ҚР ҚН 5.03-07-2013
28
5.5.3 Жапсырылған ағаш аркалар мен рамаларды, бҧдырлы кҥмбездерді
монтаждау
5.5.3.1 Кӛлбей жапсырылған ӛзектегі қатты түйіс бар тұтас немесе тура қиықты
меридианды құрама қабырғаларды құрастыруды қатты түйістер арқылы аркалар мен
фермаларға ұқсас арнайы стапельде жүргізу қажет.
5.5.3.2 Кӛмкеру кезінде жазықтықтан алынатын түйістерді монтаждық күшейткішті
аркалар мен фермалардағы сияқты құрастырылған меридионалдық қабырғалармен
қамтамасыз ету қажет.
5.5.3.3 Күмбездің тұрақты пішінін қамтамасыз ету үшін монтаждалатын орталық
мұнараны үш кергіштермен (талрептермен) немесе бір-біріне қатысты бұрыш түзе
орналастырылған кӛлбеу тіреуіштермен керу керек. Бұл ретте қабырғаларды кез-келген
ретпен орнатуға болады.
5.5.4 Қабырға панельдерін немесе жабын плиталарын монтаждау
5.5.4.1 Қабырға панельдерін монтаждаған кезде жоғарғы панель тӛменгі панельге
қарағанда, жоғарғы панельдің жағдайы сақталуы тиіс.
5.5.4.2 Жабынға жиналған үстіңгі қаптамасы жоқ плиталарда мынадай
жалпықұрылыстық және арнаулы жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады: плиталардың
қабырғаларға жанасын рәсімдеу, плиталар арасындағы түйістерді бітеу, шатыр және ұсақ
жӛндеу жұмыстары.
5.5.4.3 Осы жұмыстарды жабын үстінде жүргізу үшін, сондай-ақ материалдар мен
бӛлшектерді жинақтау, жабынның белгілі бір бӛліктерінде түрлі құрылғылар мен тетіктер
орнату үшін, жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес тақтайлардан уақытша қорғаныс
тӛсемін тӛсеу, сондай-ақ кӛшпелі траптар пайдалану қажет.
5.5.4.4 Жабын плиталарын тӛсеуден және түйілістерді бітеуден кейін,
жылытқыштың дымдануына жол бермей, бірден олардың үстіне шатыр тұрғызу қажет.
5.6 Жеңіл қоршау конструкцияларды монтаждау
5.6.1 Жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау параметрлері
5.6.1.1 Жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау алдында құрылыс алаңы бӛтен
құрылыс конструкцияларынан, материалдардан, механизмдерден және құрылыс
қоқыстарынан босатылуға және ҚР ҚН 1.3-05 талаптарына сәйкес қоршалуға тиіс.
5.6.1.2 Зауыттық орамадағы металл жеңіл қоршау конструкцияларын уақытша
сақтау үшін ұйымдастырылған ашық алаң дренажды және су ағынын, ауа алмасуды
қамтамасыз етуі тиіс.
5.6.1.3 Жылу оқшаулағыш, бекіткіш, қуыс жапқыш, еңіс, герметиктер, желім, бояу
және т. б. құрылыс алаңында жабық, желдетілетін қоймада зауыт орамасында уақытша
сақталынады.
Сэндвич-панельдерді уақытша сақтау және жинау оларды монтаждау кезегін ескере
отырып жүргізіледі.
|