Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет98/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 98



Стр. 100

Қазақстанның ашық кітапханасы


99

Мен ауызба-ауыз баяндама жасай алмайтынымды білетін едің ғой?

Иә, білем...

Бәріміз де баяндамамызды жазып алмаушы ма едік, мектепте?.. Не болды міне!..
Шатып шатпақтағаннан басқа түк айта алғаным жоқ.

Алдымен мектеп кеңшілігін ұмытқаның жөн,— дедім, жарымы қалжың, жарымы
шын мағына бере сөйлеп.— Сен екеуміз бұл соғыста жазба баяндама жасап жүруге
уақытымыз да бола бермес, еш нәрсені шатыстырған жоқсың, бәрін де айттың.. Маған
айтқаннан асырып айтқаның да болды. Үйрене бер осылай...

Танкылар туралы да айттым ба?

Көп айтқаныңның өзі сол болды.

Өзге жағы қалай шықты?

Өзге жағын айтқан жоқсың...
Володя тұра қалды...

Қысылмай-ақ қой... Бәрін де дәл-дәл айттың,— деп, көңілін жұбаттым. Өйткені,
көңілі тыншымай Володя ұйықтай алар емес еді.... Енді міне, көңілі орнығып, көзі
күлімдеп, қобалжу жоқ, қозғалақ жоқ, маужырап ұйықтап кеткелі жатыр...
Бір кезде бәріміз бірдей оянып кетіппіз. Біреу бүйірімнен түйіп қалғандай болып,
Володяға:

Немене? — дедім. Ол маған:

Сен немене? — деп, жауап берді.

Сенбісің?— деп Семен Володяға қадалып отыр да:

Өзің ғой! — деп Сережаға қарайды.
Бір жаппада жатқан адамның бәрі осылай, біріне-бірі қарап қалыпты.

Жер сілкініп тұр,— деді Володя, бәрімізден бұрын есін жиып.
Білте шам безгек болғандай қалтылдап тұр. Терең қазып, төбесін қабат-қабат бөренемен
жапқан жаппамыздың бұрыш-бұрышынан топырақ суылдайды. Ауруханадағы «құм
сағатының» құмы қалай жылжыса, топырақ та солай жылжып, солай сусиды. Жаппамыз
теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді.
Қатты ұйықтап қалған жастар жақын түскен снаряд даусын естімей, жерді қатты нұқып
қалғанын сезіп оянсақ керек. Жер бізді түйіп қалып оятыпты.
Жүгіріп далаға шыға келсем, үш жерден аспанға атқан шаң-топырақ, өркеш-өркеш болып,
жерге қайта төгіліп келеді екен. Таң атып қалыпты. Өкірген ұлыған, гүрілдеген соғыс үні
үстімізге келіп қалыпты. Немістер оқты қыдырта төгіп, біздің қолдың қай жерде екенін
анықтап жатыр. Жау снарядтары бірте-бірте ілгерілеп, жақын түсе бастапты. Анадай
жерде тұрған сұлу бір қара емен бар еді, ауыр снаряд соның түбіне келіп ұрылды. Емен
шаң-топырақтан көрінбей бір кетті де, аздан соң бар жапырағынан бір-ақ айрылып,
сорайып қалды. Бұл жолы немістер алыстан ұратын зеңбіректермен атып жатыр. Орман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет