Өлең: «Бәйтерек» Бейсебай Кіріспайұлы
Негізгі бөлімі:
1-жүргізуші: Бердібек Соқпақбаевтің өміріне келетін болсақ, оның балалақ шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді. Осы туралы шағын анимациялық фильмді ұсынамыз: “Сен білесің бе?” анимациялық фильм
https://youtu.be/uTkARQveAdg
2-жүргізуші:
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды.
1-жүргізуші: Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушының өмірі мен шығармаларына шолу жасайық.«Назар аудар!»айдары (слайд көрсету)
2-жүргізуші: Шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повесті болды. Повесттегі басты кейіпкер Қожа. Ол әрине тентек, сотқар, бұзық бала. Осы қылықтары алғашында оны жағымсыз етіп көрсетеді. Осы шығарма туралы слайдты тамашалайық. (слайд)
1-жүргізуші:
Біз Қожаның тентектік іс - әрекеттерінің бірерін ғана тамашаладық. Бірақ жазушының басты мақсаты бұзық Қожаны көрсету емес. Керісінше өзінің ерсі қылықтарының дұрыс еместігін мойындап қана қоймай, олармен күресуге тырысатын саналы баланы көрсету.
Өлең: «Бердібек атаға арнау»
Кім білмейді «Менің атым Қожаны»,
Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.
Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан,
Соқпақбаев салған жолды саралы.
Балалықтың Қожа деген үлгісі,
Әр нәрсені келіп тұрар білгісі.
Таза көңіл, пейілімен баурады,
Ұнатты оны үлкені де, кішісі.
Біз де қазір сол Қожадай баламыз,
Кейде сондай тентек болып қаламыз.
Білімді боп, өнерлі боп жүрейік,
Ақ пейілді, ашық болсын санамыз.
Балалыққа саяхаттап барамыз,
Әдебиетке толы кітапханамыз.
Естелігін мәңгілікке қалдырған,
Соқпақбаев дара тұлға, атамыз.
2-жүргізуші: : «Ойлан тап» сұрақ – жауап:
1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
2.Б. Соқпақпаев кім?
3. Қай жылы қай жерде дүниеге келген?
4. Қожаның азан шақырылып қойылған аты кім?
5. Қожаның сынып жетекшісінің аты – жөні кім?
6. Қожаның анасының аты кім?
1-жүргізуші
7. Қожаның жүрегін жаулап алған қыздың аты кім?
8. Қожаны Қара көже деп мазақтайтын сыныптасы кім?
9. Қаратай деген кім?
10. Қожаның жан досы кім?
11. Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсірген кім?
Достарыңызбен бөлісу: |