Сүттің химиялық құрамы, қасиеттері. Сүт консервілерінің ассортименті



бет22/24
Дата26.02.2022
өлшемі74.89 Kb.
#455775
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Сүт өнімдерін консервілеу

Консерві ыдыстарының жіктелуі

Консерві өндірісінде қолданылатын ыдыстардың екі түрі бар:


- тұмшаланған (герметикалық) ыдыстар. Оларға: металл банкалар (қаңылтыр, Аl); шыны банкалар; бөтелкелер; полимер материалдардан жасалған пакеттер, банкалар жатады.
- тұмшаланбаған ыдыстар. Оларға: ағаш бөшкелер, жәшіктер; картон қораптар; қаптар; пластмасс жәшіктер т.б. жатады.
Шыны ыдыстар
Консервілеу үшін санитарлық жағынан тиімді, жиі қолданылатыны - шыны ыдыстар. Олардың артықшылықтары: жақсы дезинфекцияланады; қышқыл, тұз және т.б. қосылыстардың әсеріне тұрақты; қайта қолдануға болады; ішіндегі өнімнің сапасы көрінеді.
Кемшіліктері: тез сынғыш; термиялық тұрақсыз (ыстықтан суыққа өту кезінде тез сынуы); цилиндр формалы болуы.
Шыны банкалар қорытпаларды суыту арқылы алынатын аморфты дене. Оның негізгі құрамы кремнеземнен тұрады. Шыны банканы МЕМСТ талаптарына сай 3 типте өндіреді. 3 типке бөлінуі олардың аузының жабылу әдістеріне негізделген:
І тип – Айналмалы; ІІ тип – Қыспалы; ІІІ тип – Бұрамалы.
Қазіргі кезде, көбінесе, І типтегі шыны банкалар қолданылады. Олардың аузының диаметрі бойынша 58 мм, 68 мм, 82 мм, 83 мм т.б. болып белгіленеді. Диаметрден кейін банканың сыйымдылығы жазылады. Мысалы, І – 82 – 2000, яғни бұл І –ші типтегі, аузының диаметрі 82 мм болатын, 2 л – лік банка деген сөз. Бұл банкаларды ішкі жағында резеңкесі бар тұмшалап жабатын қақпақтар арқылы жабады.
Ал ІІ типтегі ыдыстарды қаңылтыр қақпақтар арқылы вакуумда қақпақты қысу жолымен жабады. Жақсы тұмшалануы үшін резеңкенің орнына тығыз етіп ұстап тұратын паста жағылады. Бұл әдіс қақпақтың оңай ашылуына, жақсы тұмшалануына, ыдыстардың көп сынбауына жағдай жасайды. Олар шетелдерде "Еврокан" деген атпен жиі қолданылады.
ІІІ типтегі ыдыстарды қақпаққа тығыздаушы паста жағып, бұрау арқылы жабады. Оларды шетелдерде "Твист-оф" деген атпен жиі кеңінен қолданады. Сақтау кезінде вакуумдалуының жеткіліксіз болуынан, бұл жүйе бойынша жабылған банкалардың 4-5 % жарамсыз болып шығады.
Барлық шыны ыдыстар үшін қақпақтарды ақ немесе лактелген қаңылтырдан немесе алюминийден жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет