Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Газ құрамын анықтау бөлімшелері



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#169894
1   2   3   4   5

18 - тарау. Газ құрамын анықтау бөлімшелері
261. Газ құрамын анықтайтын құралдар (әрі қарай-ГҚАҚ) және электроконтактты бақылау-өлшеу құралдарын газ тәрізді сутегі жүретін бөлмеде немесе жеке бөлмеде орналастыруға болады. ГҚАҚ-на жеке бөлменің қажеттілігі-алдын ала жобалауда дәлелделінеді.

262. ГҚАҚ-дарын жеке бөлмеде орналастыру үшін сырттан ауа сору тесігі арқылы сору желдеткіші және жарылыс қауіпті аймағы жалпы бөлме биіктігінен 0,75 м биік болады.

263. ГҚАҚ бөлмесі арнайы сутегі өндірісіне қатысты жерінде қаланады немесе салынады, болмаған жағдайда ГҚАҚ-н жеке бөлек тұрған ғимаратқа орналастыруға болады.

264. ГҚАҚ бөлмесі сақтандыру конструкциясымен жабдықталады. ГҚАҚ бөлмесінің және желдету жүйесінің техникалық касиеттері мына талаптар арқылы анықталады, әр сағат сайын бөлме ауасы тазартылып тұруы, сутегі концентрациясының жарылыс қауіпіне жетпеуі, газ келетін бір газ анықтағыш құбыр импульсінің толық үзілуі бөлмелер санына қарамастан анықталады және сутегі қысымы және шығын шектегіші болады. Шығын және қысым реттегіштері үлгі алу құрылғысында қондырылып ГҚАҚ бөлмесінен тыс, қауіпсіз жерде орналастырылады.

265. ГҚАҚ, жарылысқа қауіпті бөлмелерде, ондағы қойылған өлшегіш құралдардың түріне карамай-ақ мына шаралар қарастырылады:

1) жеңіл лақтырымды қоршау құрылымының аумағы бөлменің 1 м3 шаққанда 0,05 м2 кем болмайды;

2) дербес сыртқа шығу есігі немесе баспалдақ алаңына ауа беру тамбур-шлюзі арқылы, корридор және эвуакациялық сыртқы есігі бар жарылыстан қауіпсіз бөлме қарастырылады;

3) электрожарықтық электроқұрылым құрылғысының В - 1б аймағының талаптарына сәйкес болады;

4) бөлме сырт есіктері және терезелері жарылысқа қауіпті аймағының В-1а класымен ГҚАҚ бөлмесінің сыртқы есік, терезелерінің арақашықтығы 6 м кем емес, ал ашылмайтын бөлме терезелері арақашықтығы 4 м кем болмайды.

266. Мына ара қашықтықтар шектелмейді:

1) ғимарат ішіндегі коридордың ГҚАҚ бөлмесіндегі тамбур-шлюзі және басқа бөлмелердің есік ойықтары;

2) қалыңдығы 100 мм кем емес айнаблоктарымен толтырылған терезе ойықтары және басқа бөлмелердің есік терезе ойықтары.

267. Газды талдау аттесталған газ қоспаларын тексеру құралдарымен жабдықталады.

268. Эталонды және салыстырмалы газ таситын газ баллондарын анықтау бөлмесіне орнатуға болмайды. Олар жеке бір қабатты бөлмеде немесе атмосфералық жауыннан және күн радиациясынан қорғалған анықтау бөлмесінен қашық емес ғимарат сыртына орналастырылады.

269. Сутегі талдаудан кейін жүйеге қайтып келеді немесе атмосфераға жіберіледі. Автоматты құрал арқылы талданған газды шатырдан биіктігі 1 м кем емес бос қабырғадан шығарылған арнайы жеке құбыр арқылы немесе жіберілетін газдардың бір-біріне сәйкес коллекторі арқылы атмосфераға жіберіледі.

270. ГҚАҚ бөлмесінде қалдық сутегінің бар жоқтығын тексеретін арнайы белгі беруші орнатылады.

271. Трубкалардың қабырғалар арқылы сынап іріктелетін өтулері, газоанализаторлы бөлмені бөлуші, нығыздалады. Сынап іріктелетін трубка коридорлардың кесіп өтуі жанында, сутегімен толтырылған, болат құбырлар-қынаптарға болады, газоанализатор бөлмемен қосылған, қабырғаларға қынаптардың жанасуымен, коридордың жарылыс қаупі бар бөлмелермен бөлушімен, нығыздалады.

272. ГҚАҚ бөлмесінде адамдардың тұрақты жүруіне рұқсат етілмейді.



19 - тарау. Жылдам-лабораториялар
273. Электролитті сутекті алуға байланысы бар өндіріс лаборотияларын, жеке тұрған ғимараттарда немесе өртке, жарылысқа қауіпті емес ғимаратқа орналастырады.

274. Сутекті станцияларда біршама лабороториялық анализ жүргізу үшін, жылдам – лабораториялар қарастырылады.

275. Электролитпен, сутекпен және оттегімен жүргізілетін жұмыстар резеңке қолғаптармен сорғыш желдеткіші бар сорғыш шкафта немесе бокстарда жүргізіледі.

276. Шамдар сорғыш шкафтың ішінде жарылысқа қауіпсіз жағдайында орналасады. Сөндіргіш пен штепсельді сымдар шкафтан бөлек орналасады.

277. Сол жұмысқа қатысы бар сорғыш шкафтарды, ыдыстарды, приборлар мен лабораториялық жабдықтары бар жұмыс столдарын, үйіп тастауға болмайды.

278. Нақты бір анализ жүргізуге қатысы жоқ заттарды жылдам-лаборатория бөлмелерінде жүргізуге рұқсат етілмейді.

279. Химиялық байланысқа түсіп, өрт немесе жарылысты тудыруға себеп болатын заттарды бірігіп сақтауға рұқсат жоқ.

280. Түтінді қышқыл ыдысын, жеңіл тұтанатын реактивтер мен ерітінділердің бір тәулікті қажеттіліктен аспайтын көлемін, сол мақсатқа арналған сорғыш шкафтарда сақтауға рұқсат етіледі.

281. Металдық натрийді (калий) ыдыс ішінде керосин қабатының астында судан алыс жерде сақтайды. Жұмыс біткен соң натрий (калия) қалдықтарын раковина ішіне төгуге болмайды, таза қалдықтарын керосины бар банкіге сақтайды.

282. Күкірт қышқылын сумен араластырған кезде қышқылды ақырындап суға құяды. Суды қышқылға құюға рұқсат етілмейді.

283. Ыдыстарды, қышқыл, сілті және басқа да химиялық заттардың астында шаюға беру, тек қана толық босатылып және бейтараптандырғаннан кейін жүргізуге рұқсат етіледі.

284. Лабораториялық анализ жүргізілетін жылдам-лаборатория бөлмелеріне газы бар баллондарды орналастыруға рұқсат етілмейді. Осы талаптарға сай баллондар ғимарат қабырғасының сыртқы жағына орналастырылады.

285. Жұмыс толық аяқталған соң, барлық крандар мен бұрамалы бекіткіштер жабылады, материалдар мен реактивтері бар ыдыстар тығынмен бекітіледі, жарықтандырылу, желдеткіш пен жылыту приборлары сөндіріледі.

20 - тарау. Автоматика құрылғылары және оларды орналастыру бөлмелері
286. Жалпы өндірісте қолданылатын автоматизациялы қалқандардағы электрлі приборлар мен аппараттарды жеке қалқанды бөлмелерге (қоса салынған немесе жанастыра салынған), жарылыс қауіпті аймақтағы көршілес бөлмелерге және жеке тұрған ғимараттарға орналастырады. Оларды өндірістік бөлмелерге орналастыруға рұқсат етілмейді.

287. Бөлмедегі автоматты қалқанда (оператор) өрт және жарылыс қауіпті бөлме туралы хабарламада, жел жіберу коридор мен тамбур-шлюз арқылы жүзеге асатыны көрсетілген.

288. Құрылғыны бөлме өтпелері арқылы өрт және жарылыс қауіпті бөлмеге өткізуге рұқсат етілмейді.

289. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерді жарылыс қауіпі бар аймақтың, душтың, санузелдің, ылғалды технологиялық процесі бар өндірістік бөлменің және желдеткіш бөлмесінің үстінен орналастыруға рұқсат етілмейді.

290. Жоба негізінде шағын құрылғыларға (сутегі бойынша 40 м/сағ дейін) электр құрылғысы бар бөлмелермен бірге басқару жүйесін орналастыруға рұқсат етіледі.

291. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелердегі, қосып және жанаса салынған терезелердің қалыңдығы кем дегенде 100 мм болатын шыны блоктарынан жасалады.

292. Сыртқы есіктер мен терезелердің тік және көлденең ара қашықтығы, жарылысқа қауіпті аймақта соғылған және соғылып жатқан автоматикалық құрылғы орналасқан бөлменің сыртқы есігі мен терезесінің ара қашықтығы кем дегенде 4,0 м, ал ашылмайтын терезеден ашылатын есікке дейінгі ара қашықтық кем дегенде 6,0 м болады. Қалыңдығы 100 мм асатын шыны блоктарымен толтырылған әйнекке дейінгі ара қашықтық нормаланбайды.

293. Жарылыс қауіпі бар аймақтағы автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерді бөліп тұратын есігі мен терезесі жоқ қабырғаларды өртке төзімділігі кем дегенде 0,75 сағ. болатын жанбайтын және шаң, газ өткізбейтін заттардан жасайды.

294. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерді жарылыс қауіпі бар аймақтан бөліп тұратын қабырғаларға кабелдер мен электр сымдарын өткізу үшін, тесік істеуге рұқсат етіледі. Кіріспе тесіктерін жанбайтын заттармен мықты бекітіп қояды.

295. Бірінші қабаттағы автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерге шығатын бір жері болатын құрылғылар орнатуға рұқсат етіледі. Бұл шығатын жерді жарылысқа қауіпсіз коридор арқылы немесе жақсы орталы бөлме арқылы кәсіпорын аумағының сыртына орналасуы көрсетіледі; автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелердің екінші қабатта орналасуы кезінде және шығатын жерге сатылы торды немесе жарылысқа қауіпсіз коридорға құруға рұқсат етіледі.

296. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелердің аумағы 150 м2 асқан кезде, шығатын екі есігі болады. Осы жағдайда екінші қабатта орналасқан бөлмеден шығатын екінші есік жанынан балконға шығатын өрт сөндіру сатысы орнату қарастырылады.

297. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелердің едені диэлектрленген.

298. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерге түсетін электрлі жарықтандыру барлық құрылғыға жақсы түсуін қамтамасыз етеді және прибордың көрсеткіш шкаласына дақ түсірмейді.

299. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерге жұмыстық және авариялық жарықтандыру қарастырылады.

300. Автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелер, соған қоса түрлендіруші қосалқы станциялар телефон байланысымен жабдықталады.

301. КИПиА құрылғысы түрлендіруші, жұмыстың істеуі мен тоқтауын білдіретін немесе басқарып тұрушы оқшауланған электр желісінің зақымданғанын білдіретін дыбыс белгісімен және сәйкес болатын, электролиз процесі технологиялық басқару мен реттеу және жабдықтың жұмыс істеуін бақылау құралдарымен жабдықталады.

302. Көру аймағынан тыс жұмыс істеп тұрған жабдықты бақылау үшін, технологиялық дыбыс белгісі мен оптикалық прибор құрылғысы (айна, перископтар, телескопиялы құбыр және басқалар) және телебақылау құрылғысымен жабдықталады.

303. Әрбір электролизерларда токтың (мысалы, анодты эффект есебінде) жоғарлауы немесе төмендеуін ескерту үшін, автоматикалық құрылғылары орналасқан бөлмелерге (операторлы) қызмет көрсетуші персоналды хабарландыру мақсатында дыбыс белгісі орнатылады.

304. Электролизерді пайдалануда талап етіліп отырылған тәртіпте көрсетіледі:

1) басқару түрлендіргіштері мен басқару қалқанының агрегаты;

2) электролизерлі бөлімді дистанциялы авариялық түрлендіру басқышымен жүргізеді;

3) қалқандағы түрлендірушінің дистанциялы басқару күйі;

4) технологиялық көрсеткіштер бойынша электролизердің бір қалыпты жұмыс істеуі бұзылған кезде, автоматикалық түрлендіргіштерді өшіру.

21 - тарау. Өндірісті әрекетсіз газдармен қамтамасыз ету
305. Электролизді қондырғыларды қосудан алдын және өшіргеннен кейін азотпен үрленеді. Технологиялық тәртіп жүргізіп жатқанда құрамында сутегісі бар сутекті компрессорлар, аппарттар мен құбырларды іске қосардың алдына және өшіргеннен кейін азотпен үрленеді, егер де олар сутенің артық қысымың астында болмаған жағдайда. Үрлену жұмысының тоқтауы технологиялық регламентпен белгіленіп, анализбен анықталады: үрленіп жатқан газ құрамында сутегінің болуына рұқсат етілмейді.

306. Жабдықтар мен сутегі құбырларын үрлеу үшін, өрт сөндіру үшін, өндірістегі электрлі сутек азотқа қарағанда инертті газбен қамтамассыз етіледі.

307. Инертті газбен қуат алу көздеріне орталықтандырылған азот жүйесі, азот газификаторлары немесе азоттың қажетті сапасын алуға арналған жеке құрылғы болып табылады. Осындай жағдайларда азотқа жеке стационарлы ресиверлер қарастырылады. Бір ресиверді үрлеу мен өрт сөндіруге қолдануға рұқсат етіледі, егер ресивердің толу көлемі үрлеу мен өрт сөндіруге есептелген болса.

308. Өндіріс базасында қалыпты жағдайдағы сутегі электролизді құрылғыда 120 м3/сағ. үрлеу мен өрт сөндіру тазалығы 99,0 % кем емес баллонды рампыдағы азотты қолдануға рұқсат етеді, соған қоса технологиялық регламентке сай анализ жүргізіліп тұрады.

309. Үрлеу үшін қажет инертті газдың көлемі кем дегенде аз көлемдегі үрленген сутегі жүйесі бойынша 4 – ке тең болады.

310. Жарылысқа қауіпті бөлменің өрт сөндіруіне арналған инертті газдың (қалыпты жағдайда) жалпы көлемі, қорғалған бөлменің бірнеше ретті бос көлеміне қарағанда аз емес.

311. Үрлеу жұмыстары техникалық азотпен жүргізіледі. Таза аргонды қолдануға рұқсат етіледі. Үрленіп жатқан инертті газ құрамында механикалық және майлы ластанулар жіберілуіне рұқсат етілмейді.

312. Инертті газ құрамындағы оттегі мөлшері 1 % аспайды.

313. Электролиз процесіне мүмкін болатын карбонаттардың түзіліп кері әсер етуінен сақтау үшін, сілті ерітіндісі мен көмір қышқыл газы араласып жатқан электролизді құрылғы аппараттарын үрлеуге рұқсат етілмейді. Сутегі және оттегі ресиверлері азотпен де көмір қышқыл газымен де үрленеді.

314. Сутегіні қолданумен байланысты бөлмедегі барлық жағдайларда, ресиверлі алаңдарға инертті газды үрлеу мен өрт сөндіруге арналған стационарлы құбырларды ажырату қарастырылған.

315. Үрленіп жатқан инертті газдың қысымы үрлеуші жүйенің қысымынан аспайды.

316. Әрбір азот жүретін құбырды ғимаратқа енгізген кезде кері қайтарғыш клапан, бекіткіш тетік, ал әрбір құбырдың бөлігінде (әрбір бөлмеге енгізген кезде) манометр мен бекіткіш тетік орнатылады.

317. Кері қайтарғаш клапанды ғимаратқа кіретін жеріне орналастырғаннан басқа, оны аппаратқа баратын әрбір құбырға орнатылады, егер де ол ондағы инертті ортаны сақтау үшін арналған болса. Газ құбырлары арқылы жүйелер мен аппаратқа келетін есептелінген инертті газ қысымы, инертті газ құбырындағы қысымнан төмен, оларға редуцирлеуші құрылғы, сақтандырғыш клапан мен манометрлер орнатылады.

318. Егер де үрлеуші инертті газдың қысымы сорып алушы І дәрежелі компрессорлы құрылғының қысымынан жоғары болса, үрлеуші газдың енгізуші желісіне келесідей құрылғылар орнатылады (кезектей, үрлеуші газды есептеу бойынша): қолды бекіткіш тетік, қолмен іске қосатын редукционды клапан, сақтандырғыш клапан, кері қайтарғыш клапан, газ құбырын жинап алатын жер.

319. Егер де үрлеуші газдың қысымы сорып алушы І дәрежелі компрессорлы құрылғының қысымынан аз болса, қолмен жұмыс істейтін редукционды клапан мен сақтандырғыш клапанды орнатуды қажет етпейді.

320. Инертті газды аппараттар мен құбырларға үрлеу үшін, екі жағынан бітегіш арматурамен бекітілген жердегі құбыр арқылы жүргізіледі.

321. Алынып-салынатын бөліктерді үрлеген соң ажыратылады, ал сутегі жағындағы арматураға ұстағышы бар бітегіштер орнатылады. Құбырларды ажырату, сәйкес орналасқан екі бұрандалы бекуіткішті ажырату арқылы және олардың арасынан атмосферамен қосылған үрлеуші бұрандалы бекіткішті ашу арқылы жүргізуге рұқсат етіледі.

322. Компрессорға бөтен денелер мен шаңдардың түсуін болдырмау үшін, инертті газды немесе ауаны жіберу желісіне сүзгілер (торлар) немесе басқа да эффективті сақтау шаралары қарастырылады.



22 - тарау. Қауіпсіздік белдемшелік құрылғылар, алаңқайлар және баспалдақтар
323. Барлық өткелдер, алаңқайлар, сатылар, ашық ойықтар, өтпелі көпірлер, монтаждау ойықтары және тағы басқалар биіктігі кем дегенде 1,4 м дейін қоршалады және төменгі жақ биіктігі 0,14 м дейін тұтас қапталады.

324. Қызмет көрсетуші жабдықты 2,0 м биіктікке орнатқан кезде, соған жету үшін стационарлы сатылар мен қоршалған алаңқайлар қарастырылады.

325. Саты биіктігі 4,2 м аспағанда сатының иілуі 45° аспайтындай етіп орнатылады.

Сатылардың биіктігі - 0,2 м аспайды.

Күнделікті қызмет көрсетуші алаңқайлардағы сатылардың ені - 0,8 м кем болмайды.

326. Жабдықтың шығып тұрған құрылымдары мен бөліктеріне қарағанда алаңқайлар ені 0,8 м кем болмайды.

327. Сатылар ені 0,2 м кем болмайды. Саты басқыштары тігінен орналасқан және олар бұдырланған темірден немесе тесіліп - созылған темірден жасалады.

328. Құдықтар мен ойықтарға жету үшін, тік сатыларды қолданады.

329. Компрессорлы және толтыру алаңқайлары, саты басқыштары мен каналдарды бекітуге арналған металл құрылыстары, өткізу жерлері мен қызмет көрсету жабдықтары резеңкеден жасалған төсеніштерден немесе басқа да ұшқын бермейтін материалдардан жасалады.

330. Құбырларға арналған эстакадалар немесе шатырмен қоршалған тік сатылар әрбір 40-60 м сайын жүретін баспалдақтарға ие, ал өтпелі эстакадалар, соған қоса, төсеніш және сүйеніштер отқа жанбайтын материалдардан жасалады.



23 - тарау. Ауыр, қауіпті және қол еңбегін керек ететін жұмыстарды механизациялау
331. Жабдықтарды құрастыру, бөлшектеу, жөндеу жұмыстарына және технологиялық мұқтаждықтарға транспорттық көтеру-түсіру құралдары мен механизмдері қолданылады. Бұларды құралдарды таңдау қондырылған жабдықтардың сипаттамасына, агрегаттардың санына, жөндеу жұмыстарының мерзімділігімен және ұзақтығымен анықталады.

332. Жарылыс-өрт қауіпті жұмыс орындарында және қондырғыларында қолмен іске қосылатын транспорттық көтеру-түсіру құрылғылары мен механизмдерін пайдаланған кезде, оларды қауіпсіз пайдалану шаралары қарастырылады.

333. Технологиялық жұмыс орындарына шикізат пен әртүрлі қоспаларды жеткізу толық механикаландырылған. Өндірістің көлемі мен шарттарына байланысты келесі процестер механикаландырылған:

1) барабандарға қатты улы натрды, улы калийді салу немесе ерітуге арналған бакқа балқыған сілтілерді құю, олардың түсіру;

2) түйісу аппараттарына катализатор тиеу, оны түсіру;

3) кептіргіштерге адсорбент тиеу, оны түсіру.

334. Баллондарды жөндеу және гидросынау кезінде (вентиль-бекіткіштерді бұрап алу, баллонның сыртқы бетін тазалау және бояу) қол еңбегін қажет ететін операциялар механикаландырылады.

335. Транспорттық көтеру-түсіру құралдары баллондарды, баллон-контейнерлерді тиеу-түсіру жұмыстарын, компрессорлардың, сорғылардың және басқалардың электрқозғалтқыштарын жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

336. Кабель желілері және электрлік жабдықтар, электр қондырғыларының құрылғысына қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес жарылысқа қарсы қорғалған болады.

24 - тарау. Электротехникалық құрылғыларға қойылатын талаптар
337. Электролиздік сутегі өндірісінде қолданылатын электр қозғалтқыштарды, реттегіштерді, бақылау-өлшеу және қорғау аспаптарын, басқа да электр жабдықтары мен электр қондырғыларын орналастыру, пайдалану және жөндеу жұмыстары, электр қондырғыларын пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.

338. Жарылыс қаупі бар аумақ шартты түрде еденнен бастап есептегенде бөлменің биіктігінің 0,75 есе биігі белгісінен жоғарырақ қабылданады, бірақ егер бар болса, крандық жолдардан жоғары болмайды.

339. Жарылыс қаупі бар аумақтарда қолданылатын электр жабдықтары, орналастырылатын аймақтарын есепке ала отырып қабылданады.

340. Фундаменттерге, рамаларға және басқа конструкцияларға орналастырылатын электр техникалық жабдықтарда көрінбейтін электр желілері болмайды. Алмалы-салмалы электрлік жалғаулар қызмет ету үшін қолайлы болады.

341. Көршілес жарылыс қаупі бар бөлмелердің қабырғалары арқылы құбыр және электр желілерін өткізген кезде, тесіктер отқа жанбайтын материалдармен нығыз бекітіледі.

342. Түрлендіргіш агрегаттарды қорғаныстың келесі түрлері болады:

1) басқару жүйесінде ток келмей қалудан қорғау;

2) вентильдерінің қызып кетуінен қорғау;

3) тұйықталудан жерге түзетілген токтан қорғау;

4) ішкі және сыртқы қысқа тұйықталудан қорғау;

5) шамадан тыс электр қуатынан қорғау.

343. Тиристорлық өңдегіш агрегаттарға жалғанатын кабельді болат және брондалған құбырларға салуға рұқсат етілмейді.

344. Сутегі электролизі құрылғыларының электрлік желілері, мыс сыммен немесе жоғары механикалы және тозулық берік мыс қорытпаларынан жасалған сыммен жүргізіледі. Желілерге даттануға қарсы лак, ал жұмыс істеу температурасы 45°С жоғары бөліктеріне ыстыққа берік лак жағылады.

345. Сымдар мен кабельдерді электролизерлер арқылы жүргізуге рұқсат етілмейді.

346. Электролиздік қондырғыларда ток кернеуінің сыртқа кетуінін азайту мақсатында – электролиттерді қайта пайдалану, ток өткізбейтін материалдардан жасалған құбырларды пайдалану және басқа тиімді шаралар қарастырылады. Бұл жағдайда электролит құбырында ағынды бөлу құрылғысын пайдалануға рұқсат етілмейді.

347. Ішкі қысқа тұйықталып қалған немесе тесіктері тығындалып қалған электролизер қондырғыларының ұяшықтарын өшіру үшін жеке шунт-токты айналдырып өткізу құрылғысын қолдануға рұқсат етіледі.

348. Қоса салынған және жанастыра салынған таратқыш құрылғылар мен трансформаторлық бекеттерден жарылыс қауіпті аумағы бар бөлмелердің сыртқы есіктер мен ашылмайтын терезелеріне дейінгі ара қашықтық 4 м кем болмауы, ал, есіктер мен ашылатын терезелеріне дейінгі ара қашықтық 6 м ем болмауы керек. Қалыңдығы 100 мм шыны блоктармен қаланған терезелерге дейінгі ара қашықтық мөлшерленбейді.

349. Жарылыс қауіпті аумағы бар бөлмелерден бөлек тұрған таратқыш құрылғылар мен трансформаторлық бекеттерге дейінгі ара қашықтық, ғимараттардың отқа төзімділігіне байланысты қабылданады.

350. Электролиздік сутегі өндірісінің технологиялық процесінің жүруін қамтамасыз етуші электр жабдықтауыш құрылғылар, сенімділігі екінші дәрежеліге жатады. Апаттық және эвакуациялық жарықтандырудың сенімділігі бірінші дәреже бойынша қабылданады.

351. Электролиз құрылғыларын электрмен жабдықтау жүйесінің қажетті сенімділігін қамтамасыз ету жобалаушы ұйыммен анықталады.

352. Орта белінен жерге қысқа тұйықталған электролизер үшін оқшаулағыш тіректерін бүлінуден сақтау түрі қолданылады.

353. Сутегіні алуға арналған электролиз құрылғыларының салқындатқыш генераторларының реттегіш агрегаттары 0,4 кВ реттегіш құрылғыға қосылады.

354. Тиристорлық түрлендіргіштер орналастырылған агрегаттық бөлмелерде, айналасы тормен қоршалған төмендетуші трансформаторларды жайғастыруға рұқсат етіледі.

355. Жылжымалы аспалы шамдарды стационарлық төмендеткіш трансформаторлар арқылы іске қосады. Жылжымалы трансформаторларды қолдануы рұқсат етілмейді.

356. Қосқыштар мен трансформаторлар жарылыс қаупі бар қоспалар аумағына сәйкес таңдалады (сутегі үшін – IICT1).

357. Жұмыстарды жалғастыруға арналған апаттық жарықтандыру талап етілген жарықтандыру нормасының 10 пайызынан кем болмайды.

358. Эвакуациялық жарықтандыруды өтетін жерлерге, дәліздерге, еденде және сатылардың бойымен кемі 0,5 лк жарықтықпен жүргізеді.

359. Жөндеу кезінде аппараттардың ішкі жағын жарықтандыру металл торлармен қорғалған, қуаты 12 В кем, жарылыс қауіпсіз, жылжымалы қол шамдармен жүргізіледі.

360. Кернеуі 250 Вольттан жоғары электролизерлер, электрлік құрылғылар Талабы бойынша, айналдыра тор қоршаумен қоршалады.

361. Электролиздік қондырғылардың жабдықтары, құбырлары және тетіктері, машина бөліміне дейін, жерге тартқыш құрылғыға жалғанған үздіксіз электрлік жүйені құрайды.

362. Электролизерлік бөлімшедегі барлық аппараттар және құбырлар екі нүктеден жерге қосылады. Жерге қосатын құрылғының кедергісі 100 Ом артық емес. Сүзгі-сығымдауышы конструкциялы электролизерлер жерге қосылмайды. Егер әрбір жұп фланецтің кедергісі 0,03 Ом аспаса, фланецтік қосылыстарда өзара қосқыш темір қоймауға рұқсат етіледі.

363. Сутекті компрессорлық құрылғылардың электр жабдықтарының жерге тұйықталуын, электрлік құрылғылар Талаптары бойынша орындалады.

364. Электролиздік сутегі өндірісінің технологиялық жабдықтары статикалық электрден қорғалады.

365. Суды электролиздеу арқылы сутегін алу қондырғысының технологиялық құбырларына қондырылған бөлектеуіштердің қажеттілігі жобамен анықталады және олар электролизердің бөлшек жинағына кіреді. Егер электролитті әкелу және шыққан газдарды әкету ортаңғы жермен жалғанған құрылғыдан шыққан, ал электролизер тұрақты энергия көзіне жалғанған болса, бөлектеуіштерді құбырларда қондыруға рұқсат етілмейді. Бөлектеуші қоспаның жеткізушілерді құбырларда орналастырады. Егер электролит немесе газдардың келтірілуі мен әкетілуі екі немесе одан көбірек нүктеден болса құбырларға бөлектегіш орнатылады.




25 - тарау. Электрлі ыдыратқыштарды пайдалану кезіндегі

электрлік қауіпсіздік
366. Сутекті станциялардың электролизерлік бөлімшелері қауіптілігі жоғары нысанға жатады.

367. Күй-жағдайлары жұмысқа электролизерлерді іске қосу, оның электроизоляциясын, аспаптарын және оның үстінде бөгде заттардың болмауына көз жеткізгеннен кейін жүргізіледі.

368. Жұмыс істеп тұрған электролизерлерге, әсіресе, шекті тақтайшаларды қолмен ұстауға болмайды.

369. Электрлік доға көрінуі құтылуына электролизер элементтерінің электрлік изоляциясының сыртқы қабаты бүлінген кезде, сілтілік ерітіндінің электролизердің тартпа төлке-болттарына және изоляторларға монополярлы тақталардың астына төгілуіне жол берілмейді.

370. Электролизерлерді айнала еденге диэлектрлік кілемшелер төселеді.

371. Іске қосылған электролизер барлық жақтарынан, «Кернеуге қосылған» деген жазуы бар сақтық тақтайшалар ілінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет