Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет12/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
7
Бұл жағдайда конструкцияның геометриялық параметрлерінің дәлдігін нормативтік 
талаптар бойынша дәлдік есебінің негізінде белгілеген жӛн.
5.1.7 Ғимараттар (имараттар) конструкциясының монтажын, әдеттегідей, кеңістіктік-
тұрақты бӛліктерден: байланыстырушы торлардан, қаттылық ядросынан және т.б. 
бастаған жӛн.
Үлкен бойлық пен биіктіктегі ғимараттар мен имараттар конструкцияларының 
монтажын кеңістіктік-тұрақты секцияларда (аралықтарды, ярустарда, қабаттарда
температуралық блоктарда және т. б.) орындаған жӛн. 
5.1.8 Сейсмикалық аудандарда тас конструкцияларды қалау кезінде қондырғыны бір 
қатарлы (тізбекті) ораумен, уақытша (монтаждық) алшақтықтармен қамтамасыз ету тиіс.
5.1.9 Ерітінділер мен бетондарды даярлау үшін нормативтік құжаттар талаптарына 
жауап беретін материалдарды қолдану талап етіледі.
5.1.10 Жобада кӛзделген саңылау арқылы вертикалдық арматураға еркін рұқсат 
жалғастыру және орау блоктарын орнату кезінде қамтамасыз етілуі тиіс.
5.1.11 Құрылыс барысында орындалған жұмыстардың сәйкестігін бағалау 
орындалуы тиіс, оның нәтижесі объектінің қауіпсіздігіне әсер етеді, алайда қабылданған 
технологияға сәйкес кезекті жұмыстарды (жасырын жұмыстарды) бастағаннан кейін
бақылау үшін қолжетімсіз болады.
5.2 Бетондық жҧмыстар 
 
5.2.1 Бетондарға арналған материалдар 
5.2.1.1 Бетон қоспаларын дайындауға арналған цементті таңдау нормативті 
құжаттардың және ҚР ҚН 5.03-02 талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. 
5.2.1.2 Пуццолан портландцементін қолдануға тек жобадағы арнайы нұсқауы бар 
болған жағдайында ғана жол беріледі. 
5.2.1.3 Құм мен қиыршық тастың табиғи қоспасын фракцияларға сеппей қолдануға 
тыйым салынады. Бетондар үшін толтырғыштарды таңдаған кезде жергілікті шикізаттан 
жасалған артықшылықты материалдарды қолдану керек.
 
5.2.2 Бетондық жҧмыстар ӛндірісі 
5.2.2.1 Бетон қоспалары компоненттерінің мӛлшерлемесін салмағы бойынша 
орындау қажет. 
Бетон қоспасына су ерітінділері күйінде енгізілетін судың және қоспалардың кӛлемі 
бойынша мӛлшерлеуге жол беріледі, талап етілетін беріктігі және жылжымалылығы бар 
бетонды дайындау барысында компоненттердің арақатынасы цементтің және 
толтырғыштардың әрбір партиясы үшін анықталады. 
5.2.2.2 Компоненттерді қосу тәртібі, бетонды қоспаны араластырудың ұзақтығы 
қолданылатын бетон араластырғыш жабдығының нақты материалдары және шарттары 
үшін нақты илеудегі бетонның жылжымалылығын, біркелкілігін және беріктігін бағалау 
арқылы орнатылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет