1.3-міндет. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
1. Концессиялық жобалар шегінде жеке инвестициялар көлемінің өсуі қарқыны - 2010 жылы – 105,0; 2011 жылы – 105,1; 2012 жылы – 114,7; 2013 жылы – 117,3; 2014 жылы – 132,2; 2015 жылы – 135,4
|
Мемлекеттік органдар есебі
|
Алдыңғы жылға қарағанда %-бен
|
105,1
|
Орындалуда
|
2011 жылы «Шар-Өскемен станциясы» жаңа теміржол желісін салу» концессиялық жобасы шеңберінде концессионер концессия объектісінің құрылысын аяқтауды іске асыру жоспарланды. Объекті құрылысы құнын айқындау бойынша техникалық аудитті жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту мақсатында бүгінгі күні осы бағытта концесионер жұмыстар жүргізіп жатыр.
|
2. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктiң жаңа нысандары бойынша әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық салаларға жеке инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны - 2011 жылы – 104,0; 2012 жылы – 104,4; 2013 жылы – 104,9; 2014 жылы – 105,1; 2015 жылы – 105,3
|
Мем. органдар есебi
|
Алдыңғы жылға қарағанда %-бен
|
104,0
|
Орындалуда
|
2011 жылғы қарашада «Қарағанды қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша Қарағанды облысының әкімшілігі мен «7 PIRAMIT» компаниясы арасында концессия шарты жасалды. Концессия шартымен сәйкес концесионер осы жобаны салуға инвестицияларды 2012 жылға жоспарлап отыр.
ЭДСМ «Концессиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес жыл сайын концессиялық жобалардың іске асырылуының бағалауын іске асырады, соның ішінде бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында. Осылайша, 104 % жету 2012 жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүргізуден кейін айқындалады.
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1) Институционалды инвесторлар қаражаттарын тарту тетiгiн, оның iшiнде базалық инфрақұрылымның капиталды көп қажетсiнетiн жобаларын iске асыру және оларды пайдалану үшiн халықаралық қаржы институттары арасында жаһандық орналастыру арқылы енгiзу
|
Х
|
Орындалды.
2011 жылдың ағымында ҚР Парламентінде «Жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын келістіру жұмысы жүргізілді.
2012 жылғы 12 қаңтарында «Жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріге өзгертулер енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
|
|
2) Жоба бойынша тәуекелдердi төмендету үшiн инвестор-кредиторларға талап ету құқығын беру бойынша болашақ ақша ағымдары түрiнде активтер бөлу жолымен инвесторлар құқығының басымдылығын қамтамасыз ету
|
Х
|
4) Концессиялық заңнаманы жетілдіру
|
Х
|
Орындалды
2011 жылдың ағымында ҚР Парламентінде «Жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын келістіру жұмысы жүргізілді. онда «Концессиялар туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қаралған. Келістіру нәтижесінде бұл Заң Парламент Сенатымен 2011 жылғы 21 желтоқсанда қабылданды.
|
5) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлері мен келісімшарттарын енгізу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдану аяларын кеңейту (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
|
Х
|
Орындалды
Министрлікпен 2011-2015 жылдарға МЖӘ дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін Министрлікпен
«Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңжобасының концепциясы әзірленді. Осы ҚР Заңының концепциясы бірнеше рет ҚР Әділет миніне келісуге жолданған болатын. Келісу нәтижесі бойынша Министрлік 2011 жылғы 28 қарашада одан әрі Заңнама жұмысының мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия қарауына шығару үшін Әділет миніне қайта хат жіберген болатын.
|
|
7) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі тетіктері бойынша жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту
|
Х
|
1.4-міндет. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
1. Сауда ФКИ – 97,5; 2010 жылда – 108,0; 2011 жылда – 112,0; 2012 жылда – 104,1; 2013 жылда – 104,4; 2014 жылда – 105,3; 2015 жылда – 109,5
|
Стат. деректер
|
Алдын дағы жылға қараға нда %-бен
|
112,0
|
Орындалды
114,5
|
|
3. Ашық баға қалыптастыруды арттыру мақсатында тауар айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы сауда операциялары көлемінің үлесін арттыру - 2009 жылда – 0,8; 2010 жылда – 0,8; 2011 жылда – 0,9; 2012 жылда – 1,0; 2013 жылда – 1,1; 2014 жылда – 1,2; 2015 жылда – 1,3
|
Стат. деректер
|
Алдын дағы жылға қараға нда %-бен
|
0,9
|
Орындалуда
|
2011 жылға ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес берілген көрсеткіш бойынша жылдық ақпарат СА-мен ү.ж. ақпан айының соңына жарияланатын болады.
Қазақстанда ү.ж. 1 қаңтарға жағдайы бойынша 347 брокерлік-дилерлік ұйым және 14 тауар биржасы жұмыс істейді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, биржалық мәмілелердің көлемі көтерме тауар айналымының жалпы көлемінен 1,2% құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,8%-ды құрады.
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1) Сауда саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
|
Х
|
Орындалды
Сауда саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында 18 нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылдануы қамтамасыз етілді
Олардың ішінде:
1 – «Сауда қызметін реттеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 3 өкімі;
3- өзге де НҚА (ҚР ӘМ-де тіркелген бұйрықтар).
|
|
2) Қайта өңдеу, қаптау, сауда жабдығын алуды жеңілдікті түрде қаржыландыру арқылы және шағын сауда форматтарын (гипермаркеттер, супермаркеттер, дискаунттер және т.б. түріндегі сауда үйлері) біріктіру арқылы сауда-сатып алу кооперациясы жүйесін құру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру
|
Х
|
Орындалды
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Министрлікпен орнын өтеу бөлігінде кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралдары бойынша ұсыныстар әзірленді:
- жобалық-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық дәйектемені әзірлеу бойынша шығындардың бөлігі;
- сауда жабдығын сатып алуға және айналым құралдарын толтыруға несиелер бойынша шығындар, сондай-ақ жеңілдікті шарттар негізінде негізгі құралдарды сатып алуға лизинг беру.
Көрсетілген ұсыныстар әзірленіп, ЭДСМ-нің 20.12.2011ж №37-1/1452-Д-6 хатымен ПМК-не жіберілді.
|
|
4) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өзгеруін талдау және тиісті ұсыныстарды әзірлеу
|
Х
|
Орындалды
Негізгі азық-түліктік тауарларға бағаларды тұрақтандыру мақсатында Үкімет 2011 жылдың 4 тоқсанына әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне (ӘМТӨ) бөлшек сауда бағалардың шекті мәндерін бекітті (2011 жылғы 4 қарашадағы №1292дсп ҚРҮҚ).
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №48дсп қаулысымен 2012 жылға ӘМАТ-ға бөлшек сауда бағалардың шекті мәндері белгіленді
|
|
1.5.-міндет Экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
1. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала және астананы дамыту Бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу - 2011 жылы – 95; 2012 жылы – 96; 2013 жылы – 97; 2014 жылы – 98; 2015 жылы – 100
|
Мемлекеттік органдар ақпараты
|
%
|
95
|
Орындалып жатыр
|
2011 жылы Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу 95%-ға аумақтық даму бағдарламасының мониторингін жүргізу шеңберінде есептелетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлығына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламаларының жүргізілген мониторингі бойынша жалпы есептері ПМК- ге жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1) Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі
|
Х
|
Орындалды
Министрлік 2011 жылғы шілде – тамызда 2011-2015 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламаларының (АДБ) мониторингі жүргізілді. 2011 жылғы 1 жартыжылдықтың нәтижелері бойынша АДБ мониторингі бойынша жалпы есептер мен қорытындылар Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Кеңсесіне жіберілген. (ҚР ЭДСМ – нің 2011 жылғы 15 ақпандағы 13-1/478–Д хаты).
Мониторинг бойынша жылдық есеп ПМК - ге есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.
|
|
4-1) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мониторингін және талдауын жүргізу
|
Х
|
Орындалды
Министрлік 2011 жылғы 27 қазаннан 11 қараша аралығында барлық облыстардың әкімдіктері ұсынған әлеуметтік-экономикалық дамуының төмен және жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің тізбесін (бұдан әрі – АЕМ) қарастыру мен келісуді жүргізді.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жүргізілген АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму мониторингісінің қорытындысы бойынша 2011 жылғы 15 қарашадағы жағдайы бойынша жалпы республикада 6936 АЕМ, оның ішінде жоғары әлеуеті бар АЕМ – 1310 дана, орташа – 5192, төмені – 409 және халық тұрмайтын – 25 есепте бар.
Келісілген Тізбелерді Экономикалық даму және сауда министрлігі облыстардың әкімдіктеріне, оларды одан әрі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша ВАК – тың кезекті отырысында бекіту үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыну үшін жіберілді.
|
|
2-мақсат. Әлемдiк сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерiн жылжыту мен қорғаудың тиiмдi және жедел жүйесiн құру
|
Нысаналы индикаторлар
|
|
|
|
|
|
1. 2009 жылғы сыртқы сауда айналымының өсу темпі – 66,0; 2010 жылы – 112,1; 2011жылы – 112,1; 2012 жылы – 105,9; 2013 жылы – 105,6; 2014 жылы – 103,7; 2015 жылы – 109,5
|
Стат. мәліметтер
|
% бұған дейінгі жыл
|
112,1
|
Орындалды
125,4
(2011 жылғы қаңтар-қараша)
|
Аталған индикатор бойынша толық жылдық ақпаратты ұсыну 2012 жылдың ақпан айында ҚР ҚМ КБК сәйкес ресми мәліметтер жариялағаннан кейін мүмкін болады
|
-
2009 жылғы орташа еспептелген сауда тарифтік ставкасы – 6,2; 2010 жылы – 10,6; 2011 жылы – 10,6; 2012 жылы – 10,6; 2013 жылы – 10,3; 2014 жылы – 10,1; 2015 жылы – 10,1
|
Стат. мәліметтер
|
% кедендік кұн
|
10,6
|
Орындалды
10,6
|
Кеден одағы комиссиясы www.tsouz.ru сайтының ресми мәліметтері бойынша
|
2.1-мiндет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Кеден одағының құқықтық база-сын қалып-тастыруды аяқтау - 2009 жылы – 13; 2010 жылы – 23; 2011 жылы– 2; 2012-2015 жылы – Кеден одағын қалыптастыру жөнінде келісу үрдісі нәтижелері бойынша
|
Нормативтік-құқықтық база
|
Келі-сімдер саны
|
2
|
Орындалды
3
| -
2011 жылғы 19 қазандағы № 95 шешімімен Кеден одағы мүшелері-елдерінің кеден одағының талдаулық және бақылаушы функцияларын іске асыру үшін ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру туралы Келісім қабылданды.
-
2011 жылғы 19 мамырдағы № 87 шешімімен Кеден одағының көпжақты сауда жүйесінің шегінде әрекет етуі туралы Келісімшарт қабылданды.
-
2011 жылғы 22 маусымдағы № 687 шешімімен ЕурАзЭҚ шегінде Кеден одағы кеден аумағына лицензияланытын тауарларды кіркізу және шығаруды кеден органдарымен бақылаудың біріңғай тәртібі туралы Ереже бекітілді.
|
2. Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кеден баждарының ставкаларын біріздендіру - 2009 жылы – 38,8; 2010 жылы – 96,0; 2011 жылы – 96,0; 2012 – 97,0; 2013 жылы – 99,0; 2014 жылы – 99,0; 2015 жылы – 100,0
|
Нормативтік-құқықтық база
|
%-бен үлес
|
96,0
|
Орындалды
96,0
|
Кеден одағы Комиссиясы сайтының ресми мәліметтері бойынша www.tsouz.ru
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1) Кеден одағын қалыптастыру жөнінде келіссөздер жүргізу
|
Х
|
Орындалды
Есепті кезеңде Кеден одағы комиссиясының 10 отырысы, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 5 отырысы өткізілді
|
|
2) Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу механизмдерін қолдану бойынша ұсыныстарды қалыптастыру
|
Х
|
Орындалды
КОК берілген өкілдігі шеңберінде шешімдерді мүмкіндігінше қабылдауда тауарлардың кейбір түрлеріне қатысты (маторлы және өздігінен жүре алмайтын теміржол вагондарын, ұн-жарма өнімдерінің жекелеген түрлерінің, мата емес материалдардың, астықтың жекелеген түрлерін және т.б.) кедендік баж ставкасын өзгерту, сондай-ақ басқа да кедендік-тарифтік реттеу шаралары, сияқты тарифтік жеңілдік пен квотаны бөлу қарастырылған
КОК қабылданған шешімдерінің іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне сәйкес 2011 жылы қабылданды, еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квотаны қолдану, Қазақстан Республикасы аумағына шикі қант әкелу, жылыжай, полиэтилен және алюминий фольгасын әкелу, жеңіл автомобильдерді уақытша негізде әкелу мәселелері қамтылатын болады.
Бұдан басқа, «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысы негізінде Министрлікпен тоқсан сайын мұнай шикізатының әлемдік нарығы орташа бағасы туралы айсайынғы ақпарат негізінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған экспорттық кедендік баж ставкасы қайта қаралады.
Ішкі нарық үшін аса маңызды болып табылатын азық-түліктер немесе олардың тауарларын ішікі нарыққа сақтап калу немесе критикалық жетіспеушілік басылуы мақсатында сыртқы сауданы реттеуде қабылданатын тарифтік емес шаралар саласында, Қазақстан аумағынан жеңіл сүзгіш, керосин және газды әкелуге уақытша тыйым және өсімдік майларының жекелеген түрлерін уақытша әкелуге тыйым 2011 жылы белгіленді
Сонымен қатар, 2010 – 2019 жылдар кезеңінде кедендік әкелу бажын өндіруден босатылуы Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіпті өңдеу үшін шикі қамыс қантын әкелуге рұқсат етіледі, сондай осы шикізаттан өндірілген дайын қаттың құнына оң ықпал етеді.
Отандық ет өндірушілерді қорғау мақсатында бір жағынан оң бағамен тауық, сиыр және шошқа еттерімен халықты қамтамасыз ету, басқа жағынан еттің жекелеген түрлеріне арналған тарифтік квота тетігі қарастырылған.
Кеден одағы комиссиясы кедендік әкелу бажына жеілдетілген ставка бойынша кеден одағына қатысушы елдерден етті импорттауға арналған тарифтік квота енгізілген.
Сондай-ақ, 2011 жылдың қорытындысы бойынша кедендік тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану мәселелері бойынша КОК 112 Шешім қабылданды.
|
|
2.2-мiндет. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыруды аяқтау
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау – 2010 жылы - 17, 2011-2015 жылдарда - Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөнінде келісу үрдісінің нәтижелері бойынша
|
Норма-тивтік-құқық-тық база
|
Келі-сімдер саны
|
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөнінде келісу үрдісінің нәтижелері бойынша
|
Орындалды
2
|
БЭК-ті қалыптастыратын Келісімдерді іске асыру мақсатында Құжаттарды әзірлеудің күнтізбелік жоспарына сәйкес мемлекеттер аймағында есептік жылға ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жүргізілуі туралы әр жақты хабарландыру нысаны бекітілді.
Сондай-ақ 19.10.2011ж. № 96 шешіммен мыналар қабылданды:
- 09.12.2010 жылғы Валюталық саясаттың келісімді қағидаттар туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің келісімді валюталық саясаты туралы шарт;
- валюталық бақылауды жүзеге асыратын 09.12.2010 жылғы Валюталық саясаттың келісімді қағидаттар туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара әрекет етуі туралы шарт.
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1) Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша келіссөздерді жүргізу
|
Х
|
Орындалды
Есепті кезеңде Кеден одағы комиссиясының 10 отырысы, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 5 отырысы өткізілді
|
|
2.3-мiндет. Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. ДСҰ-ға кіру бойынша Жұмыс тобына мүше – мемлекеттермен екіжақты келіссөздерді аяқтау – 2009 жылы – 1; 2010 жылы – 2; 2011 жылы – 3; 2012 жылы – 3
|
Нормативтік құқықтық база
|
Хаттамалар саны
|
3
|
Орындалды
3
2011 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша АҚШ-пен екіжақты келіссөздер өткізілді, оның қорытындылары бойынша АҚШ-пен қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаға қол қойылды.
2011 жылғы 10-13 қазан аралығында Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша ЕО-пен екіжақты келіссөздер өткізілді және қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаға қол қойылды
2011 жылы 14 желтоқсанда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Гватемала Республикасымен екіжақты келіссөздер аяқталды және сәйкес хаттамаға қол қойылды.
|
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен Кеден одағы шеңберінде міндеттемелерін ескере отырып келіссөз жүргізу позициясын қалыптастыру
|
Х
|
Орындалды
2011 жылғы 11 тамызда «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен жасалған № 95 келісімге сәйкес Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шеңберінде келіссөз жүргізу позициясын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Бұдан басқа, өткізілген зерттеу шенберінде әзірленген Министрлікпен Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне импортталатын өнімдерге санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар ақпарат және жұмыста қолдану үшін жіберілді.
Сонымен қатар, өткізілген жұмыс шенберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Жұмыс тобының Баяндама жобасын дайындау жөнінде келесі хат алмасулар жүргізілді:
-
ҚР МГМ 2011 жылғы 3 шілдедегі №15-1/749-И хаты;
-
ҚР ЕӘҚМ 2011 жылғы 18 шілдедегі № 15-1/779-И хаты.
|
|
2) Мемлекеттік органдардың қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның басты келісімдерімен сәйкестендіру жұмыстарын бақылау
|
Х
|
Орындалды
Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның басты келісімдерімен сәйкестендіру жұмыстары шеңберіндегі есептік кезенде келесі құжаттар қарастырылды:
- «Техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» ҚР Заң жобасы.
- «Шарап ашыту өнімдері. Терминдер және анықтамалар туралы» Қазақстан Республикасының стандарт жобасы (3.05.2011ж. № 03/738).
- «Автомобильдік бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздік талаптары туралы» ЕврАзЭҚ техникалық регламенттерін қабылдау Келісіміне қол қою туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы (19.05.2011ж. №03/780).
- «Ағаш конструкциялары. Темір бекітулері бар перфорацияланған заудтық өнім конструкция элементтеріне қойылатын талартар туралы» Қазақстан Республикасының стандарт жобасы (19.05.2011ж. №03/780).
- «Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламент жобасы (5.05.2011ж. №03/743).
- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Б. Сұлтановтың гендік-модификацияланған мәдениетті қолдану мәселелері жөніндегі хаты (16.05.2011ж. №03/765 ).
- «Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану саласында белгілі бір әкімшілік құқық бұзушылықтар және құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті анықтау бөлімінде Кеден одағына мүше-мемлекеттер заңнамасын үндестіру туралы Келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы (28.05.2011ж. № 03/795).
- «Бидай қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламент жобасы (11.05.2011ж. №03/756).
- «Бидай қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭҚ техникалық регламент жобасы, сонымен қатар «Бидай қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭҚ техникалық регламент қабылдау жөніндегі Келісім жобасы (10.05.2011ж. № 03/781).
- «Машина және жабдықтау туралы» Кеден одағының техникалық регламент жобасы (15.07.2011 ж. № 03/895).
- «Жемістерден жасалған шырын өнімдерінің техникалық регламенті» Кеден одағының техникалық регламент жобасы (26.07.11ж. №03/921).
- «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Жем және жем қоспаларының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламент жобалары, «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭҚ техникалық регламент жобасы (25.07.11ж. № 03/916 и 03/915).
- РФ кеден органдарымен Кеден одағының сыртқы шекара ресейлік участкесінде санитарлы-карантиндік, ветеринарлық және карантинді фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламентеу туралы» РФ Үкіметінің қаулысы (23.08.2011 ж. №03/1002).
- РФ-мен сприт ішімдіктеріне қатысты шектеу шараларын қолдану бойынша «Экспорт және инвестициялар бойынша «KAZNEX INVEST» Ұлттық агенттік АҚ-ның хаты (10.08.11ж. № 07/958).
- Сәйкес аймақтағы эпизоотикалық жағдайды бағалай отырып орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорт және экспортқа рұқсат беру ережелері.
- Мемлекеттік ветеринарлы-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырудың, сонымен қатар, жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, қайта өндеу және жануарларды, жануар өнімдері мен шикізатты өткізуді іске асыратын өндіріс объектілерінде жануарлар, жануар өнімдері мен шикізаттың экспорттаушылар (импорттаушылар) қоса алғанда ветеринарлық нормаларға сәйкестігін анықтау ережелері.
- Қазақстан Республикасы территориясында орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орын ауыстырудың (тасымалдау) іске асыру ережелері.
Сондай-ақ, Келісім жобасының мәтінінде ЕврАзЭҚ Хатшылығы мен мемлекеттік органдардың интернет ресурсында қабылданған техреламенттерді орналастыру бөлімінде ұлттық заңнаманы ЕврАзЭҚ техрегламент нормаларымен сәйкестендіру, сонымен қатар Тараптардың дауларды реттеу бойынша ескертулер болды.
Бұдан басқа, қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның басты келісімдерімен сәйкестендіру бойынша ӘМ, ДСМ, АШМ, ИЖТМ-мен жұмыстар жүргізілді.
|
|
3) ДСҰ-ға кіру бойынша Жұмыс тобына мүше – мемлекеттермен екіжақты келіссөздер жүргізу
|
Х
|
Орындалды
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөз жүргізу үдерісін аяқтау мақсатында келесі келіссөздер жүргізілді:
-
Еуропалық одақ (ЕО)
2011 жылғы 24-25 қаңтар аралығында Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Қазақстан Республикасы экономикалық интергация істері Министрі Ж.Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша ЕО-пен екіжақты келіссөздерді жүргізді.
2011 жылғы 3-4 наурызда Брюссель қаласында қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша ЕО-пен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасы Ө. Шөкеевтің қатысуымен екіжақты келіссөздерді жүргізді.
Сонымен қатар, 2011 жылғы 28-29 маусым аралығында Брюссель қаласында 12-ші «Қазақстан Республикасы - ЕО» әріптестік кеңесі шеңберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша екіжақты келіссөздерді жүргізді.
2011 жылғы 10-13 қазан аралығында Брюссель қаласында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша ЕО-пен екіжақты келіссөздерді өткізілді.
2011 жылғы 17-18 қараша аралығында Брюссель қаласында ДСҰ шеңберінде Қазақстанның экспорттық кеден баждарын қолдану мәселесі бойынша ЕО-пен екіжақты келіссөздерді өткізілді.
2. Сауд Арабиясы
2011 жылғы 28 қаңтарда Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жиналысында (ДЭФ) Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімов пен Сауд Арабиясының Сауда және индустрия министрі А.З.Алирезбен Қазақстан Республикасы экономикалық интергация істері Министрі Ж.Айтжанованың қатысуымен екіжақты кездесу өтті.
2011 жылғы 3-5 мамыр аралығында 4-ші Астаналық экономикалық форум шеңберінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы экономикалық интергация істері министрі Ж.Айтжановамен тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздер өткізілді.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) ДСҰ-ның 8-ші Министрлік конференциясы шеңберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Қазақстан Республикасы экономикалық интергация істері Министрі Ж.Айтжанованың басшылығымен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Сауд Аравия Корльдігі өкілдерімен екіжақты кездесуі өтті.
3. АҚШ
2011 жылғы 12 сәуірде Женева қаласында қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді.
2011 жылғы 23-27 мамыр аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
2011 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасы экономикалық интергация істері Министрі Ж.Айтжанованың басшылығымен Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері бойынша АҚШ-пен екіжақты келіссөздер өтті.
-
Республика Гватемала
2011 жылғы 16 қарашада Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) қазақстандық тауарлар нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Женева қаласында ДСҰ-ның 8-ші Министрлік конференциясы шеңберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша екіжақты келіссөздер аяқталды және сәйкес хаттамаға қол қойылды.
|
|
|