Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет14/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
9
Сұйық шыныда бетондардың қатуы құрғақ-ауа ортасының жағдайында ӛтуі тиіс. 
Осы бетондардың қатуы кезінде су буын жою үшін ауа жақсы желдетумен қамтамасыз 
етілуі тиіс.
5.2.2.17 Аса ауыр бетондарын және радиациялық қорғаныс үшін арналған 
бетондарды қолдана отырып жұмыстарды кәдімгі технология бойынша жасау қажет. 
Бетондаудың қарапайым әдістерін қолдануға қоспаның қатпарлануынан, құрылыстың 
күрделі пішін үйлесімі, арматурамен, салма бӛлшектермен және коммуникациялық 
ұңғымалармен қанықтығы салдарынан мүмкін емес болған кезде, бӛлек бетондау әдісін 
қолдану қажет (ұлғаймалы ерітінді әдісі немесе ірі толтырғышты ерітіндіге батыру әдісі).
5.2.2.18 Радиациялық қорғаныс бетондары үшін қолданылатын материалдар 
жобаның талаптарына сай келуі тиіс. 
Бетондағы радиациялық сәулеленуді (бор, сутегі, кадмий, литий және т. б.) сіңіру 
дәрежесі жоғары материалдардың құрамы жобаға сай келуі тиіс. Бетондарда гамма-
кванттармен және нейтрондармен сәулелендіру барысында арматураның коррозиясын 
тудыратын тұздардың қоспаларын (хлорлы кальцийді, ас тұзын) қолдануға жол 
берілмейді. 
5.2.2.19 Түйіршіктерінің құрамына қатысты талаптар, минералды, кенді және металл 
толтырғыштардың физикалық – механикалық сипаттамалары ауыр бетон үшін арналған 
толтырғыштарға қойылатын талаптарына сай келуі тиіс. Металл толтырғыштарын 
қолданудан бұрын майсыздандыру қажет: металл толтырғыштарында қатпарланбайтын 
тоттың бар болуына жол беріледі. 
5.2.2.20. Радиациялық қорғаныс бетондарын дайындау үшін қолданылатын 
материалдарының тӛлқұжаттарында осы материалдардың толық химиялық талдау 
мәліметтері кӛрсетілуі тиіс. 
5.2.2.21 Металл толтырғыштарындағы бетондарды қолдана отырып жұмыстарды 
жасауға тек қоршаған орта ауасының оң температурасы барысында ғана рұқсат етіледі. 
5.2.2.22 Бетон қоспаларын тӛсеу барысында ленталық және дірілдеткіш 
тасымалдағыштарды, діріл бункерлерін, діріл аузын қолдануға тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет