Негізгі әдебиет: 4[182-199], 7[51-82]
Қосымша әдебиет: 9[236-283], 10[35-61]
Бақылау сұрақтары:
Қосындылағыш дегеніміз не?
Қосындылағыштар қалай жіктелінеді?
Көпразряддты тізбектелген қосындылағыштығ схемасын салыңыз.
Санағыш дегеніміз не және оныі жіктелінуі?
Санағышты еркін модульді түрде жобалаудың қанша әдісін білесіз?
Дәріс 8. ЖАДЫДА САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Жадыда сақтау құрылғылары (ЖСҚ) – деректерді, командаларды және программаларды жазуға, оқуға және сақтауға арналған техникалық жабдықтардың (программалық және аппараттық) кешені.
Жадыда сақтау құрылғыларында есептерді шешуге арналған алдын ала құрылған программалар және бастапқы деректер, жүйелік программалар, қолданбалы программалар, қосымшалар және т.б. жазылып, сақталынады.
ЖСҚ негізінен екі параметрмен сипатталынады:
сыйымдылықпен;
жылдамдықпен.
Жіктелінуі:
Міндеті бойынша:
Сыртқы ЖСҚ (СЖСҚ);
Жедел ЖСҚ (ЖЖСҚ);
аса жедел ЖСҚ (АЖЖСҚ);
буферлі ЖСҚ (БЖСҚ).
Ақпаратты орналастыру және іздестіру әдістері бойынша:
адрестік;
магазин (стектік);
ассоциативті.
Жадыны ұйымдастыру иерархиясы.
Заманауи ЭЕМ-дерде барлы жадыда сақтау құрылғылары бір иерархиялық құрылымға біріккен (8.1-сурет).
Сурет –8.1. Жады иерархиясы.
АЖЖСҚ ретінде ЭЕМ-де жеке түрде ұйымдастырылған (стек, магазин түрінде) жады, немесе жедел жадының бекітілген адрестен басталатын бөлігін (IBM PC) қолдануы мүмкін.
Буферлі жады құрылғысы - әдетте ЭЕМ-де әртүрлі мақсатта қолданылатын, сйымдылығы бар бірнеше буферлі жады құрылғысы (БЖҚ) болады: баспа құрылғысының БЖҚ, көлемі– 1-2 Мбайт; пернетақта БЖҚ – 256 символ; процессормен жедел жады арасында тұратын БЖҚ; жедел жады мен harddisc арасындағы БЖҚ.
Жедел жады (RAM), ЭЕМ-ң міндетті құрылғылар санатына жатады. Заманауи компьютерлерде жедел жады бірнеше микросхемалардан тұрады. Заманауи жедел жадылардың үлкен кқлемді болуы, оларға қатынас құру уақытын процессордың жұмыс циклына қарағанда ұзартады (4÷10 есе).
Сыртқы жадыда сақтау құрылғылары – ақпаратты негізінен жедел жадыдан алады.
Тұрақты жады құрылғылар – ақпаратты бірбағытты тасымалдау үшін қажет (ақпаратты оқу) .
Достарыңызбен бөлісу: |