Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингi



бет5/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.71 Mb.
#13431
1   2   3   4   5




1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар

1. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн анықталған мемлекеттiк қызметтер санынан стандартталған және регламенттелген мемлекеттiк қызметтердi қамту деңгейi 2010 жылы – 60; 2011 жылы – 90; 2012 жылы – 100.

Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу мониторингi нәтижелерi, нормативтiк-құқықтық база

%

90

Орындалды

93





1.1-мiндет. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Анықталған мемлекеттiк қызметтер санынан Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне енгiзiлген мемлекеттiк қызметтердiң үлесi - 2010 жылы – 60; 2011 жылы – 90; 2012 жылы - 100

ЭДСМ есебi, Мем. қызметтер тiзiлiмi

%

90

Орындалды

81


2012-2014жж арналған РБ қабылдауға байланысты ЭДСМ стратжоспарын түзету шеңберінде 90-нан 80-ге өзгертілді

2. Орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту - 2010 жылы – 2; 2011 жылы – 24; 2012 жылы – 26; 2013 жылы – 26; 2014 жылы – 26; 2015 жылы – 26

Сарап-тау комис-сиясы-ның қоры-тындысы

Мем.

орган-дар саны



24

Орындалды

24





3. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту - 2010 жылы – 1; 2011 жылы – 16; 2012 жылы – 16; 2013 жылы – 16; 2014 жылы – 16; 2015 жылы – 16

Сарап-тау комиссиясының қорытындысы

ЖАО саны

16

Орындалды

16





Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1) Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) функционалдық шолулар жүргізу және мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің оңтайлы көлемін айқындау

Х

Орындалды

Есеп берушілікті белгілеу және мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарлату үшін ынталандыру құру мақсатымен ЭДСМ 2011 жылдың 12 сәуірінде «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ «Салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу» тақырып бойынша зерттеу жүргізу үшін № 51 шарт жасасты

Осы зерттеудің негізгі міндеттері болып табылады:

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің қызметтеріне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу;

- облыстардың (республикалық мәні бар қала, астана), аудандардың (облыстық мәні бар қалалар), аудандық мәні бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауыл (село) округтарының ауыл шаруашылығы, туризм және спорт, төтенше жағдайлар, жер қатынастар саласында жергілікті атқарушы органдардың функцияларын талдау;

- қарастырылып жатқан мемлекеттік басқару салаларындағы (аясында) мемлекеттік органдардың штат саны лимиттерін анықтау критерилері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- орталық мемлекеттік органдардың оңтайлы құрылымы мен санын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зертеудің нәтижесі бойынша көрсетілген мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын тиімді үйлестіру бойынша ұсыныстар әзіренді.

Өткізілген функционалдық шолулар нәтижесі бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне ағымдағы жылдың қаңтарында жіберіледі.





5) Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Х

Орындалуда


Қазақстан Республикасы Президент ӘкімшілігініңБасшысы А. Е. Мусиннің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру жоспарының 9-тармағына сәйкес ЭДСМ 2012 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырылған.

6) Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн кеңейту

Х

Орындалды

ЭДСМ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын түгендеу нәтижесінің негізінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік қызметтер анықтау мәніне қарау жолымен қолданыстығы Мемлекеттік қызмет тізілімін (бес жүзден астам мемлекеттік қызмет) ұлғайтуды көздейтін «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.

Осыған байланысты, қаулы жобасы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне екі рет енгізілген болатыны (ЭДСМ-нің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 20-3/300-Д-40, 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 20-3/300-Д-54 хаттары) атап өту керек.

Сонымен бірге, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 19 қазандағы № 3089-8 қарарына сәйкес мемлекеттік органның қызметін мемлекеттік қызметке жатқызуға заңды бекітілген әдіснаманың жоқтығына байланысты қаулы жобасы пысықтауға қайтарылды.

Жоғары аталғаны ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 10-тармағының 109)-тармақшасы негізінде ҚР ЭДСМ-нің міндетін атқарушының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 354 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасы бекітілді (ҚР Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 қарашада № 7320 тіркелген).

Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасарыда өткен 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 62-18.4 кеңес хаттамасының 2-тармағына сәйкес Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Жоғары аталған хаттамасының 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Жұмыс тобының мүшелелері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «мемлекеттік қызмет» түсінігіне сәйкес келетін барлық қызметтер түрлерін қамтитын Тізілім жобасын пысықтау жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қаулы жобасы Президент Әкімшігінде келісуде.






7) Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын арттыру және оларды ұсыну процестерiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу

Х

ЭДСМ жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттің мәселесі бойынша заңнамалық нормаларды түсіндіргенде қайшылықты және екі мағынаны болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодекстің 34-бабы 1, 3- тармақтарына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2-2, 2-6-тармақтарына, 9-1-бабы 4-тармағына, 15-1-бабы 1, 6-тармақтарына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағы 1-4), 1-5)-тармақшаларына тиісті ескертулерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде енгізуді ұсынылды.

Осы түзетулер мемлекеттік қызмет көрсету үдерістің тұнықтығын қамтамасыз етуге, осы үдерстің сапа жасаушын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ЭДСМ мемлекеттік органдар келісуге ұсынған мемлекеттік қызметтер стандарт жобаларын қарау кезінде мемлекеттік қызметтер стандарттары жобаларында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ең қысқа мерзімі, құжаттардың ең аз саны талап етуге қатысты ұсыныстар енгізіледі.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарының қызметін оңтайландыру мақсатында ЭДСМ-нің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 28-3/12316 хатымен электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерді Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентінің нысанға сәйкес әзірлеу және бекіту бойынша тиісті ұсыныстар жолдады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы №114 өкімімен тиісті Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов кірді.

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында аталған өкімнің 2-тармағына сәйкес Жұмыс тобы (үйлестіруші - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылды.






8) Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу

Х

Орындалды.

ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын орындау мақсатында 40 мемлекеттік органның (24 ОМО және 16 ЖАО) бағалауы өткізілді. Бағалау нәтижелері бойынша қызметтің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.






1.2-мiндет. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуi үшiн қажеттi элементтердi енгiзу

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Стратегиялық және бағдарламалық құжат-тарды мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруға мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық-талдамалық базаны қалыптастыру

Есептік деректер

%

100

Орындалды

100





Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1) Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, салалық бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруға мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық-талдамалық базаны әзірлеу

Х

Орындалды.

017 «Жоспарлау үдерісін басқаруды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу және бағалау үшін ақпараттыжқ-талдамалық деректер қоры әзірленді.






1-1) Негізгі көрсеткіштерді және көрсеткіштердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу үшін сараптық жұмыс тобын қалыптастыру

Х

Орындалды.

ЭДСМ-нің 2011 жылғы 30 қаңтарындағы № 369 бұрығымен бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық индикаторлар негізінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы бекітілді.






2) Мемлекеттік бағдарламалар тізілімін қалыптастыру және реттеу (қажеттілігіне орай)

Х

Орындалды.

Қазақстан Ресепубликасы Президенті Н. Ә. Назабаевтың 2011 жылғы 21 шілдедегі № 62-14.109 қарарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың 2011 жылғы 27 шілдедегі № 22-15/4389 тапсырмасына сәйкес СЖТД «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жарлығының жобасы турлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 09-1/7755 қаулы жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және қол қойылды және белгіленген тәртіпте ҚР ПМК кіргізілді .

Қазіргі уақытта «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 199 Жарлығы қабылданды.





2-1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қалыптастыруға қатысу және іске асырылуын талдау

Х

Орындалды.

Министрлікпен тұрақты түрде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырылуына талдау жүргізіледі.

МЖТД құзыреті шеңберінде 2011 жыл ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жобалары, сондай-ақ 2011 жылға және 2012-2014 жылдарға бюджетті нақтылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобасы қарастырылды және келісілді.





3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарларын келісу

Х

Орындалды.

МЖТД құзыреті шеңберінде 2011 жыл ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жобалары, сондай-ақ 2011 жылға және 2012-2014 жылдарға бюджетті нақтылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобасы қарастырылды және келісілді.






4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының мониторингі және бағалануы

Х

Орындалды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес 2011 жылдың І жартыжылдығының қорытындысына сай Министрлікпен 23 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, 2011 жылдың нәтижесі бойынша – мемлекеттік органдардың 24 стратегиялықжоспарының бақылауы жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын орындау мақсатында 2011 жылы 40 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының бағалауы жүргізілді (24 ОММ және 16 ЖОМ)

Мемлекеттік органдарды бағалау нәтижесі негізінде қызмет тиімділігін арттыру бойынша Іс – шаралар жоспары дайындалды.

2011 жылдың 1 жартыжылдығының нәтижесі бойынша мемлекеттік бағдарламалардың бақылауы жүргізілді:

1) ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттiк бағдарламасы;

2) ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;

3) ҚР тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;

4) 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы;

салалық бағдарламаларды бақылау:

1) 2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз етудің «Балапан» бағдарламасы;

2) 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы;

3) 2009-2011 жылдарға арналған есірткімен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасы;

4) 2011-2015 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы;

5) 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтарды профилактикасы бағдарламасы;

6) 2010-2014 жылдарға арналған ҚР туристік индустрияның перспективті бағыттарын дамыту бағдарламасы.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды бақылау бойынша жалпы есеп ҚР Үкіметіне 2011 жылғы 15 тамыздағы № 12-1/522-Д, 2011 жылғы 31 тамыздағы № 12-1/377-Д, 12-1/522-Д хаттарымен жіберілді.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес 2011 жылғы қорытынды бойынша мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі осы жылдың 1 наурызына дейін мерзімде жүргізіледі.

5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттік активтерін басқару саясаты саласында заңнаманы жетілдіру

Х

Орындалды

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласында:

Министрлік 2011 жыл ішінде «ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 384 қаулысы әзірленді және ҚР Президентi Әкiмшiлiгiне енгізілді. Алайда, ҚР Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 шілдедегі № 1705-11 тапсырмасымен, аталған жоба ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне (бұдан әрі – МЖЖ) егтей-тегжейлі зерделеу жүргізу және талдау жүргізу бөлігінде пысықтауға қайтарылған. Жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау үшін қолданыстағы МЖЖ, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалаудың қорытындысына талдау жүргізілді, оның нәтижесінде МЖЖ толыққанды енгізуге және оның тиімді жұмыс істеуіне теріс әсер ететін бірқатар жүйелі және әдіснамалық проблемалар анықталды. Осыған байланысты, ҚР ЭДСМ-нің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 369 бұйрығымен тиімділіктің шешуші көрсеткіштерін қалыптастыру және халықаралық бәсекеге қабілетті индикаторларды есепке ала отырып аталған көрсеткіштер тізбесін әзірлеу бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу жөнінде Жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының жұмыс нәтижелері бойынша және әзірленген ұсыныстарды ҚР Үкіметінің мақұлдауы бойынша МЖЖ жетілдіру мәселесі жөнінде Жарлық жобасы әзірленеді және ҚР Президентiнің Әкiмшiлiгiне белгіленген тәртіпте енгізілетін болады.

Мемлекеттік активтерді басқару саясаты облсында:

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР-ның 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы қабылданды.

1) «Иелiктен шығаруға жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 6 қазандағы № 1143 қаулысы;

2) «Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидасын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 30 мамырдағы № 604 қаулысы;

3) «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысы;

4) «Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысы;

5) «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң және мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидасын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 20 маусымдағы № 672 қаулысы;

6) «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 13 қыркүйектегi № 1045 қаулысы;

7) «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысы;

8) «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда байқау кеңесiн құру қағидасын, байқау кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесiнiң мүшелерiн конкурстық iрiктеу және олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату қағидасын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 22 маусымдағы № 686 қаулысы;

9) «Байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалау және байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу лимитiн айқындау қағидасын бекiту туралы» ҚРҮ

2011 жылғы 29 шiлдедегi № 876 қаулысы;

10) «Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 376 қаулысы;

11) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 377 қаулысы;

12) «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiстер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 шiлдедегi № 633 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 2 шiлдедегi № 763 қаулысы;

13) «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысы;

14) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 қаулысы;

15) «Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жасау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 30 қыркүйектегi № 1115 қаулысы;

16) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекiту туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 1027 қаулысы;

17) «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлiк қоғамының мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 қаулысы;

18) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 2 наурыздағы № 209 қаулысы;

19) «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»

ҚРҮ 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1403 қаулысы;

20) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» ҚРҮ 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1659 қаулысы;

21) «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардағы корпоративтiк басқаруды бағалау қағидасын бекiту туралы» ЭДСМ-нiң 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығы;

22) «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР ЭДСМ 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 385 және ҚР Қаржыминінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 655 бірлескен бұйрығы;

23) «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын іске асыру жөніндегі есептің құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР ЭДСМ 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 386 және ҚР Қаржыминінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 656 бірлескен бұйрығы.






6-1) ұлттық компаниялардың құрамына кіретін компаниялардың бейінді емес активтері мен функцияларын шығару бойынша талдау жүргізу


Х

Орындалды

Ұлттық компаниялардың құрамына кіретін компаниялардың бейінді емес активтері мен функцияларын шығару бойынша талдау жүргізілді.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша ақпарат ПМК-ға 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №19-2/827-Д хатпен жіберілді.





6-2) Ұлттық компаниялардың және олардың еншілес ұйымдарының басқару аппараттарының қызметтеріне функционалдық талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Х

Орындалды

Ұлттық компаниялардың және олардың еншілес ұйымдарының басқару аппараттарының қызметтеріне функционалдық талдау жүргізілді және олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша ақпарат ПМК-ға 2011 жылғы 18 шілдедегі №20-1/478-Д-3 хатпен жіберілді.






7) Контрактация тәуекелдерiн тәуелсiз бағалау институттарын (рейтингтiк агенттiктердi, кредиттiк бюроларды) және корпоративтiк дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттiктердi) одан әрi дамыту тұжырымдамасын мүдделi мемлекеттiк органдар ұсыныстары негiзiнде әзiрлеу

Х

Орындалды

Есепті кезеңде Контрактация тәуекелдерiн тәуелсiз бағалау институттарын (рейтингтiк агенттiктердi, кредиттiк бюроларды) және корпоративтiк дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттiктердi) одан әрi дамыту тұжырымдамасы әзірленіп 2011 жылғы 25 қарашадағы хатымен ПМК-ға жолданды. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 35 қаулысымен қабылданды.






2-мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру (құпия)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет