Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені


Дәріс 2. ЦИФРЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Санау жүйесі. Екілік санау жүйесінде алгебралық қосу және азайту. Санау жүйесі



бет9/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
UMK SUMP KZ1

Дәріс 2. ЦИФРЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Санау жүйесі. Екілік санау жүйесінде алгебралық қосу және азайту.
Санау жүйесі.
Санау жүйесі сандарды цифрлық таңбалармен жазуға арналған әдістер мен ережелер жинағы болып табылады. Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді. Сандар цифрларының салмақтары әртүрлі және де салмақ мәні цифр позициясының номеріне тәуелді болатын санау жүйелерін позициялы деп атаймыз.
Жалпы жағдайда позициялық санау жүйесінде салмағы, мұнда сандағы позиция номері, ал - санау жүйесінің негізі немесе базисі деп аталатын нөлден өзгеше бүтін сан. Позициялық жүйеге ең қарапайым мысал ретінде ондық жүйені алуға болады. Мұндағы цифрлардың мәні ол жердегі санның орнына байланысты. Мысалы, 516(10) санында (санның жанындағы жақшалы индекс санау жүйесінің негізін көрсетеді) «5» саны бес жүзді білдіреді, ал 72(10) – санында 7 – саны жеті ондықты білдіреді.
Сандар разрядтарының салмақтары олардың позициясына тәуелді болмайтын санау жүйесін позициялық емес деп атаймыз. Позициялық емес санау жүйесіне мысал ретінде I, V, X және т.б.символдар жинағын қолданатын римдік жүйені алуға болады.
Ондық санау жүйесінің негізі . Бұл санау жүйесінің базисі он цифрдан тұрады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Екілік санау жүйесінің негізі: , ол екілік санау жүйесінде 10(2) түрінде жазылады. Бұл жүйенің базисі тек екі цифрдан тұратыны белгілі: 0 және 1. Екілік санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау төмендегі ережелерге негізделуі тиіс.



Екілік қосу

Екілік азайту

Екілік көбейту

0+0=0
0+1=1
1+0=1
1+1=10

0-0=0
1-0=1
1-1=0
10-1=1

0*0=0
0*1=0
1*0=0
1*1=1

Сегіздік санау жүйесінің негізі «сегіз» саны болып табылады, ол 10(8) түрінде жазылады да, келесі сегіз цифрдан тұрады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Арифметикалық операциялар төменде келтірілген қосу кестелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс (кесте 2.1) және (кесте 2.2).


Кесте 2.1 – Сегіздік санау жүйесінде қосу операциясын орындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет