Строительные нормы республики казахстан


 ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

7 ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ
7.1 Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылау қазіргі заманғы 
техникалық диагностика құралдарын пайдалана отырып, жүйелі жоспарлы және жоспардан 
тыс тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерулер жалпы және 
ішінара болып бөлінеді. Жалпы тексеру кезінде ғимараттың немесе құрылыстардың жалпы 
техникалық жай-күйі, оның жүйелері мен сыртқы абаттандырылуы, ішінара тексеру кезінде 
- үй-жайлардың жекелеген құрылымдардың, сыртқы абаттандыру элементтерінің 
техникалық жай-күйі бақыланады. 
7.2 Тексеру ғимараттардың (құрылыстардың) элементтерін, сондай-ақ олардың 
техникалық және санитарлық жағдайын анықтау, ақаулықтарды анықтау және оларды жою 
уралы шешім қабылдау, сонымен қатар ғимараттардың (құрылыстардың) келесі кезеңге 
пайдалануға дайындығын анықтау мақсатында тексерулер жиынтығын қамтиды. 
7.3 Жалпы тексеру жылына екі рет көктемде және күзде (көктемгі және күзгі 
тексеру) кезеңділікпен жүргізіледі. 
7.4 Ғимараттарды (құрылыстарды) жалпы тексерудің мақсаты келесі жылы 
жоспарлы күрделі немесе ағымдағы жөндеуге жататын, келесі жылы жоспарлы күрделі 
немесе ағымдағы жөндеуге жататын ғимараттарды дайындау бойынша жұмыс көлемін 
анықтау болып табылады: 
ағымдағы жылға арналған жоспарға енгізілген ғимараттарды жөндеуге қатысты 
жұмыскөлемін нақтылау; 
ғимараттардың (құрылыстардың), коммуникациялардың, жабдықтардың және 
абаттандыру элементтерінің күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындығын тексеру; 
келесі жылға жоспар жасау немесе ағымдағы жылдың тиісті жоспарларын нақтылау 
кезінде әрбір ғимаратқа (құрылысқа) қатысты жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін 
анықтау. 
7.5 Жалпы тексеруді комиссия, ғимараттың, құрылыстың және оған іргелес 
жатқан аумақтардың күтімі бойынша мердігердің тиісті мамандары және ғимарат 
басқармасы өкілдері кіреді.
7.6 Қажет болған жағдайда комиссия құрамына жобалау институттары мен 
мамандандырылған ұйымдардың мамандары енгізілуі мүмкін. 
7.7 Алдын ала тексеру кезінде меншік иелерінің, жалдаушылардың (жалға 
алушылардың) өздерінің міндеттемелеріне кіретін үй-жайларды немесе жабдықтарды 
жөндеу жөніндегі ұсынымдарды сақтауына бақылауды жүзеге асыру қажет.
7.8 Жоспардан тыс тексерулер ғимараттың (құрылыстың), жекелеген элементтерін 
немесе үй-жайларды нөсерден, дауыл желден, қатты қар жауудан, су басудан және 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 
13 
ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген элементтерінің зақымдануына әкеп 
соқтыратын дүлей сипаттағы басқа да құбылыстардан кейін, сондай-ақ сыртқы 
коммуникацияларда апат болған кезде немесе құрылымдардың деформациясы мен 
инженерлік жабдықтың олардың қалыпты пайдалану шарттарын бұзатын ақаулары 
анықталған жағдайда қарауды көздейді. 
7.9 Жоспардан тыс тексеруді комиссия немесе қызмет берушінің жеке 
қызметкерлері, келтірілген залалдың көлемі мен сипатына қарай жүргізеді.
7.10 Ғимарат және құрылыс элементтерінің техникалық жай-күйін жалпы және 
жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша осы құрылыс нормаларының Г-
қосымшасына сәйкес тиісті нысан бойынша ақаулық актісі жасалады. 
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына, сондай-ақ 
объектіні кейіннен пайдалануға ықтимал әсері бар визуалды ақаулар анықталған жағдайда 
объектінің жауапкершілік деңгейіне байланысты аттестатталған сарапшыларды немесе 
аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, техникалық тексеру жүргізіледі. 
Техникалықсараптаманәтижелерібойынша осы осы құрылыс нормаларының 
ережелерінесәйкеснысандықалпынакелтіругебағытталғанжөндеутүріанықталады. 
7.11Тексеру негізінде: 
ғимараттарды (құрылыстарды) және оның инженерлік жабдығын келесі күзгі-қысқы 
кезеңде пайдалануға дайындау үшін қажетті іс-шаралар мен жұмыс көлемдерінің тізбесі 
(көктемгі тексеру нәтижелері бойынша) жасалады; 
жұмыстар көлемі (ағымдағы жылға көктемгі тексеру және келесі жылға күзгі тексеру 
нәтижелері бойынша), сондай-ақ ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап ететін 
анықталған ақаулықтар мен зақымданулар нақтыланады; 
әрбір ғимараттың (құрылыстардың) күзгі-қысқы жағдайларда пайдалануға 
дайындығы (күзгі тексеру нәтижелері бойынша) тексеріледі; 
7.12 Реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жататын ғимараттар мен 
құрылыстарды техникалық тексеру ғимараттар мен құрылыстарды олардың техникалық 
жай-күйін бағалау, сондай-ақ оларды реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін жұмыс 
көлемдерін айқындау және қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. 
7.13 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру жөніндегі жұмыстардың 
көлемі тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізінде тексеру бағдарламаларымен 
айқындалады. 
7.14 Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру физикалық 
тозу дәрежесін белгілеу, көтергіш конструкциялардың қосымша жүктемелерді қабылдау 
мүмкіндігін айқындау және қажет болған жағдайда осы конструкцияларды күшейту, негіз 
топырақтарын нығайту және іргетастарды күшейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, 
сондай-ақ одан әрі мониторинг бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында орындалады. 
7.15 Іргетастардың конструкцияларын, ғимараттар мен құрылыстардың жер асты 
және жер үсті бөліктерін зерттеу реконструкциялау және күрделі жөндеу жобаларын 
әзірлегенге дейін міндетті болып табылады және мыналарды қамтиды: 
ғимараттардың және құрылыстардың конструкцияларын (егер олар жүргізілген 
болса) және топырақтың жай-күйін алдыңғы зерттеулердің қолда бар жобалау-техникалық 
құжаттамасын және мұрағат материалдарын жинау, зерделеу және талдау; 
сәулеттік өлшемдер (әр қабаттың, жертөленің, жер асты қабатының, техникалық 
қабаттың, тіліктердің жоспарлары); 
зерттелетін көтергіш конструкциялар мен олардың элементтерін өлшеу; 
құрылымдардыалдын-ала визуалды тексеру; 
конструкциялық 
материалдарды 
физикалық-механикалық 
сипаттамаларын 
айқындай отырып, ғимараттардың және құрылыстардың жер асты және жер үсті 
бөліктерінің (іргетастардың, жертөле қабырғаларының, сыртқы және ішкі қабырғалардың 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 
14 
жер үсті бөліктерінде, колонналардың, жабулар мен жабындардың конструкцияларының, 
балкондардың, террастардың, лоджиялардың, шығанақ терезелерінің, шатырдың және т.б.) 
көтергіш конструкцияларының техникалық (физикалық) жай-күйін, сондай-ақ 
деформациялар мен зақымданулардың болуы мен көріну дәрежесін егжей-тегжейлі тексеру 
(сызаттардың, 
майысулардың, 
қисаюлардың,ауытқулардың, 
майысулардың, 
сырғымалардың, ісінулердің, ылғалдылықтың және т. б.); 
іргетастардың шөгуінің (отыруының) шамасын, сондай-ақ ғимараттардың 
(құрылыстардың) көтергіш және қоршау конструкцияларының және олардың бөліктерінің 
тік және көлденеңінен ауытқуын геодезиялық өлшеу; 
ақаулар мен зақымдануларды анықтау мақсатында қоршау және басқа да 
конструкцияларды тексеру, жылу қорғау мен энергия үнемдеудің нормативтік 
көрсеткіштерімен салыстыру мақсатында жылу қорғаудың нақты көрсеткіштерін анықтау; 
орындалған тексеру нәтижелері бойынша конструкциялардың және жалпы 
объектінің техникалық жай-күйін бағалау (техникалық қорытынды). 
7.16 Ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту және күрделі жөндеу мүмкіндігі 
туралы техникалық қорытынды мыналарды қамтиды: 
зерттеу кезеңінде іргетастарқа жүктемелердің бар екендігі туралы деректер; 
ғимараттар мен құрылыстардың анықталған деформациялары туралы мәліметтер, 
конструкциялардың жобалық жағдайынан анықталған ауытқулары туралы деректер, негізгі 
көтергіш конструкциялар мен басқа да тән құрылымдық элементтердің белгілерін 
нивелирлеу деректері; 
жалпы ғимараттың және құрылыстың құрылыс конструкцияларының қазіргі жай-
күйін сипаттау; 
қоршау конструкцияларының жылу техникалық сипаттамалары туралы деректер 
және олардың жылу қорғау және энергия үнемдеу бойынша талап етілетін нормативтік 
көрсеткіштерге сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәліметтер; 
қолданыстағы инженерлік желілердің техникалық жағдайы туралы деректер; 
ғимараттар 
мен 
құрылыстарға 
қосымша 
жүктемелер 
және 
оларды 
реконструкциялаудан немесе күрделі жөндеуден кейін іргетастарға (учаскелерге) бөлу 
туралы деректер; 
топырақ негізіндегі қайта құру және күрделі жөндеуден кейінгі бар және күтілетін 
жүктемелерді ескере отырып тексеру есептері; 
инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ізденістердің деректері (тиісті 
есептер бойынша мұрағат материалдарын жалпылау, шурфтар мен ұңғымалардың 
сипаттамасы мен суреттемесін қамтитын, негізгі бағыттар бойынша геологиялық қималар, 
тірек конструкциялардың орналасуы, шекті күйлердің бірінші және екінші топтары 
бойынша (а = 0,95 және а = 0,8 кезінде) ғимараттар (құрылыстардың) іргетастарының 
негізін есептеу үшін қажетті негіз топырақтарының физикалық-механикалық 
сипаттамалары, мәліметтер жер асты суларының тереңдігі, күзгі-көктемгі кезеңдегі 
олардың деңгейінің өзгеруі, іргетастар материалына агрессивтілігінің құрамы мен сипаты 
туралы; 
ғимараттар (құрылыстардың) іргетастарының қосымша орташа шөгуінің 
(отыруының) және қайта құру мен күрделі жөндеуден кейінгі олардың әркелкілігінің 
болжамы; 
негіздер мен іргетастарды нығайту әдістерін қоса алғанда, ғимараттар мен 
құрылыстарды қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу мүмкіндігі бойынша қорытындылар 
мен ұсынымдар. 
7.17 Реконструкциялауға жататын зерттелетін объектінің әсер ету аймағындағы 
ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі оны жертөлені қондыру, жапсарлас салу немесе 
тереңдету кезінде тексеріледі (көзбен шолып), қажет болған жағдайда іргетастарды


ҚР ҚН 1.04-26-2022 
15 
қабырғаларды және тағы басқаларды аспаптық тексеру орындалады және осы ғимараттар 
мен құрылыстардың конструкцияларын күшейту жөнінде ұсыныстар беріледі. Бұл 
жұмыстарға жұмсалатын шығындар ғимаратты қайта жаңартудың негізгі жобасының 
жобалау-сметалық құжаттамасының құрамына кіреді. 
7.18 Техникалық тексеруді аккредиттелген ұйым және тиісті рұқсат беру құжаттары 
бар аттестатталған сарапшылар орындайды, ал зерттеу материалдары жобаның құрамына 
енгізіледі. 
7.19 Ғимараттар мен құрылыстарды тексеруді орындайтын ұйымның тапсырмасы 
бойынша құрылыс конструкцияларын ашу, оның ішінде іргетастарды зерттеу үшін 
шурфтар әзірлеу тапсырыс берушінің міндеті болып табылады.
7.20 Техникалық тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың 
сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына 
сәйкес жүргізіледі. 
7.21 Жөндеуге жататын объектіні егжей-тегжейлі қарау кезінде сол жерде 
жасалатын жөндеу жұмыстарының тізімдемесі (тізбесі) күрделі жөндеу жөніндегі жобалау-
сметалық құжаттаманы жасау үшін негіз болады және оған міндетті қосымша болып 
табылады. 
Жөнделетін объектілерді тексеру нәтижелері актімен ресімделеді. 
Жергілікті жерде жасалған жұмыстардың тізімдемесі (тізбесі) одан әрі ғимараттың 
немесе құрылыстың конструктивтік бөліктері және жұмыс көлемін есептей отырып, жұмыс 
түрлері бойынша жүйеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет