Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингi


-мiндет. Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн халықаралық нарықтарда позицияландыру



бет4/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.71 Mb.
#13431
1   2   3   4   5

2.4-мiндет. Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн халықаралық нарықтарда позицияландыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Экспорттың географиясын кеңейту - 2009 жылда – 87; 2010 жылда – 89; 2011 жылда – 91; 2012 жылда – 93; 2013 жылда – 95; 2014 жылда – 97; 2015 жылда – 100


ҚМ КБК дере ктері

Елдер саны

91

Орындалды

91





2. Ресей Федерациясындағы қазақстандық өнім экспортының өсімі (мұнаймен және газбен жабдықтау көлемін ескермегенде) - 2009 жылда – 43,5; 2010 жылда – 142,0; 2011 жылда – 130,0; 2012 жылда – 132,0; 2013 жылда – 134,0; 2014 жылда – 134,0; 2015 жылда – 135,0

ҚМ КБК деректері

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

130,0

Орындалды

148,9


(2011 жылғы қаңтар-қараша)


Аталған көрсеткіш бойынша жылдық ақпараттарды ұсыну ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің 2012 жылғы ақпандағы ресми деректеріне сәйкес мүмкін болады



Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1) Қазақстан Республикасының халықаралық көрмелерге, конференцияларға, форумдарға қатысуын ұйымдастыру

Х

Орындалды

Мүдделі мемлекеттік органдарының, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің және шетелдік өкілдіктердің бірлескен қызметімен Қазақстан Республикасының халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда қатысуы және ұйымдастыруы жүзеге асырылуда, мәселен:

1) 2011 жылдың 3-4 мамырында 4-ші Астаналық экономикалық форум өткізілді;

2) 2011 жылдың 12-13 мамырында Астана қ. Орталық Азияда және ТМД елдерінде қалпына келетін энергия көздерін дамыту жөнінде Аймақтық конференция өткізілді;

3) 2011 жылдың 31 мамырында, Алматы қ. EUROBAK қауымдастығы мүшелері үшін дөңгелек үстел өткізілді;

4) 2011 жылдың 7-9 маусымында Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өткізілді;

5) 2011 жылдың 8 маусымында Вена қ. (Австрия) Еуропа және Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум өткізілді;

6) 2011 жылдың 14 маусымында Париж қ. (Франция) Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 149-шы сессиясы өткізілді, онда EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласы өтінімінің бірінші тұсаукесері өткізілді.






2) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігінің қазақстандық кәсіпорындардың өз тауарларын ресейлік нарыққа жылжытуына жәрдемдесуі

Х

Орындалды

Ресейдегі Қазақстанның Сауда өкілдігі ресей нарығына қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелері бойынша шараларды «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-мен әріптестік шеңберінде жүзеге асыруда.

Осылайша, 2011 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ атына ресейлік компаниялар үшін қоқыс (қалдықтар), темір-кен, марганец кені, концентрат экспортына, қазақстандық шикізат, материалдар мен жинақтауыштардың экспортына өтінімдер жіберілді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы өңірлерінде сату үшін қазақстандық тауарларды сатып алуға ресейлік сауда желілерін тарту бойынша 2010 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бұл үстіміздегі жылы аса ірі сауда желілерінің бірі «Магнит» жалпы сомасы 300 млн. ресейлік рубльге жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға қазақстандық өндірушілермен келісім-шарт жасасты.

2011 жылғы 13 қазанда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде Мәскеу қаласында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның, «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның Бөлшек сауда компаниялар қауымдастығымен, сондай-ақ ірі ет өңдеуші кәсіпорындардың, сауда-үлестіру орталықтарының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Осылайша, бірқатар ресейлік ірі тұтынушылармен жылына жалпы сомасы 40-50 мың тонна қазақстандық өндірілген етті жеткізу туралы бастапқы уағдаластық бар.

2011 жылы 27 сәуірде Мәскеу қаласында «Қазақстанның инвестициондық климаты» конференциясы өткізілді. 2011 жылы 23 қыркүйекте Мәскеу қаласында инвестициялық жобалардың, Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының, Қарағанды облысының және Павлодар облысының экспорттық әлеуетінің тұсаукесері өткізілді.





3) Қазақстан экономикасына Ресейден инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігінің конференцияларды, тұсаукесерлерді ұйымдастыру және өткізу

Х

Орындалды

«АгромашХолдинг» АҚ мен «Қазақстандық тұрғын-коммуналдық шаруашылықты модернизациялау және дамыту орталығы» АҚ жүргізген шаралар нәтижесінде бірқатар ресейлік компаниялармен әріптестік туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Берілген шара Туризм жөніндегі Федералды агенттігі мен Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамыту бойынша басқармасы арасындағы өзара әріптестікке және туризмді дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға бастама болды.

«Эвалар» ресейлік фармацевтикалық компаниясы сірінді өндіру үшін Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданынан бұғы мүйізін сатып алмақшы.

Мәскеу қ. Д.И. Менделеев атындағы Ресей Мемлекеттік Химиялық-Технологиялық университеті профессорының сирек кездесетін элементтер базасында өнім өндіретін ЖОО мен кәсіпорындармен соңғы оң жылда жоғалған ғылыми байланысты жаңа деңгейде қалыпна келтіру туралы ұсынысы, сондай-ақ Мәскеу қ. Шығыс-Қазақстан облысынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей Мемлекеттік Химиялық-Технологиялық университетіне жастарды оқуға жіберу туралы ұсынысы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысында және жалпы Қазақстанда «Қалпына келетін энергия көздерінің орталығы» Мәскеу Энергетикалық институтының басшысы, Техникалық ғылымдар докторының күн энергиясының негізінде жылу мен электр қуатын өндіру кезінде қолданылатын элементтер өндірісі үшін бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорындарды құру туралы инновациялық ұсынысты енгізуге белгілі бір перспективалар бар.





4) Өндірістік байланыстарды қалпына келтіру және халықаралық сауданы. дамыту үшін Электрондық ақпараттық-маркетингтік орталықты құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Х

Орындалды

Техникалық тапсырмаға сәйкес 2011 жылға «Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық-маркетингтік орталығы» техникалық тапсырмасына сәйкес АМО АЖ-нің Беларусияның ұқсас ақпараттық жүйесімен сынақ интеграциясы жүргізілді. ТМД-ның 20-жылдығына арналған Көрмені өткізу шеңберінде 2011 жылдың 29 маусымында Мәскеу қаласында ЭДСМ Сауда комитеті және БР СІМ «Ұлттық маркетинг және баға конъюнктурасы орталығы» МБКИ сәйкес меморандумдарға қол қойды.

Заңнамамен белгіленген тәртіпте АМО АЖ-нің бағдарламалық жабдықтауының және және бағдарламалық қамтамасыздандырудың сертификациясы, НТҚ-ға сараптама, сынаулар жүргізу және Қазақстан Республикасының стандарты және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке берілген ақпараттық жүйенің аттестаттауы қамтамасыз етілді (18.11.11 жылғы НТҚ сараптама және сынаулардың № 02-11 хаттамасы, жабдықтауға және бағдарламалық қамтамасыздандыруға 8 сәйкестік сертификаттары, АҚ сәйкестігіне аттестат АБМ-нен күтілуде). Сондай-ақ, АМО АЖ ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік регистрінде тіркелді (14.10.11 жылғы № 545 куәлік).

АМО АЖ функционалы көрсетілді және АБМ сәйкес профильдік ұйымдарының өкілдерімен және ұлттық сауда және бизнесті дамыту институттарымен келісілді (2011 жылғы 29 маусымдағы және 27 желтоқсандағы көрсетілім хаттамалары).






5) Астана қаласында Экспо-2017 өткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізу

Х

Орындалды

2011 жылдың 10 маусымында Халықаралық көрмелер бюросына ЕХРО-2017 өткізуге Қазақстанның ресми өтінімі берілді.

2011 жылдың 14 маусымында Париж қ. (Франция) Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 149-шы сессиясында ЕХРО-2017 өткізуге Қазақстан өтінімінің бірінші тұсаукесері өткізілді.

2011 жылы Қазақстанның ішінде халықаралық алаңшалар базасында EXPO-2017 жобасы бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстары жүргізілді. Бұл Астаналық экономикалық форум, Инвестициялық форум, Еуропалық қайта құру және даму банкінің жылдық жиналысы, Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Еуропалық болашақ энергиясы форумы; сондай-ақ Қазақстандағы Еуропа компаниялары қауымдастығының Дөңгелек үстелі, Орталық Азия және ТМД елдерінде қалпына келетін энергия көздерін дамыту бойынша аймақтық конференция секілді қоғамдық алаңшалар.

2011 ж. қыркүйек-қазан айларында Қазақстанның ЖОО мен мектеп оқушылары арасында ең үздік ұран үшін конкурс өткізілді. Конкурстың қорытындылары 2011 ж. 12 желтоқсанында шығарылады.

Сонымен қатар, бес тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан) www.expo2017astana.com арнайы интернет-ресурсы қызмет етеді.

ХКБ Бас Ассамблеясының 149-сессияда көрсету үшін 2 бейне-ролик және 150-сессияда көрсетуге арналған 3 бейне-ролик шығарылды.

Қазақ-орыс және ағылшын-француз тілдерінде арнайы кітапша басылып шығарылды, сондай-ақ бұқаралық шараларға арналған ақпараттық флаер шығарылды.

Халықаралық шараларда (Астана қ. және шетелде), сондай-ақ облыстар мен Алматы қ. әкімдіктерінің аймақтық шараларында таратылатын кәдесый өнімдері шығарылды.

2011 жылдың 22-23 қарашасында ХКБ Бас Ассамблеясының 150-сессияда ЕХРО-2017 өткізуге Қазақстанның өтінімінің екінші тұсаукесері өткізілді.

2011 ж. 28 қарашасы – 1 желтоқсанында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы В. Лоссерталестің Астана қаласына екінші сапары өтті.

Өтінім мәліметінің жобасы әзірденді, Халықаралық көрмелер бюросында оны әрі қарай көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен, ҚР Үкіметімен келісілді.






6) "Экспортер" мамандандырылған журналын шығару

Х

Орындалды

№1 мамыр, №2 шілде, №3 қыркүйек, №4 қараша «Экспортер» мамандандырылған журналының төрт номері шығарылды, олардың жалпы тиражы 8000 дананы құрайды.






7) Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігінің құзыретті өкілдері арқылы қазақстандық тауарлардың экспорттық жылжуы бойынша Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жұмыс

Х

Орындалды

2011 жылдың тамыз айында Свердловск облысы бойынша өкілетті Сауда өкілдігінің белсенді көмегімен Алматы қаласында жаңа кәсіпорынның – жалпы құны 350 миллионов рубльге тең Алматы қ. Екатеринбург «Құбырлық оқшаулау зауыты» өкілдігінің ресми ашылуы және енгізілуі жүзеге асырылды. Бүгінгі күні кәсіпорын 400 км. құбыр өндірісіне қазақстандық коммуналдық кәсіпорындардан тапсырыс алды.

Сондай-ақ, берілген шара шеңберінде РФ Свердловск облысының басшылығымен келіссөздер жүргізу барысында Астана қ. қуаты 300 мың тонна электрлік-дәнекерлеу құбырларының өндірісі бойынша зауыт салу туралы келісімге қол жеткізілді. Берілген жобаны жүзеге асыру шеңберінде қазақстандық экономикаға тартылған ресейлік инвестициялардың көлемі шамамен 60 миллион АҚШ долларын құрады.

2011 жылы Алтай өңірі бойынша РФ-да ҚР өкілетті Сауда өкілдігінің М.С. Бекмуратовтың көмегімен «Семей ет комбинаты» ЖШС, «Көкшетау ет комбинаты» ЖШС, «Щучинск ет комбинаты» ЖШС және «Қарасу-Ет» ЖШС еттерін және Сібір қаласындағы басқа да тамақ өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.

2011 жылдың 27-нен 30 қарашаға қарайғы кезеңде Свердловск облысы бойынша өкілетті Сауда өкілдігінің бастамасы бойынша «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірлесе қазақстандық кәсіпорындардың Екатеринбург қаласына сауда миссиясы ұйымдастырылды.

Қазақстандық жақтан сауда миссиясына машина жасау, тамақ саласы, медициналық жабдық және фармацевтика, құрылыс материалдарының өндірушілері қатысты. Қазақстандық экспортерлер Ресей компанияларымен бірқатар келіссөздер жүргізді, оның нәтижесінде әріптестік бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазіргі таңда Самар облысы бойынша Өкілетті Сауда өкілдігі А.А. Жолдыбаев өтінімінің негізінде Самара (РФ) қ. кәсіпорындары үшін қазақстандық күрішті жеткізу мәселесі шешілуде, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Тараз қ. «Суйеркулов» сауда базасы» ЖК үшін РФ аумағында 2011 жылғы астықтың кең ассортиментінде жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу үшін сатып алушыларды іздеу жұмыстары жүзеге асырылуда.





8) Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен, Ресей нарығына қазақстандық тауарларды экспорттық жылжыту бойынша ассоциациялармен және ритейлорлармен жұмыс

Х

Орындалды

Ресейдегі Қазақстанның Сауда өкілдігі Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен және аймақтық сауда-өнеркәсіптік палаталарымен (СӨП) іскерлік байланыс орнатты. Мәселен, 2011 жылдың наурызында Қазақстанның инвестициялық климаты мен экспорттық әлеуеті туралы ақпарат аймақтық кәсіпорындар арасында тарату мақсатында Ресей аймақтарындағы 76 СӨП-ке жіберілді.

РФ СӨП өкілдері Сауда өкілдігі ұйымдастырған барлық шараларға белсенді қатысады, оның шеңберінде оларға Қазақстанның экспорттық өнімі туралы, мемлекеттік ірі кәсіпорындары-экспортерлері, елдің жекелеген аймқтарының экспорттық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстанның басымды инвестициялық жобалары туралы ақпарат беріледі.

Есептік кезең үшін Қазақстанның инвестициялық климаты мен экспорттық мүмкіндіктерінің тұсаукесері Сауда өкілдігімен РФ СӨП-мен ұйымдастырылған келесі шаралар шеңберінде өткізілді:

- Курск облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері, Мәскеу қ. 2011 жылғы 12 қазанда;

- «Ресей экономикасының модернизациясы: даму басымдықтары» ұлттық конгрессі, Мәскеу қ. 2011 жылғы 18-19 қазаны.

2011 жылы Екатеринбург қ. СӨП-мен бірлесе «Құбырлық оқшаулау зауыты» ЖШҚ компаниясымен Астана және Алматы қалаларында құбырлық оқшаулау зауыттарын салу үшін инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүрігізілді.

Сауда өкілдігі Ресейдің 51 аймағынан және кейбір шетел елдерінен кәсіпкерлерді біріктіретін «Мәскеу кәсіпкерлік қауымдастығы» аймақаралық қоғамдық ұйыммен белсенді әріптестік орнатқан. Үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан облыстарының инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуетінің тұсаукесерін өткізу шеңберінде Сауда өкілдігі мен МКҚ арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, осы шара шеңберінде МКҚ және «EL KAZYNA» қазақстандық халықаралық Тауар-шикізаттық әмбебап биржасы» АҚ арасында ұқсас меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «EL KAZYNA» биржасы мен МКҚ арасында Қауымдастықпен жоспарланған шаралардың бірінде Қазақстанның экспорттық әлеуетінің және биржалар қызметінің тұсаукесерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2011ж. 7 желтоқсанында Астана және Алматы ққ. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының туризм саласындағы инвестициялық жобаларының және туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті, онда ресейлік бизнес қатысу мүмкін.






2-стратегиялық бағыт. Нәтижелi мемлекеттiк секторды құру

1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, транспаренттiлiк және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттiк басқарудың жаңа моделiн енгiзу

Берілген мақсатқа жету үшін бюджеттiк бағдарламалар кодтары 001, 007, 011, 012, 017, 050




Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн нысаналы индикатордың, мiндеттердiң, тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiнiң және iс-шаралардың атаулары

Ақпарат көздерi

Көр.

өлшем

Есепті кезең

Қол жеткiзбеу себептерi

2011ж.жоспар

01.01.2012 жылға нақты





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет