...
Гурьев еңбек қаласы. Күндіз теңіз беті көшкен керуендей, көк толқындарды көлденең
тіліп жөңкілген кемелер. Көшпелі ел түйесін біржола шектіріп, осы ойпатқа біржола


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет