Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Есту және көру қабілеттері бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары



бет6/13
Дата07.11.2022
өлшемі0.9 Mb.
#464142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
818700384631 силлабус ОҢАЛТУ БЕЙІМДЕЛУ

Есту және көру қабілеттері бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары
«Есту қабілеті бұзылған балаларға ж.ргізілетін жұмыс түрлері» туралы қарастырылған. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған балаларға арналған негізгі жұмыстар көрсетілген. Сөйлеу тілін дамытуға байланысты түзету жұмыстарын жүргізу жайлы сипатталған. Сөйлеу тілін қалыптастыруға үшін олардың танымдық қабілеттерін дамыту қажет. Есту қабілеті бұзылған балалардың негізгі ерекшелігі олардың психикалық дамуы. Мұндай ерекшеліктер баланың дамуына кедергі келтірмейді. Қазіргі таңда есту қабілеті бұзылған балаларға түзету жұмыстарын жүргізу үшін олар арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде және жалпы білім беретін мектептерде ашылған арнайы сыныптарда білі алады. Адам өмірінде айналасындағы адамдармен пікірлесіп, ой алмасуы үшін, тілдің маңызы айрықша мәнге ие. Олай дейтін себебім: тіл-адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралы, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші. Тілдің екі қызметі үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам ағзасы анатомиялық өзгерістерге ұшырайды. Осының арқасында, адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыстарды, мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын болады. Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде, адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың көру, есту, қозғалыс бірлескен қызметін қажет ететіндігін» ашық айтып отыр. Р.М.Боскистің зерттеуі бойынша есту қабілеті бұзылған балаларда сөз, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының алғашқы сатысында, жеке сөздерді ғана пайдалана алатынын,сол сөзге байланысты іс-әрекетті де, бір сөзбен ғана айта алатынын дәлелдеген. Мысалы: пияз деп айтып, оны тазалау сөзімен байланыстырып көрсету арқылы айтады. Сол сияқты күрекпен қаздым дегенді айту үшін, күрек деп айтып іс-әрекетті ыммен көрсету арқылы да айта алады. Р.М.Боскиспен қатар, басқа да ғалымдардың зерттеулері бойынша да осылай ым-ишара тілін пайдалана отырып зат пен іс-әрекетті байланыстырып айтатыны дәлелденген. Мысалы: Пышақпен кесу, кесемен ішу, бала ыммен көрсету арқылы өз ойын жеткізе біледі. Есту қабілеті бұзылған балалар қалыпты адамдардың ортасында жүру арқылы да, байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы,сөздік қоры аз да болса молая түседі. Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет