Студенттің өзіндік жұмысы н 2-1-37-2021


) Магнийорганикалық қосылыстарды алу жолдары



бет3/3
Дата05.11.2022
өлшемі273 Kb.
#464039
1   2   3
синтезззз

2) Магнийорганикалық қосылыстарды алу жолдары
Магнийорганикалық қосылыстар галогеналкилдерінің металдарының магниймен әрекеттесуі құрғақ эфир ортасында жүреді . Кей жағдайда каталитикалық мөлшерде иод немесе дибромэтан косып , инициирлену процесiн жургiзедi.Магнийорганикалық қосылыстарды қолдану кезiндегi қауiпсiздiк ережесіне сай , бұл қосылыстарды синтездеу барысында эфирсіз әдiс колданылады . Магнийорганикалық қосылыстардың галогеналкилден немесе магнийден түзiлуi галоид тұздармен немесе әр түрлі металдардың оттекті қосылыстарымен , алкил туындыларымен катализденеді . Мысалы , бензол ортада магнийорганикалық косылыстардың түзiлуi тетрооксисиланмен инициирленеді


2)Магнийорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері
Магнийорганикалық қосылыстар бос күйінде бөлінеді , жоғары реакциялық қабілеті бар , реакцияда ұзақ уақыт сіңіріледі . Олар алмасу реакцияларына қатысады , Mg - Гал қалдығы сутекпен , алкилді радикалмен , әр түрлі металдармен , бейметалдармен орынбасады . Оларға тән негiзгi реакция магнийорганикалық қосылыстардың қосарланған поляризациялы байланыспен косылу реакциясы . Осы реакциялар магнийорганикалық қосылыстардың органикалық синтездегі маңызды ролін көрсетеді . Реакцияның негізгі мәні жаңадан түзілген С - С байланысына негізделген . Құрамында қозғалғыш сутек атомы бар қосылыстармен әрекеттесуі су , спирт , қышқыл , көмірсутек түзiп , магнийорганикалық қосылыстарды айырады . Бұл қосылыстардың тотығу реакциясы :
Магнийорганикалық қосылыстардың альдегидтермен , кетондармен және күрделі эфирлермен әрекеттесуі 1,2 - шi және 3 - ші ретті спирттердiң синтезімен аяқталады . Мұндай алмасу типі 3 - ші ретті спирттер алуда маңызды . Бул жағдайда магний тобында электртерісті сутек атомына косылады және түзiлген алкоголяттар сумен гидролизденедi . Магнийорганикалық қосылыстарды тек ерiтiндi күйiнде қолданады . Ертiндiлерде магнийорганикалық қосылыстар эфир молекулаларымен немесе басқа электродонорлы белшектермен сольватталған : Аталған қосылыстардың қасиеті көбінесе С - Мg арасындағы полюсті байланыспен анықталады . Бұл фрагментте көмiртек атомында жартылай терiс заряд бар , бірақ ол күшті электртерiстiлiк мәніне ие емес . Осыған байланысты ол электрофильді реагент жағынан …
Магнийорганикалық қосылыстарды көміртек атомымен берiк байланыс түзбейтін металл - тотықтырғыш галогенидтермен өңдегенде көмірсутекті paдикaл пайда болады . Ол әрі қарай димерленiп симметриялық алкан береді . R - Mg - Нal қосылыстарының әсерiнен тотықсызданатын және көміртек атомымен берік байланыс түзетiн металл галогенидтерi металлорганикалық қосылыстардың синтезі үшін қолданылады . 2C2H5MgBr + ZnCl2 → ( C2H5 ) 2Zn + 2MgBrCl 4CH3MgJ + Sic14 → ( CH3 ) 4Si + 4MgJCI 2CH3CH2 - CH2 - MgCl + HgCl2 → ( CH3 CH2CH2 ) 2 Hg + 2MgCl2 3C2H5MgBr + PC13 → ( C2H5 ) 3P + 3MgBrCl Магнийорганикалық қосылыстардың иодпен реакциясы алкилиодид синтезінде қолданылады . Бұл реакцияны ертіндідегi RMgHal мөлшерiн , яғни оны эфирдегі магний және алкилгалогенидтер алуда , магнийорганикалық қосылыстардың шығымын анықтауда колданылады .


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://stud.kz/referat/show/79882
https://kk.warbletoncouncil.org/magnesio-2097
https://kk.wikipedia.org/wiki/Магний



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет