Строительные нормы республики казахстан


Салма және біріктіру элементтерін дәнекерлеу және тот басуға қарсы



Pdf көрінісі
бет22/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

5.3.4 Салма және біріктіру элементтерін дәнекерлеу және тот басуға қарсы 
жабын 
5.3.4.1 Дәнекерлеу қосылыстарының, оған қоса салма бӛлшектердің және 
байланыстардың жерлерінің тот басуға қарсы жабынын монтаждау және дәнекерлеу 
барысында зауыттық жабын бұзылған барлық жерлерде орнату қажет. Тоттануға қарсы 
қорғаныстың тәсілі және түсірілетін қабаттың қалыңдығы жобада кӛрсетілуі тиіс. 
5.3.4.2 Тот басуға қарсы жабындарды тікелей түсірмес бұрын қосалқы ӛнімдердің, 
байланыстардың және дәнекерлеу қосылыстарының қорғалатын беттері дәнекерлеу 
қоқысының қалдықтарынан, металл бүркін тамшыларынан, майлардан және басқа 
ластанулардан тазартылуы тиіс. 
5.3.4.3 Тот басуға қарсы жабындарды түсірген кезде ӛнімдердің бұрыштарының 
және ұшқыр қырларының қорғаныс қабатымен жабылуын ерекше түрде қадағалау қажет. 


ҚР ҚН 5.03-07-2013 
16
5.3.4.4 Тот басуға қарсы жабындардың сапасын ҚР ҚН 2.01-01 талаптарына сәйкес 
тексеру қажет. 
5.3.4.5 Орындалған тот басуға қарсы қорғаныс қосылыстары туралы мәліметтер 
жасырын жұмыстарды куәландыру актілерімен рәсімделуі тиіс. 
5.3.5 Тҥйіскен жерлерді және жіктерді монолиттеу 
5.3.5.1 Түйіскен жерлерді монолиттеуін конструкцияларды орнату, элементтер 
қосылыстарын түйісу түйіндерінде қабылдап алу және тот басуға қарсы жабынның 
дәнекерлеу қосылыстарын және қосалқы ӛнімдер жабынының зақымдалған жерлерінің 
дұрыстығын тексерген соң орындау қажет. 
5.3.5.2 Түйіскен жерлерді және жіктерді монолиттеуге арналған бетонның класы 
және ерітіндінің маркасы жобада кӛрсетілуі тиіс. 
5.3.5.3 Түйіскен жерлерді монолиттеу үшін қолданылатын бетонды қоспалар 
нормативті құжаттардың талаптарына сай келуі тиіс. 
5.3.5.4 Түйіскен жерлерді және жіктерді монолиттеуге арналған қалып, әдетте, 
құрал-жабдықты болуы тиіс және әрекеттегі нормативті құжаттардың талаптарына сай 
келуі тиіс. 
5.3.5.5 Түйіскен жерлерді және жіктерді монолиттеудің дәл алдында келесілерді 
орындау қажет: монолиттеу барысында қолданылатын қалып орнатудың дұрыстығын 
және сенімділігін тексеру; түйістірілетін беттерді қоқыстан және кірден тазарту. 
5.3.5.6 Қатқан ерітіндінің қабатында құрама темірбетондарды монтаждауғ жол 
берілмейді.
5.3.5.7 Түйіскен жерлерді монолиттеу барысында бетонның (ерітіндінің) тығыздауын, 
оған күтім кӛрсетуді, ұстап тұру режимін бақылауын, оған қоса сапа бақылауын 5.2-
тарауының талаптарымен сәйкес орындау қажет.
5.3.5.8 Қалыпқа құю кезіндегі түйістердегі бетонның немесе ерітіндінің беріктігі 
жобада кӛзделгендерге сәйкес болуы тиіс.
5.3.5.9 Тӛселген бетонның (ерітіндінің) нақты беріктігін монолиттеу орнында 
жасалған үлгілер сериясының сынағымен қадағалау қажет. Беріктікті тексеру үшін осы 
ауысым бойында бетондалатын түйістер тобына белгіленген үлгілер санын даярлау қажет. 
Үлгілер сынақтарын нормативтік құжаттар талаптары бойынша орындау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет