13 - тарау. Сутегіге арналган газгольдерлер (ылғал)
163. Аудандарда жылытылған қабырғаға ие ылғалды газгольдердің болатты резервуарының жағуға арналған есептелінген температурасы -25°С төмен емес.
164. Газгольдерлер мыналармен жабдықталады:
1) судың тұрақты түсуін және ағызудың ағынша қалталар арқылы өтіп тұруын бақылайтын жүйемен жабдықталады;
2) газгольдерлердің сумен толу деңгейін көрсететін дистанциялық көрсеткішпен жабдықталады;
3) қоңыраудың шеткі және төменгі жағдайынан өткізетін автоматты түрде сәулелі және дыбысты сигналдарымен жабдықталады;
4) қоңыраудың ортаңғы қақпағынан үрлеп тұратын шырағданмен жабдықталған. Қоңыраудың төменгі бөлігін компрессормен қоршайды.
165. Сулы газгольдерді өндірістік газ құбырларына жалғау тек бір ғана газ құбыры «тұйық көшеге» арқылы немесе екі газ құбыры арқылы «өтуге» жүргізуге рұқсат етіледі.
166. Газды газгольдерге енгізу және оны қайта шығару жылытатын бөлме-енгізуші (шығарушы) газ камерасы арқылы жүзеге асырылады. Газды тұрақтар резервуарындағы су деңгейінің үстінен кем дегенде 50-100 мм шығып тұрады.
167. Газды енгізуші құбырда орналасқан жеткізуші және апарушы газ құбырларындағы конденсатты жөндеу жұмыстарына апарарда газгольдерді сөндіру үшін, гидравликалық бітегіштер орналастырылады.
168. Апаттық жағдайларда және жұмыс кезінде гидробітегіштерге құю үшін, газды енгізу камерасына (шығару) су әкелініледі.
169. Газды енгізуші (шығарушы) камерасында орналасқан гидробітегіштер мен басқа да құрылғыларды арматурмен басқару камерасы болған жерден жоғары аумаққа шығарылады.
170. Газгольдерді жөндеу мен тазалау кезінде, сол резервуардан суды канализацияға ағызу, тек резервуар түбінде орналасқан штуцер арқылы жүзеге асырылады.
171. Резервуардан суды құю жоғарғы құйғыш қалта арқылы жүргізіледі. Ағызу тесігі қалтаның төменгі бөлімінде орналасады.
172. Газгольдер резервуарындағы судың температурасы 4°С төмен болмаса ғана қабылданады.
173. Газгольдер қоңырауындағы қосымша жүктер қоңыраудың барлық бетіне біркелкі немесе қоңырау контрукциясының периметрі бойынша бөлінеді және мықтап бекітіледі.
174. Газды енгізу (шығару) камерасының құрылыс конструкциясына отқа төзімділігі 2,5 сағаттан төмен емесі қолданылады.
Камера шұңқырына түсу үшін тұтқалы саты орналастырылады.
175. Газды енгізу (шығару) камерасы табиғи желдеткіш құрылғысымен жабдықталады.
176. Газгольдер айналасындағы қоңырауда орналасқан арматураға қызмет көрсету үшін, сатысы бар алаң орналастырылады.
177. Тұтынушылар мен электролиз цехынынан газгольдерді сөндіру үшін, жеткізуші және апарушы газ құбырларына жақын орналасқан газгольдерде ысырмалар орналастырылады. Газ құбырларының диаметрі 400 мм артық болғанда, ысырмалар дистанциялық басқару қоршауымен жабдықталады.
178. Газгольдерлер коррозиядан сақталады.
179. Жөндеу үшін тоқтату кезінен бөлек кезде, газгольдерден сутегіні толық шығаруға рұқсат етілмейді.
180. Газгольдерді жөндеу жұмысы тек қана, газгольдерді инертті газбен және ауамен үрлейтін газ желісінен ажыратқан кезде жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары тек қана қоңырау түбіне түскеннен кейін жүргізіледі. Қажеттілік жағдайында газгольдер қоңырауы басқарушы жақтарға мықты асылады.
181. Жіберу кезінде газгольдерді жөндеу, үрлеу және толтыру кезінде, оларды тазалау жұмыстары технологиялық тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Газгольдерді үрлеу инертті газбен жүргізіледі.
182. Газгольдер аумағына тек қана көрсетілген тәртіп бойынша кіруге рұқсат етіледі.
14 - тарау. Сутегіні сығымдау
183. Жарылысқа кауіпті қозғалтқыштың компрессорға қозғалысты-жалғастырғыш, редуктор, электрқозғалтқыш және компрессор білігінің фланецті қосылуы арқылы беруге болады.
184. Сутекті компрессор және оның электр қозғалтқышы ғимарат контрукцияларына байланыспаган фундаменттерде орналастырылады.
185. Динамикалық жүктің тиеулері азаюы үшін сутекті компрессорларды діріл бейтараптандыру фундаменттерде орналастырылады немесе дірілді реттегіш құрылғысы (дірілді тежегіш) пайдаланылады немесе дірілдеулердің азаюына арналған басқа өлшемдер қабылданады.
186. Компресссорлық құрулар жабдықтар орналасқан жерде (машиналы зал) сутегіні ыдырату процесіне қатысты емес аспаптар, жабдықтар, технологиялық немесе конструктивті емес қондырғыларды орналастыруга рұқсат етілмейді.
187. Технологиялық немесе конструктивті байланысқан компрессор жабдыгына келесілер жатады:
1) сүзгі, май-ылғал айырғыш, сепараторлар, сорушы және айдаушы буферлі сыйымдылықтар (ресиверлер), саты аралық, бастапқы және ақырғы газ салкындаткышы;
2) машиналы залға жалпы және өзіне меншікті компрессорлық үрлеулерінің багы, май тұндыргышы;
3) қозғалыс механизмдерін майлау және машиналардың май багін қоса алғандагы қондырғылар жүйесі;
4) цилиндрлер және сальниктер майлау қондырғыларының жүйесі;
5) сальниктерді тазарту қондырғыларының жүйесі;
6) машиналарға май беруге арналған қысымды шығыс сыйымдылығы;
7) жергілікті басқару қалқандары;
8) өтулер үйіп тастаушы емес, қурал, аспап және қосалқы бөлшектерді жөндеуге арналған арнайы бөлек орындар.
188. Машиналар бөлмесінен тыс компрессор бөлмесінің құрамына компрессорлерге орталықты маймен қамтамасыз ету пункті және бактерде май ауыстыру кезіндегі қолданылған майларды жинау орны кіреді. Аз өнімді компрессорлар бөлмесінде орталықты маймен қамтамасыз ету жүйесін орнатпауға болады, бірақ бұл жағдайда төгу-құю жұмысы кезінде май сыртқа төгілмей сақталады.
189. I сатылы сору жүйесіне қойылған сутегі компрессорларда бекіткіш алдында, бекіткіш тетіктерден газ шығуын болдырмас үшін, ұзақ уақыт тоқтап тұрған, кезде қолмен іске қосатын, оның ауа шықпауын тексеруге арналған ағын тетігі бар, екі еселенген бекіткіш тетігі қойылады.
190. Сутекті компрессорлар жарықты және дыбысты автоматты сигнал беру және тежегіш беру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Автоматты құрылғы (тежегіш беру) компрессор қозғалтқышына қосылуына келесі көрсеткіштерге рұхсат етпейді:
1) егерде қысым сорып алушы берілген сызықтан төмен болса (100 мм су көрсеткішіне дейін);
2) егерде жүйеде су салқындатқышы болмаса;
3) егер айналдыру жүйесінде май қысымы берілген көрсеткіштен төмен болса;
4) егерде компрессор қозғалтқышының қаптамасын ауамен алдын ала үрлемесе;
5) желдету желпу жүйесінде ауа қысымы берілген көрсеткіштен төмен болса.
191. Сутекті компрессорлары, компрессорлардың жұмысының технологиялық жұмыстарын бақылайтын, белгі беретін және оның қалыпты жұмыс жағдайынан шығуына себеп болатын шекті көрсеткіштерді тежейтін автоматика жүйелері және жабдықтары:
1) компрессорға шекті қысымының әрбір сатыдағы қысуларының белгі берушісі;
2) компрессордағы минимумнан төмен қысымның жығылуындағы сорушы жүйесіндегі көрсетілген тежегіші;
3) компрессордағы көрсетілгеннен жоғары қысымның жоғарылағандағы сорушы сызығының немесе қысымның шығуындағы тежегіші;
4) салқындатылған судың және тежегіш магистраліндегі салқындатылған су ағысының «қысым жығылуындағы» жоқтығының шекті шығын көрсеткішінің белгі берушісі;
5) компрессорлардың механизмдерді айналдырғышпен майлау жүйесіндегі май қысымының мүмкіндігінен төмен болғанындағы белгі берушісі және тежегіші;
6) технологиялық регламентпен бекітілген негізгі подшипниктің температурасы мүмкіндігіненде жоғарылағандағы белгі берушісі және тешегіші;
7) көрсетілгеннен төмен айналдыру құрылғысы жүйесіндегі ауа қысымының үрлеуінің жығылуының белгі берушісі мен тежегісі;
8) компрессордегі шекті сутегі температурасының қысылуы 5 сатыдан кейін белгі берушісі;
9) апаттық жағдайдағы компрессорды іске қосу кезіндегі белгісіз себептермен тежегіштің қосылуы. Егер автоматты түрде құрылғылар іске қосылса (тежегіш), компрессор электрқозғалтқышы жұмысын тоқтады.
192. Сутегі айналымда жүретін бөлмелердегі компрессорлардың және басқа да электрқондырғылардың электрқозғалтқышының жарылысқа қорғаныс деңгейі жарылысқа қауіпсіз болып қарастырылады.
193. Сутекті компрессорлер қысу сатылары құрамында сақтандыратын қақпақша, қысым және су температурасын өлшеуге арналған құралдар және салқындатын сулары болады.
194. Компрессордегі жоғары қысымды коллекторден ажырату үшін айдағыш газ құбырына кері қақпақша және екі тиекті бұрамалы бекіткіш орналастырады, тағы да сол екі араға атмосферамен тікелей қатынастағы 6 мм кем емес шартты өткізгішпен тесік қондырылады. Кері қақпақша компрессормен тиекті құрылғының ортасына орналастырылады.
195. Сорғыш және айдағыш сутегі коллекторы компрессор бөлмесінің ішіне қондырылады. Компрессор бөлмесіндегі коллекторге тетіктер орналастырылады, сығымдау жүйесіндегі апаттық газ ағу барысында коллекторді автоматты түрде жабады.
196. Айдағыш коллектор компрессор бөлмесіне ашық түрінде өтеді, ал жабық сутегі құбырының нығыздағышы компрессор бөлмесіне өткізілмейді.
197. Сутекті компрессор тұрған еденде жарылысқа қарсы «артық қысым астында урлеу» деген атпен, электроқозғалтқышты үрлеуге газ құбыры жүргізіледі.
198. Сутекті компрессор құрылғылары ылғалды және ластанған газбен жұмыс істеуге тыйым салынады.
199. Компрессор құрылғылары жобалау кезінде белгілегендей, су сатысының қысымы 100 мм болатын сорғыш сутегі құбырларына сырттай буферлі сыйымдылық қондырылады.
200. Компрессорлердің баллон толтырарда сутегі тазалығы 99,7 % кем болмағанда іске қосылады.
201. Сумайажыратқыш құрылғысын үрлеу кезінде май және су арнайы сыйымдылыққа құйылады.
202. Компрессор келесі арнайы технологиялық тәртібі бұзылғанда тоқтатылады:
1) егерде дүрсіл немесе соққы болса (компрессорда, қозғалтқышта және басқаларда);
2) бақылаушы-өлшегіш құралдары дұрыс жұмыс атқармаса;
3) салқындатқыш су температурасы мүмкіндігінен жоғарылап кетсе;
4) айдағыш қатарындағы немесе компрессор цилиндрінде қысым мүмкіндігіненде жоғарылап кетсе;
5) компрессордың майлау жүйесі дұрыс жұмыс атқармаса;
6) дара тетіктер мен бөлшектер қызып кетсе;
7) күйсе;
8) жарықтандыру болмаса.
15 - тарау. Баллондарды сутегімен толтыру және босату
203. Толтыру бөлмесінде биіктігі 2,2 м болатын темірбетонды қабырғамен қоршалған, сыйымдылығы 16-40 литрлік баллон сиятын, бос және толтыруға дайын арнайы кабиналар қарастырылады.
204. Сутегімен баллондарды тік және көлденең жағдайда толтыруға болады.
205. Бөлме ішіне баллондарды көлденең түрінде жинауға болады, бірақ баллондар жұмыс орнынан 16 мм кем емес болат қалқанмен бөлініп тұрады. Қалқанда бұрандалы бекіткішке арнайы тесік калдырылады, тесік шеттері тез тұтанбайтын арнайы құралдармен қапталады (мысалы, резеңкемен).
206. Бұрандалы бекіткіштерді басқару жүйесін (баллондарға сутегі құю, баллондардың вакуумдау, рампа бұтақтарының ауыстырып қосуы және басқалар) компрессор бөлмесіне орналастыруға болады. Қалқан алдында жұмыс атқару үшін ені 1,5 м болатын бос орын болады. Ондай жағдай болмаған кезде, қалқан мен баллон толтырылатын жердің арақашықтығы 1,5 м кем болмайды және биіктігі 2,2 м кем емес темірбетон қабырғамен қоршалады. Ал егерде баллондар тік жағдайда толтырылатын болса, бұл жердеде бұрандалы бекіткішті басқару жүйесінің қабырғасы 16 мм кем болмайтын болат қаңылтырмен қоршалады.
207. Бұрандалы бекіткіш қалқаны мен баллон толтыру қабырғасы арасының ені 0,8 м кем болмайды.
208. Қысым әрбір орындарда мүмкіндігіненде жоғарылағанда белгі беретін, толтыру орындарында түйіспелі монометр және сақтандырғыш қақпақша орнатылады. Сутегіні ыдырату кезінде компрессор қысымының соңғы сатыда көтерілген кездегі автоматты қорғанысы болса, сақтандыру қақпақшасы мен түйіспелі монометрді толтыру орнына орналастыру жобалаумен қарастырылады.
209. Сутегіні баллондарға біртіндеп немесе көп мөлшерде баллондар тиелген контейнерге толтыруға болады.
210. Өндіріс ғимаратынан тыс бос қабырға жерінде, арнайы баллондарды сутегімен толтыру контейнерін, босату орны және сутекті баллондар сақталатын контейнерлерді орналастыруға болады. Сутегі баллондары бар контейнерлерді камераларда және жылжымалы жарылыс-өрттен қорғалған қалқанмен қоршалған өндірістік немесе терезелері бар қойма ғимаратының ішіне орналастыруға болады.
211. Контейнерлер және көрші орналасқан ғимараттар мен имараттар арақашықтығының сәйкестігі осы Талап бойынша анықталынады.
212. 36 дана баллон тиелген контейнерді толтыруға ашық алаң пайдаланылады. Контейнерлерге арналған алаң жеңіл өртенбейтін құралдардан құралады. Баллондарды контейнерлерге артып-түсіру жұмыстары үшін арнайы жүк көтеретін құрылғы қолданылады.
213. Сутегіні толтыру мен босату орындарында және сутегі мен басқа баллондарды сақтау қоймалар ішінде баллондарды ауыспалылығына арналған өтулердің ені 1,4 м кем болмайды.
214. Толтырылған баллондар, баллондарды толтыру және босату орындарында терезе еденнен 1,5 м кем емес жоғарылықта орналастырылады.
215. Жүк тиеу және түсіру алаңында, баллондарды толтыру, босату және сақтау бөлмелеріндегі еден таңбаларын тиеу-түсіру құралының тәуелділігімен анықтайды. Толтыру және босату орындарында транспорттық құралдармен қамтамасыз етілген жағдайда жоспарлаған белгіні 150 мм жоғары алуға болады. Толтыру және тиеу-түсіру орындарында өртенбейтін құралдардан шатыр қарастырылады.
216. Газы бар баллондармен сақтау орындарында қандайда болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
217. Сутегімен толтыруға дайындалған баллондардың қалдық қысымы 0,05 МПа болады.
218. Толтыру орнына баллондар арнайы арбалар немесе контейнерлермен тасылады.
219. Тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде баллондардың құламауы, зақым келмеуі және ластанбауы шарасы қарастырылады.
16 - тарау. Тұтынушыларды электролиттік сутегімен жабдықтау
220. Электролиттік газбенен тұтынушыларды ресиверлік, газгольдерлік, реципиенттік құбырлары немесе баллон арқылы жабдықталады.
221. Сутегі толтыру орындарында сыйымдылығы 40 литр 10 баллон орналастыруға болады, орналастыру сәйкестігі осы Талапта қарастырылады.
222. Сутегінің аз мөлшерде қолданылатын тұрақты тұтынушыларға сыйымдылығы 40 л баллонның 1 данадан аспайды, және де баллондарды орналастыру арақашықтығы әрбір деңгейде 12 м аспайды.
223. Толтырылған баллондар арнайы металл шкафтарында бекітіліп және құлып салынады. Баллондарды айналасының тереңдігі 1,2 м артық, биіктігі 1,5 м кем емес металл тормен қоршалған және өртенбейтін шатырмен жабылған қондырғыда орналастырады.
224. Сутегі және оттегі баллондарын сырт қабырғалары жабық орында бірге орналастырғанда (немесе басқа газды-тотықтырғыштың) келесі шарттар орындалады:
1) оттегі балллондары екі данадан аспауы;
2) оттегі баллондарын бөлек металды шкафтарда орналасуы;
3) оттегі және сутегі баллондарының арақашықтығы-6 м кем емес, немесе оттегі және сутегі баллондарының арасына баллоннан 0,7 м биік және ені баллоннан 0,5 м кем емес өртке қарсы қоршау қондырғысы орналастырылады. Сутегі және тотықтырғыш газ баллондарының арасына инертті газ баллондарын орналастыруға болады.
225. Тұтынушылар 96 % концентрленген электролитті сутегі баллондары немесе басқада газ қоспалары құйылған сыйымдылықтарды пайдалану барысында осы Талаптар орындалады.
226. Сутегі баллондары және сутегі баллондары тиелген контейнерлер жүк көтеретін құрылғылармен тасымалданады, тасымалдау кезінде арнайы ілу нұсқасы сақталады. Баллондарды қақпағы арқылы тасымалдауға және бекітуге болмайды. Тиеу және түсіру кезінде баллондарды лақтыруға, бір-біріне соғуға және баллонның бұрандалы бекіткішінен іліп түсіруге болмайды.
227. Электролитті, ауыр-әрекетсіз газ баллондары жұмыс орнына арнайы көлік құрылғылары арқылы тасымалданады (баллондарға арналған арбашалар, электрокарлар және т.б.).
228. Босатылған сутекті баллондарының қысым қалдығы 0,05 МПа аспайды.
229. Сутегі технологиялық процестеріне қатысы жоқ цехтарында тұтынушылар сутегісінің басқа жүйелерге түсіп кетпеуі керек.
230. Сутегі құбырларын босату орындарында, коллектор құбырларын әрекетсіз газбенен үрлеу, өрт сөндіру шаралары қарастырылады.
231. Ерекше ерекшелігі бар электролиттік сутегінің әрбір технологиялық процестеріне арнайы өзіндік технологиялық регламенттер жасалынады.
17 - тарау. Құбыр желілеріне, оның тетіктеріне және қосылыстарына қойылатын талаптар
232. Сутегі құбыр желілерін жүргізген кезде тігіссіз болат немесе тат баспайтын болаттан жасалған құбырлар пайдаланылады.
233. Құбыр желілеріндегі құбырлардың қабырғаларының қалыңдығы пайдалану мерзіміне, есептелген қысымына және таттану қалыңдығына байланысты таңдалынады. Ылғал сутегі ортасында жұмыс істейтін құбырларға таттану қалыңдығы жылына 0,1-0,5 мм болады. Беріктілігі жоғары құбырларға таттану қалыңдығы жылына 0,5 мм.
234. Ғимараттың сыртында сутегі құбырларын жер асты және арық арқылы жүргізуге жол берілмейді.
235. Мекеме аумағынан өтетін су құбыры желілері негізінен жер үстінде, тіреуіштерде және эстакадаларда жүргізіледі. Екі немесе одан көп құбыр желілерін, жобада негізделген жағдайда қатар жүргізуге рұқсат етеді. Бұл кезде құбыр материалы қабырғасының қалыңдығы таттануға қарсылығына қарай таңдалынады. Сутегі жүретін құбырлардың пісіріп жалғауын барынша аз қылуға тырысады, құбыр желілерін адасқан тоқтардан қорғау шарасы қарастырылады.
236. Бөлме ішіне құбырлар ашық түрде салынады. Жоба негізіне сәйкес құбырларды басқа да құбырлармен бірге салу, келесі талаптарды орындағанда ғана рұқсат етеді:
1) каналдың түбіне сутегінің жиналуын болдырмау үшін оны мықтап жабу қарастырылады;
2) кез келген арматурдың түрін каналдағы сутегі құбырына құруға болмайды;
3) су құбыры басқа құбырларға қарағанда жоғары орналасады;
4) канал деңгейінде сутегісі бар құбырлар пісіріп қосылады;
5) канал тереңдігі 1,0 м артық емес;
6) су құбырына арналған нығыздағыш басқа каналдармен қиылыспайды. Тоқырау аймағындағы қабырғалардың қуыстарына, желдеткішке арналған ойықтар мен отқа жанбайтын алмалы-салмалы қалқанды науаға нығыздағыш қоюға рұқсат етіледі.
237. Каналдарға нығыздағышты орнату жұмысы ауа құбырының су құбырларымен және инертті газдың құбырлары арқылы, суық және ыстық су жіберетін жабдықпен, жылыту мен жылу жіберетін технологиялық жабдықпен іске асырылу тек, арматураны құрмау мен құбырды канал төңірегінде монтаждау және пісіріп бекіту кезінде жүзеге асады.
238. Адамдар өтетін жердегі газ құбырының тығыздағыштарын еденнен газ құбырына дейін 2,2 м биіктіктен аспайтындай етіп орналастыру қарастырылған.
239. Жалпы тірегіштерде сутек құбырларын басқа да құбырлармен бірге нығыздау жұмыстары тек мына кезде іске асады, әрбір құбырларда тексеру мен жөндеу жұмыстарына мүмкіндік болғанда, сонымен бірге агрессивті сұйықтықтарды тасымалдаушы құбырлар жанынан немесе төменгі жағынан 250 мм ара қашықтық болатындай орнатылған кезде. Сутекті құбырларды оттегінің құбырлармен бірге нығыздау жұмыстары жүргізілгенде, бірінші болып оттегі құбырынан мейлінше жоғары тұрғаны нығыздалады.
240. Тазаланған және кептірілген газдарды тасымалдауға арналған электролитті және инертті газдардың газ құбырларына иілдірмей салуға болады.
241. Ғимараттан шығатын жердегі компрессорларға, тұтынушы-цехтар мен ресиверлерге (газгольдерге) және басқа да ғимараттардан газдарды тасымалдаушы сутегі құбырларына, бітегіш арматура және газдың қайта енуін шектейтін құрылғы орнатылады.
242. Өндіріс ғимараттарына кіретін сутекті құбырларға өшіруші бітегіш арматуралар орнатылады. Бітегіш арматуралардың орналасуы және саны, әрбір ғимараттың жақсы өшірілуінің мүмкіндігін жоғарылатады. Арматураны қол арқылы іске қосу немесе дистанциямен жүргізу, сутегіні технологиялық процесс арқылы алумен және жұмыстың қауіпсіз жүргізуін қамтамасыз етумен анықталады. Дистанционды басқаруы бар бітегіш арматура мен кесуші құрылғыны ғимараттан қашықтығы 3,0 м аз және 50,0 м артық болмайтындай ғимаратқа енетін жерде немесе ғимараттан бөлек тұрған жақын аппаратқа орнатылады.
243. Апаттық нығыздалмаған кезінде қоршаған ортаға сутегі қалдықтарының шығарылып тастауын төмендету үшін, уақытша 120 с. аспайтындай жұмыс істейтін дистанционды басқаратын бөлуші мен бітегіш құрылғы орнатылады. Сәйкес мағынаға ие энергетикалық потенциалды 10, қолмен жұмыс істейтін және бітегіш құрылғыларды орнатуға рұқсат етіледі, бірақ ол оператордың жұмыс істеу орнына 5 минут аспайтындай жақын келу есебінде олардың іске қосылуына аз уақыт беріледі.
244. Сутек өндірісіндегі технологиялық құбырларда, бітегіш бұрандалар, кері қайтару клапандар, сақтандырғыш клапандар, реттеуші және басқа да арматуралар, сәйкес болатын алмалы-салмалы қосылыстарда-фланцалы немесе цапфалы түрде орнатылады.
Фланцалы қосылыстарға жұқа фланцтарды қолдануға рұқсат етілмейді. Жоба бойынша анықтауда сенімділігі жағынан және тығыздығы жағынан қосылғандарға өте жоғары талап қойылу кезінде, электролизді құрылғыларға арнайы муфталы қосылыстарды конусты және сфериялы нығыздағыш «металл металлмен» көмегімен және пісіріп бекіту қосылысымен жезеге асады.
245. Фланцалы қосылыс құбырларының компрессорлы құрылғымен байланысуы жинап шашуға ыңғай тудырады. Әсіресе, бұл машина бөліміндегі компрессор залында орналасқан құбырлы байланысқа қатысты.
246. Сорып алушы және айдағыш құбырларға арналған нығыздағыштар машина жұмысымен берілген дірілді және газ ағынының арынын азайтатындай етіп орнатылады.
247. Цех ішіндегі құбыр желілірін жүргізген кезде өзара иілгіштер қарастырылады.
248. Компрессорлар мен аппаратуралардың (қосалқы ыдыс, мұздатқыштар) арасын жалғастыратын құбыр желілерінің иілгіштігі компрессор мен құбыр желілерінің температуралық иілуін теңдейтіндей болады.
249. Компрессор қондырғысына арналған техникалық құжаттардан компрессордың әр түрлі бөліктерінен, құбырдан іргетасқа түсетін ауырлықты қоса есептегенде, статистикалық және динамикалық күштерді белгілеп көрсетеді.
250. Сутегі ортасында жұмыс істейтін тетіктер сутегіге арналған немесе жарылыс ортасына арналған темірден жасалады. Сілті булары аралас сутегі құбыры желілерінде аммиакта пайдаланатын тетіктерді қолдануға болады. Құрыштан жасалған тетіктерді су құбыры желілерінде пайдалануға болмайды. Кейбір жағдайларда, 0,1 МПа қысымда және 0-500С температурада, діріл білінбейтін және температуралық аралық тез өзгеретін жағдайларда жоғары сапалы құрыштан жасалған бекіткіш тетіктерді пайдалануға рұқсат етіледі.
251. Бекіткіш тетіктердің нығыздығы сутегі ортасының «А» класына сәйкес келеді. Сутегі құбыр желілерінде орнатылатын темір бекіткішті тетіктер, оның «В» класына сәйкес келеді.
252. Бекіткіш және басқа да тетіктер оларға қызмет етуге ыңғайлы жерлерге орнатылады. Газ құбырларына орнатылған тетіктер температуралық иілімдер кезінде салмақ түспеуі керек.
253. Тетіктердің қолмен іске қосылатын бөліктері алаңқай деңгейінен немесе бөлме еденінен 1,8 м биіктікте болады. Тетіктерді есіктер мен технологиялық өткелдердің төбе жағына орнатуға болмайды.
254. Сутегі және оттегі жүретін желілердің тіреуіш құрылымдары отқа жанбайтын материалдан жасалады.
255. Су құбыры желілерін тұрмыстық, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық, қоймалық бөлмелерден, электр машиналардың, электр таратқыштардың трасформаторлардың, желдеткіш камералардың, бақылау-өлшеу құралдары орнатылған бөлмеден баспалдақ алаңқайларынан, көшіру жолдарынан сутегіге қатысы жоқ өндірістік бөлмелерден өткізуге болмайды.
256. Өтпелі су құбырларын өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғасымен өткізуге болмайды. Қысымы 1 МПа, диаметрі 100 мм, әрекетсіз газдар мен оттегі жүретін құбырларды көмекші ғимараттардың бүтін қабырғасымен терезе және есік ойықтарынан кемі 0,5 м аралықта жүргізуге рұқсат береді. Құбыр желілерін ғимараттың тұтастай әйнектелген немесе жеңіл лақтырылатын қоршау құрылымдары бар қабырғамен жүргізуге болмайды.
257. 15,0 МПа қысымда жұмыс істейтін су құбыр желілерін тығыздық пен беріктікке гидравликалық немесе ауамен сынауға рұқсат етіледі. Гидравликалық және пневматикалық сынақтардың өту мезгілі:
1) ыстық бөліктер ( 200-400°С температура кезінде) – 5 жылда бір рет;
2) салқын бөліктер ( 200°С температураға дейін) – 8 жылда бір рет.
258. Су құбырлары желілерін тексеруден өткізу мерзімі, өндірістің түріне қарай технологиялық регламентте анықталады. Қайта тексеру мерзімі 1 жылдан 8 жыл аралығында қабылданады. Тексеруді беріктікке және тығыздыққа сынау жұмыстарымен қоса жүргізуге болады. Жаңадан іске қосылған өндірістің су құбыры желілерін тексеруді, нысананы пайдалануға берілгеннен кейін 4 жылдан кешікпей өткізіледі.
259. Жоспарлы немесе апатты тоқтатулар кезінде сутегі құбырлары үрленінеді және пневматикалық тығыздыққа тексеріледі. Сынау жұмыстарына тек инертті газды қолданады. Сынау уақытының ұзақтығы - 1 сағат. Сол кезде қысымның төмендеуі не бәрі 0,1 % болуы мүмкін.
260. Құбырлар жерге жалғанған және статикалық электрдің пайда болуынан қорғалған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |