ҚР ҚН 1.04-26-2022
IV
КІРІСПЕ
«Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және
ағымдағы жөндеу» Қазақстан Республикасының
құрылыс нормалары Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерін дамыту үшін әзірленді.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс қызметін
жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін
міндетті болып
табылады.
ҚР ҚН 1.04-26-2022
1
ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АЗАМАТТЫҚ, ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ
РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ, КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ
РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ,
ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ
Енгізілу күні – 2022-06-21
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары тұрғын ғимараттарды (бір пәтерлі және көп пәтерлі,
жатақханаларды, егде жастағы адамдар үшін мамандандырылған тұрғын үйлерді және
халықтың жүріп-тұруы
шектеулі топтарын, олардың салыну кезеңіне қарамастан, қоса
салынған кіріктіріле және жапсарлас салынған үй-жайларды),
қоғамдық және өндірістік
ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау (кеңейту, техникалық қайта
жарақтандыру,
жаңғырту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау), күрделі
және ағымдағы
жөндеу жүргізудің тәртібін айқындайды.
1.2 Осы құрылыс нормаларының ережелері ғимараттар мен құрылыстардың арнайы
жабдығына, сондай-ақ санитариялық-техникалық,
өртке қарсы және басқа да
технологиялық қондырғыларды автоматтандыру құрылғыларына қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: