Строительные нормы республики казахстан


 АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ



Pdf көрінісі
бет21/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

11 АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ 
ҚАЙТА ЖАҢАРТУҒА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАУ 
(ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ) ҚҰЖАТТАМАСЫ 
11.1 Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді сәулет, қала құрылысы 
және құрылыс саласындағы іздестіру және жобалау қызметінің тиісті түрлеріне (кіші 
түрлеріне) лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 
11.2 Ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге 
арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы жобалау алдындағы құжаттама (қажет 
болған кезде) және ғимараттар мен құрылыстарды тексеру нәтижелері бойынша 
техникалық қорытындылар болған кезде әзірленеді. 
11.3 Жобалау құжаттамасы құрылысқа тапсырыс беруші мен орындаушы (мердігер, 
бас жобалаушы) арасында жасалатын жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарын орындауға 
арналған мердігерлік (келісімшарт) шартының (бұдан әрі - шарт) негізінде заңнамада 
белгіленген тәртіппен әзірленеді. 
11.4 Шартта міндетті түрде мыналар көрсетіледі: 
орындаушы (бас жобалаушы, жобалаушы) қосалқы мердігерлердің орындауына 
беруге ниеттенетін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен көлемдері; 
жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп 
орындаушыларға) берілуі мүмкін Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын 
(көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) шекті көлемдері Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 
20 
11.5 Объектіні 
реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта 
жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар 
жаңаларын салуға, сондай-ақ өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық 
негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама 
жүргізу қағидаларына 3-қосымшаның 1-тармағында келтірілген қолданыстағы ғимараттар 
мен құрылыстарды, олардың кешендерін, қаржыландыру көздеріне қарамастан және 
құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту 
Қағидаларының 26-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, инженерлік және көлік 
коммуникацияларын күтіп ұстауға міндетті.
Қажет болған кезде Орындаушыға (бас жобалаушыға, жобалаушыға) Тапсырыс 
беруші топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық 
ізденістер деректерін қоса алғанда, құрылыс алаңының инженерлік ізденістер 
материалдарын (жер учаскесі мен коммуникациялар төсеу трассаларының шекараларында) 
береді 
11.6 Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, 
олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ 
бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған қолданыстағы ғимараттар 
мен құрылыстардың, кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының 
бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы 
құжаттар Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға 
ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына 4-қосымшаның 1-тармағында 
келтірілген. 
11.7 Қолданыстағы объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық 
қайта жарақтандыру) және күрделі жөндеу жобасына Жаңа объектілерді салу жобалары 
бойынша бастапқы құжаттардың өзге де түрлерін талап етуге жол беріледі. 
11.8 Қарапайым жұмыстар үшін (сылақты, терезе және есік толтыруларын, 
қалқаларды, пештерді жөндеу, едендерді қайта төсеу, шатырды ауыстыру, орталық 
жылыту, су құбыры, су бұру жүйелерін күрделі емес жөндеу және басқалар) ақау актісі 
жасалады. 
11.9 Көтергіш конструкцияларды ауыстыруға және қалпына келтіруге немесе 
ғимараттар мен құрылыстарды қайта жоспарлауға және күшейтуге
,
байланысты күрделі 
жұмыстар үшін, сондай-ақ лифтілерді қалпына келтіру, жылумен жабдықтау, газдандыру 
және басқа жұмыстар үшін ақаулы жұмыс актісінен басқа, жұмыс көлемін есептей отырып, 
жұмыс сызбалары жасалады. 
11.10 Жобаны алдын ала жасауды талап ететін күрделі жұмыстарды (іргетасты 
келтіру, конструкцияларды өзгерту және басқалар) жүргізу қажеттігі анықталған 
жағдайларда, сондай-ақ үйлерді су құбыры мен су бұрудың, газдың, электр желісінің, 
жылуландырудың магистральдық желілеріне қосуға байланысты жұмыстарға, сондай-ақ 
пешпен жылытуды орталықпен ауыстыру, үйлерді газбен жабдықтаумен жабдықтау 
жөніндегі жұмыстарға, лифтілер және осыған ұқсас жұмыстарға тиісті жобаларды 
әзірлейді. 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет