Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет32/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
26
5.4.11.15 Металл ұстындарды бӛлшектеген кезде оларды іргетасқа бекіткіштерден 
босатуды қарастыру қажет. 
5.5 Ағаш конструкцияларды монтаждау
 
5.5.1 Ағаш конструкцияларды монтаждау және қабылдау 
 
5.5.1.1 Құрылыс алаңы жағдайында жол берілмейтін, тасымалдау және сақтау 
кезінде бүлінген немесе ақау алған немесе осындайлары бұрын болған конструкцияларды 
оларды ӛндіруші-жобалаушы ұйымның қорытындысын алғанға дейін монтаждауға тыйым 
салынады. Қорытындыда қолдану мүмкіндігі туралы, бүлінген конструкцияларды бекіту 
қажеттігі туралы немесе оларды жаңасына ауыстыру туралы шешім шығарылады. 
5.5.1.2 Ағаш конструкцияларын немсесе олардың элементтерін сақтау кезінде
атмосфералық ықпалдардан қорғау қажет. 
5.5.1.3 Ағаш конструкцияларды тасымалдау немесе монтаждау кезіндегі жүктеме 
сипаты жобалық жағдайда, жорамалданған жұмыс сипатынан ӛзгеше болған жағдайда, 
қажет болғанда олардың динамикалық құрамды бӛлігін ескере отырып, конструкцияның 
монтаждау және тасымалдау жүктемесіне арналған есептерін жасау керек. 
5.5.1.4 Жылу ӛтімділігі жоғары материалдармен (кірпіш, бетон және басқа) 
байланыста болатын ағаш конструкцияларды монтаждау алдында олардың арасына судан 
оқшаулайтын, және қажет болған жағдайда, жылудан оқшаулайтын аралық қабаттар салу 
жұмыстарын орындау қажет. 
5.5.1.5 
Конструкцияларды монтаждау жұмыстары кӛбінесе ірілендірілген 
элементтермен немесе блоктармен жүргізілуге тиіс.
5.5.1.6 Құрастыру үлкейтілген элементтер мӛлшерінің жобалық мӛлшерге 
сәйкестігін, бітеуіш бӛлшектердің барлығын және орналасу дұрыстығын тексеруден 
басталады. Осы конструкциялардың элементтерін монтаждау жазықтықтарына салынған 
бӛлу осьтері мен сызықтары бойынша бірден жобалық орнына орналастыру қажет. 
5.5.1.7 Ағаш конструкцияларын қабылдауды 5.1 және 5.5-бӛлімдерінің талаптарына 
сәйкес жүргізу қажет. Желімделген ағаш конструкцияларды қабылдау кезінде сондай-ақ 
нормативтік құжаттар талаптарын ескеру қажет. 
5.5.1.8 Ағаш конструкциялардың жиналмалы кӛтергіш элементтерін ӛндіруші 
кәсіпорын 
қоршау 
конструкцияларымен, 
шатыр 
материалдарымен, 
жобалық 
қосылыстарды орындауға қажетті бӛлшектерінің барлығымен, атап айтқанда, үстеме, 
бекіту бұрандамалары, кермелер, аспалар, тартқыш муфталармен, объектіні шатыр 
құрылғысымен қоса монтаждау мүмкіндігін қамтамасыз ететін байланыс элементтерімен 
және т.б. бірге жинақ түрінде құрылыс алаңына жеткізуі қажет. 
Жабын плиталары мен қабырға панельдері типтік бекіту элементтерімен, аспа 
бӛлшектерімен (аспалы тӛбе плиталары үшін), түйістерді бітеу материалдарымен бірге 
жинақ түрінде жеткізілуге тиіс. 
5.5.1.9 Ағаш конструкцияларын жинақтау, тасымалдау, сақтау және монтаждау 
жұмыстарын орындаған кезде олардың тӛмендегідей айрықша ерекшеліктерін ескеру 
қажет: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет