Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі



бет13/13
Дата07.11.2022
өлшемі0.9 Mb.
#464142
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
818700384631 силлабус ОҢАЛТУ БЕЙІМДЕЛУ

10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі
Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.
Берілген курстың студенттер контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.
Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін беріледі.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын(БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
9. Емтихан сұрақтары:

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсының пәні, міндеттері. Компетенттік, әлеуметтену, дезадаптация ұғымдары

  2. Адамның әлеуметтік психологиялық бейімделу механизмі

  3. Әлеуметтік психологиялық бейімделу және бейімделу мәселесінің шетелдік және отандық теориялары

  4. Адамның бейімделу факторларын анықтау деңгейі және түрлері

  5. Бейімделу психологиясының негізгі фактілері және заңдылықтары

  6. Оңалту процесінің қалыптасуының еркешеліктері

  7. Балаларға арналған реабилитациялық орталығы

  8. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу

  9. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту көмектің түрлері

  10. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға көмек көрсету

  11. Дамуында әр-түрлі категориялы ауытқуы бар балаларды реабилитациялау және бейімдеудегі педагогтың іс-әрекеті

  12. Есту және көру қабілеттері бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

  13. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

  14. Психикалық дамуы тежелген балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

  15. Аутизм және интеллектісі бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары.

  16. «Қалпына келу», «абилитация», «бейімделу», «әлеуметтік интеграция» ұғымдарының мәнін ашу.

  17. МШ тұлғалардың әлеуметтік бейімделу және қалпына келуінің негізгі міндеті.

  18. МШ тұлғалардың әлеуметтік жұмыстың принциптері.

  19. МШ тұлғаларды оқыту және жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік оңалту.

  20. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеудің және ықпалдастырудың оңалту технологиялары мен инновациялары.

  21. МШ тұлғалармен әлеуметтік жұмыстың құрамдық үлгісі, медициналық және әлеуметтік үлгі.

  22. «Тәуелсіз өмірдің концепциясы».

  23. «Әлеуметтендіру» ұғымы.

  24. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендіру мәселелері.

  25. МШ тұлғалармен әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік интеграция, әлеуметтік қалыпқа келу, әлеуметтендіру ұғымдарының ара қатынасы.

  26. МШ тұлғаларды қалпына келтірудегі кешенді шешім. Мүгедектерді әлеуметтік ортада қалпына келтірудің мәні

  27. «Тосқауылсыз архетектуралық орта» түсінігі.

  28. МШ тұлғаларды әлеуметтік қалпына келтірудегі спорт пен дене шынықтыру.

  29. Қалпына келтіру орталықтарындағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әдістері. Оқу тәрбие процесстері арқылы әлеуметтік бейімделу сұрақтарының шешімі.

  30. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен жасалатын әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері

  31. Білім алудағы бейімделу мәселесі. Мүгедектерді еңбекпен қамтамасыз ету мазмұны. «Еңбектерапиясы» түсінігі. Кәсіби бейімделу. Мүгедектерді еңбекпен қамтамасыз етудің спецификациялық ерекшеліктері. Әлеуметтік-мәдени бейімделу және қалпына келу.

  32. Қалпына келу кезеңдері: медициналық, әлеуметтік және кәсіби.

  33. Қалпына келудің әртүрлі кезеңдегі әлеуметтік жұмысының мазмұны.

  34. Онтогенетикалық даму бойынша терминологиялық сөздікті дайындау

  35. Мүгедек балалары бар ата-аналардың эмоциялық реакциялары. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұялардағы өзгерістердің үш деңгейі.

  36. Әлеуметтік оналту және бейімдеу жұмысты ұйымдастыру ұғымына анықтама беру. Әлеуметтік оналту және бейімдеу жұмысты ұйымдастыру пәні. Әлеуметтік оналту және бейімдеу жұмысты ұйымдастыру туралы түсініктердің эволюциясы.

  37. Құзіреттілік ұғымының психологиялық мәні неде? Әлеуметтік оналту және бейімдеу жұмысты ұйымдастыру ғылыми әдебиеттердегі анықтамаларының талдануы.


ШҚМУ ЕФ 027-13-03




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет