Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 77
Стр. 79
Қазақстанның ашық кітапханасы
78
Алғашқы атып жіберер оғыңның өзін жау кеудесіне дәл тигізердей боп, жер тарпып
тұрмыз. Таңертеңгі бейбіт ойлардың бәрі де жым болыпты. Тез-тез, ықшам жиналып,
жүруге әзірленіп жатырмыз. Әлдеқайдан тез жөңкіліп келіп қалған жүк машиналары
жолдың екі бетіне жарыла тізіліп қалыпты:
—
Асықпаңдар, тез жиналыңдар!—деп, Петр қалжыңдап қояды.
—
Барлық сүйіспеншілік хаттарды, Костя, сіздің колхозға жіберейік. Ең берік орын
сол жақ болар. Түбінде біреуміз тауып алып орынды-орнына жіберерміз,— деп, тағы
біреулер қалжыңдап жатыр.
Бір сағаттан кейін жүк машиналары жөңкіліп жүріп кетті. Сығылыса тиелген
жауынгерлер... Әрбір машина екі жаққа қараған найза ұштарынан кірпідей тікірейіп
көрінеді. Айқыш-ұйқыш құйып тастаған тас жол жыландай иіріледі. Таң ата, кім үшін
әзірленген болсақ, соның қарамағына келдік...
Жар қабаққа тақай салынған тас көпір осы бір күндерде майданның бір тар қылтаңына
айналып кетіпті. Батыстан шығысқа қарай ағылған әскерге аралас көп жұрт көпір аузында
қарбалас жасап, тығындап тастаған екен. Бір ғана бөлімше деп саналатын тоғыз жауынгер
алты сағат алысып, әрең дегенде тәртіпке қол жетіп, міне екі күн бойы шегінген әскер
бөлімдері мен жосыған жұртты өткізіп тұрмыз.
Полковник Озимин біздің көңілімізді көтергісі келіп.
—
Бұл бес күннің ішінде майданның ең ауыр жерінің бірі сол елеусіз көпір болады.
Соғысқа кірмедім деп ренжімеңдер... Соғысты сол жерден-ақ жақсы көрерсіңдер,— деп
еді, айтқаны қате кеткен жоқ...
Айналамыз астан-кестен. Жер бетіне қорасан шыққандай. Дүниедегі бар үн біздің
үстімізге жиналғандай: гүрсілдейді, өкіреді, ұлиды. Аспан біресе жарылғандай, біресе
жыртылып кеткендей, енді бір кезде салдыр-гүлдір құлап келе жатқандай болады. Осы
маңда секіріп түспеген бір тас қалмаған сияқты. Көпірдің қай жерде екенін дәл белгілеп
алған жау самолеттері түн ішінде де келіп, дүркін-дүркін бомбалап кетеді.
Гүжілдеген мотор, өңеші қызарғанша өкірген машиналар, шуласқан, керілдескен босқын
жұрт көпір басындағы айғай-сүреңді қоздыра түседі. Әркімге де тезірек ету керек. Әркім
де әзіне жол берсең ғана тәртіп бар деп таниды. Көпір біреу де, өтем деушілер мыңдар...
Курстан келген жігіттер, бізді бірден-ақ майданға салар, майдан шегіне жеткен соң-ақ
жаумен бетпе-бет келерміз, кім қандай екенін сонда көрерміз деп ойлап едік. Келген күні,
келген сағаттан бастап, өмір мен өлімнің шекарасында болармыз деп едік, онымыз болмай
шықты. Жау әлі шабуылмен келеді. Күн санап мардамсып, ілгерілеген сайын кеудем-
соққа салып, ар-намысты таптап, ел есінен кетпестей қорлық-зорлығымен келеді. Mac
өгіздей, нас шошқадай, басы жеткен жерін артымен ластап келеді.
Біз әлі сырт жұмыстамыз. Азов теңізіне құлайтын елеусіз бір өзеннің, елеусіз бір көпірінде
тәртіп орнатып турмыз. Соғыс қасында тұрып, соғысқа кіре алмағанымызға, антпен
байлаған ерлігімізді көрсете алмағанымызға қынжыламыз да. Әзірге бар істеп
тұрғанымыз, әрбір тәртіпті қалада қалай жүру, қалай тұруды басқаратын милиционердің
ісі. Ұрсатынымыз да, ұрсу еститініміз де өзіміздің адамдар. Мұның қай жерінде ерлік
болмақ, қай ісімен жауынгер сыналмақ!
Қалада бейбіт шақта тәртіп үшін жанжалдасып жатқан адамды сирек көруші едік. Енді,
көпір басында мыңдаған адамның барлығы — тәртіп, тәртіп!—деп айғай салады. Тар ғана
Достарыңызбен бөлісу: |