Ақпаратты түрлендіру
|
Құбылыстардың бір класының құбылыстардың басқа класына бейнеленуі
|
Алгоритм
|
Тапсырманы шешуге қажетті әрекеттер мен ережелер жиынтығы.
|
Байт
|
8 биттен тұратын ЭЕМ жадынын немесе ондағы мәліметтердің мекентелетін ең кіші бірлігі.
|
Бит
|
екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды).
|
Бульдік айнымалылар (немесе функциялар)
|
Айнымалы шамалар мен олардың функциялары тек екі мәнді (0 және 1) қабылдайды.
|
Вейч-Карно картасы
|
Ықшамдауға арналған карта
|
Диаграмма
|
Сандық шамалардың немесе геометриялық тәсілмен орындалған олардың қатынастарының шартты бейнесі.
|
Д-кодалар
|
Екілік-ондық кодтар (8421, 2421, 7421. 8421+3, 8421+3 )
|
Дизьюнкция
|
Логикалық қосу
|
Екілік сан
|
1 және 0 түрінде берілген сан
|
Екілік-ондық сан
|
Сандар тетрада-тетрадамен шекаралары ашылып беріледі.
|
Жад
|
мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.
|
Жад сыртқы
|
мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған алмалы-салмалы жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).
|
Жад КЭШ
|
процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде пайдаланылатын, мәліметтер aлy (қатынас құру) уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі
|
Жад жедел
|
берілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.
|
Жылжытқыш
|
Санды жылжыту операциясын орындайды (аңға жылжытқыш, солға жылжытқыш).
|
|