Техникалық қайта жарақтандыру:Озық технологиялар мен жаңа
техниканы енгізу, Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, ескірген және табиғи
тозған жабдықтарды жаңасына, неғұрлым өнімділігіне ауыстыру, өндірісті ұйымдастыру
мен құрылымын жақсарту негізінде жекелеген өндірістердің, жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындардың цехтары мен учаскелерінің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру
жөніндегі іс-шаралар кешені.
3.51
Техникалық пайдалану (пайдалану): Ғимараттарды (құрылыстарды) күтіп
ұстау және жөндеу, олардың қызметтік мақсатына сәйкес қауіпсіз жұмыс істеуін және
санитарлық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені.
3.52
Техникалық құжаттама:Құрылыс, реконструкция, кеңейту, техникалық
қайта жарақтау және күрделі жөндеу кезінде, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды
пайдалану процесінде қолданылатын графикалық, есептеу және мәтіндік материалдар
жүйесін қамтитын құжаттар жиынтығы.
3.53
Тозу:Ғимараттың, оның жекелеген элементтерінің оларға қойылатын
өзгермелі талаптарды ескере отырып, олардың уақыт бойынша пайдалану сапасы
көрсеткіштерінің нашарлау процесі;
3.54
Учаске: Ғимаратпен қызметті түрде байланысты аумақ.
3.55
Ұзақ мерзімділік: Ғимараттың
(құрылыстың),
құрылыс
конструкцияларының немесе олардың бөліктері мен ішкі инженерлік жүйелер
элементтерінің жобалау кезінде белгіленетін және тиісті техникалық қызмет көрсету
кезінде есептік қызмет мерзімі ішінде оның қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін
физикалық және басқа да қасиеттерін сақтау қабілеті.
3.56
Үй асты: Бірінші немесе бірінші қабаттың қабаттасуы мен жер үсті
қабатының арасындағы инженерлік жүйелердің құбырларын орналастыруға арналған
кеңістік.
3.57
Үстіңгі құрылым: Жоғарғы қабатының үстіне бір және бірнеше қосымша
қабаттарды орнату арқылы ғимарат алаңы ұлғайтылатын қайта құру түрі.
3.58