Строительные нормы республики казахстан


Шегіне жеткен (апаталды) жағдайы



Pdf көрінісі
бет14/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

Шегіне жеткен (апаталды) жағдайы: Жұмыс істеуге қолайсыз немесе 
олардың жұмыс күйін қалпына келтіру шамадан тыс бұзылулардың, жарықтардың пайда 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 

болуына, жергілікті немесе жалпы бұзылулардың және ресурстардың бұзылуының басқа 
белгілеріне байланысты мүмкін емес немесе орынсыз болатын жекелеген элементтерден 
тұратын ғимараттың жағдайы. 
3.59 
Шектеулі жұмысқа жарамды жағдай: Жұмыс режимінің белгілі бір 
параметрлерінің шектеулері бойынша қажетті қызметтерді ішінара орындай алатын 
ғимараттың, оның жекелеген элементтерінің жай-күйі. 
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
4.1 Егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, объектілерді және олардың кешендерін қайта 
құру (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жоспарлау), күрделі 
жөндеу жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. 
4.2 Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін азаматтық және 
өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі жөндеу бойынша 
жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу, келісу, сараптау және бекіту (қайта 
бекіту) кезінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сәулет, қала 
құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерді, 
сондай-ақ осы құрылыс нормалары құжаттамасын басшылыққа алу қажет.
4.3 Реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау (жобалау-
сметалық) құжаттамасы адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын 
қалыптастыруға, жобаланатын объектілердің қауіпсіз және тұрақты жұмыс істеуін 
қамтамасыз етуге, инвестициялардың тиімділігін арттыруға, материалдық-техникалық 
және еңбек шығындарын оңтайландыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға 
бағытталған талаптар бойынша әзірленеді. 
4.4 Жұмыс жүргізу ұзақтығы 6 айдан асатын көлемді және жазықтық объектілерді, 
сондай-ақ желілік объектілерді реконструкциялауды және күрделі жөндеуді жобалау 
кезінде жұмыс ұзақтығына қарамастан, міндетті түрде жобалау құжаттамасының 
құрамында құрылысты ұйымдастыру жобасы әзірленеді. 
4.5 Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың элементтерін жөндеу мерзімдері 
олардың техникалық жай-күйін бағалау негізінде анықталады. Жөндеу-құрылыс 
жұмыстарын жоспарлау кезінде оларды жүргізу мерзімділігі осы құрылыс нормаларына А-
қосымшасын ескере отырып қабылданады. 
4.6 Ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау мерзімдері әлеуметтік 
қажеттіліктермен, өндіріс технологиясындағы прогресс қарқынымен (қол және ауыр 
физикалық жұмыстарды қысқарту міндеттерін қоса алғанда), тұтыну қасиеттерінің өзгеру 
қарқынымен және шығарылатын өнімнің жаңаруымен, жаңа, неғұрлым прогрессивті 
техниканың болуымен анықталады. 
4.7 Ғимараттың қызмет ету мерзімі осы құрылыс нормаларының А- қосымшасына 
сәйкес анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет