Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені


Жартылайөткізгішті RAM-жады



бет21/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
UMK SUMP KZ1

Жартылайөткізгішті RAM-жады.
Жартылайөткізгішті жады түрлі жылдамдықтағы микросхемалар түрінде жасалынады. Олардың цикл ұзақтығы 100-10 нс аралығында болады.
Әдетте массивтерге біріккен жадының әрбір ұяшығында бір бит ақпарат сақталынуы мүмкін. 8.2–суретте осындай массивтің ұйымдастырылу жолы көрсетілген. Ұяшықтардың әр бір қатары жады сөзін құрайды, ал ұяшықтардың барлығы сөз желісі деп аталатын ортақ желіге біріккен, бұл желі осы чип құрамына кіретін адрес дешифраторымен басқарылады. Бағаналардың әрбір ұяшығы екі биттер желісінен тұратын Sence/Write схемасымен біріккен.



Сурет -8.2. Жады микросхемасында биттік ұяшықтарды ұйымдастыру.


Мұнда әрқайсысында 8 биттен болатын 16 сөзден тұратын өте кішкентай жады микросхемасының ұйымдастырылуы көрсетілген. Мұндай микросхеманың құрылымын 16х8 деп белгілейді. Бұл жады микросхемасы деректердің 128 битін сидырады және деректердің, басқарушы сигналдардың адресіне арналған 14 сыртқы желіні қажет етеді. Сонымен қатар, бұл микросхема үшін оны қорек көзімен және «жермен» біріктіруге арналған екі желі қажет.
Статикалық жады.
Микросхема негізінде жасалынған және өз күйін қорек көзімен қосылған уақыт ішінде ғана сақтай алатын жадыны статикалық жады деп аталады (Static RAM, SRAM). Мұндай жады қалай іске асырылатыны 8.3–суретте көрсетілген. Екі терістегішті (инверторды) біріктіру арқылы ілгіш қалыптасады. Бұл ілгіш Т1 және Т2 транзисторлары көмегімен екі биттер желісімен жалғанады.



Транзисторлар ауысты-рып қосқыштар сияқты қызмет атақарады, олар сөз желісінің басқаруымен ашылып, жыбыла алады. Сөз желісінде «жер» белгісі берілгенде, транзисторлар өшеді және ілгіш күйі өзгермейді. Мысалы, ұяшық «1» күйде болсын делік, ал Y нүктесінде – 0. Бұл күй сөз желісі «жер» белгісінде өзгермегенінше тұра береді.

Сурет -8.3. Статикалық RAM ұяшығы.


Оқу операциясы. SRAM ұяшығының күйін оқу үшін жадыны басқару схемалары сөз желісін белсенді етеді, нәтижесінде Т1 және Т2 кілттері жабылады. Егер ұяшық күйі 1-ге тең болса, b желісінде сигналдың жоғары деңгейі, ал b’ – төменгі деңгей байқалады. Ал егер ұяшық мәні 0-ге тең болса, бұл сигналдар қарама қарсы шамаға өзгереді.
Жазу операциясы. Ұяшық күйін орнату үшін сәйкес шаманы b желісіне береді, ал b’ желісіне оның қосымшасын береді, содан соң сөз желісі белсендендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет