5 - тарау. Сумен жабдықтау және ағын су жүйелері
60. Сутегі-оттегі станциясының алаңқайларында монша-кір жуу шаруашылығы мен сауналар орнатуға болмайды.
61. Электролиз және электролит дайындау бөлмелерінде, көрінетін және ыңғайлы жерде орналасқан, шаруашылық-ішетін су құбыры жүйесіне жалғанған, денеге тиген электролитті жуатын су атқы мен қол жуғыш болады.
62. Өнеркәсіптік ағын су құбырына, араласқан кезде жылу және жанатын газ, сонымен қатар, оттегі бөлінетін, ағын судың әр түрін бірге төгуге болмайды.
63. Ағын су құбырына төгілетін өнеркәсіптік ағын судың температурасы 40ºС аспайды. Жоғары температуралы ағын судын аздаған бөлігін, егер ол қосылған кезде коллектордағы ағын судың температурасы 40ºС-тан аспаса, төгуге болады.
64. Цехтардан (бөлімшелерден), сонымен қатар, аппараттардан ағын су төгілетін құбырларға гидравликалық бекіткіш, сонымен қатар, гидравликалық бекіткіштерден кейін, сутегі және оттегі газдарының ерітінді түрінде құбыр бойымен өтіп кетуіне қарсы, басқа да шаралар қолданылады. Бекіткіштер мен құрылғылар орналасқан жерлер тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы керек. Гидравликалық бекіткіштегі сұйықтықтың биіктігі 100 мм кем болмайды.
65. Ағын су төгілетін әрбір құбырлар ғимараттың жылытылатын жағына орналастырылған, сорғыш желдеткіштермен жабдықталады. сорғыш желдеткіштердің құбыры өндірістік ғимараттың шатырының ұшынан ең кемі 1 м жоғары болады.
66. Күшейтілген сілтілік ағындарды, ағын су құбыры желісіне, (егер ол арнайы сілтілік ағын су құбыры болмаса) алдын ала тазаламай немесе басқа залалсыздандыру шараларын қолданбай ағызуға болмайды.
67. Шағын жүйелерде сілтілік ерітінділерді, арнайы жылжымалы ыдыстарға құйып алуға болады.
68. Электролиздік қондығылардың ыдыстық және жылуалмасу аппараттарына келіп түсетін салқындатқыш судың температурасы салқындатуға жеткілікті болуы керек және талап бойынша 25ºС аспауы керек. Судың қажетті температурасын суды айналдыру жүйесі қамтамасыз ете алмаған жағдайда (жыл мезгілінің жылы кездерінде), мұздатқыш қондырғыларын қолдану қажет. Қондырғының мұздату жүйесін таңдау жобалау кезінде жүргізіледі.
69. Технологиялық және электрлік-техникалық жабдықтарды мұздатуға жұмсалатын айналымдағы судың сапасына қойылатын талаптар, салқындатылатын жабдықтардың зауыт-әзірлеушісі дайындаған техникалық құжаттарда көрсетіледі.
70. Электролиздік қондырғылардың және компрессорлық агрегаттардың суыту жүйесіндегі судың құрамы, сумен қамтамасыз ету, ағын су құбыры жүйесі және ағын суларды тазалау өндірістерін жобалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай болады:
1) органикалық және механикалық қоспалар – (артық емес) 25 мг/л;
2) уақытша тұтқырлығы – (артық емес) 5 мг экв./л;
3) тұрақты тұтқырлығы – (артық емес) 15 мг экв./л.
71. Түзеткіш агрегаттардың тиристорларын салқындату үшін, талап бойынша, меншікті электрлік қарсылығы 2∙103 Ом∙см болатын су қолданылады.
72. Сутегінің жоғарғы қысым қондырғыларында, сутегі және оттегінің сақындатудың айналмалы жүйесіне түсіп кетпеуі үшін, жабдықтардан төгілетін суларды бөлу жүйесін қарастыру қажет. Қалған жағдайларда, айналымдағы судың қысымы, жылу алмасу және басқа да қондырғылардың қысымынан жоғары болуы керек. Сонымен қатар, судың ағысына бақылау жасалады.
73. Сутегі-оттегі бекеттерінің А дәрежелі бөлмелерінде міндетті түрде, өртке қарсы ішкі су құбыры болуы керек. Сонымен қатар, электролизер бөлімшесінде, өрт кезінде, өртке қарсы су құбыры жүйесін пайдалану, электролизердің электр тоғынан ажыратылған кезінде ғана рұқсат етіледі және қолдану тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.
6 - тарау. Жарықтандыру
74. Жарылыс қауіпті бөлмелерде жарылысқа қарсы қорғалған электр шамдары қолданылады.
75. Электролиздік қондырғылар орнатылған бөлмелердің жарылыс қауіпті аумақтарында, талап бойынша, сызық бойымен жарықтандыратын электр шамдары, сонымен қатар, екі қабат әйнегі бар қабырғаға ілінетін, арнайы фонарларға орнатылатын екі қабат әйнегі бар, төбеге орнатылатын электр шамдары қолданылады.
76. Жұмыс істеп тұрған цехтың аппараттары мен ыдыстарының ішкі жақтарын қарап, жөндеу үшін, кернеулігі 12 В аспайтын, беті тор сыммен қорғалған, жылжымалы, алып жүруге ыңғайлы қол шамдар қолданылады.
77. Электролиздік бөлімшелерде әрбір технологиялық жабдықтар орналастырылған алаңқайлары жеке жарықтандырылады.
78. Жылжымалы, алып жүруге ыңғайлы қол шамдар токты стационарлық төмендеткіш трансформаторлар арқылы алады. Жылжымалы трансформаторларды пайдалануға жол берілмейді.
79. Қосқыштар мен трансформаторлар бөлмедегі ортаның қауіптілік дәрежесіне қарай таңдалынады.
80. Жұмыс алаңдарында жұмысты жалғастыра беру үшін, апаттық жарық беру қалыпты жарық берудің 10 пайызын құрайды. Апат кезінде адамдарды бөлмеден алып шығатын жолдар мен баспалдақтардың жарықтануы 0,3 лк кем болмайды.
81. Сыртта орналастырылған сутегіні алу қондырғылары, сонымен қатар, ресиверлік алаңқайлар сыртқы жарықпен айналдыра жарықтандырылады.
82. Газгольдерлер мен газгольдерлердің бекіткішін басқару бекеті жарылыс қауіпті қоспаның дәрежесі мен тобына байланысты таңдалынылып алынған жарылыс қауіпсіз шамдармен жарықтандырылады.
83. Жарықтандыру құралдарын, олардың терезелері мен фонарьларының әйнектерін тазалау және ауыстыру жұмыстары кезінде, осы жұмыстарды орындауға ыңғайлы және қауіпсіз құралдар мен құрылғылар пайдаланылады.
7 - тарау. Процестерді қауіпсіз жүргізуге арналған жалпы талаптар
84. Электролиттік сутегі өндірісінің технологиялық процесі, технологиялық регламент талаптарына сай реттеледі.
85. Электрлік ыдырату бөлімшесінде тұрақты қызмет көрсететін қызметкерлердің болуы шарт емес. Технологиялық процестің жүруін тұрақты қадағалауды, оператор басқару бөлмесінен жүргізеді.
86. Сутегі өндірісінде, міндетті түрде бақылауға алынатындар:
1) аппараттардағы сұйықтықтардың деңгейі;
2) температурасы;
3) қысымы;
4) алынатын газдардың тазалығы.
Сутегі мен оттегі арасында қысымның өзгеруі, жүйедегі қысымның жоғарылауы және өндірілетін газдардың тазалығы төмендеген кезде электрлік ыдырату қондырғысы автоматты түрде өшіріледі.
87. Сутегі айналымда жүретін бөлмелер, бөлменің ауасында сутегінің жарылысының ең төменгі көрсеткішінің (көлемнің 0,4 %) 10 % құрамы сезілсе және оттегінің бөлмедегі ауаның құрамында 19 % аз және 23 %-дан көп болса, жарықпен және дыбыспен белгі беретін құрылғылары бар автоматтық газ анықтағыштармен жабдықталады. Газ анықтағыштардың саны мен орнатылатын орны жобада, мынадай есептеулер бойынша анықталады:
1) сутегі үшін-100 м2 аумаққа 1 нүкте, бірақ бір бөлмеге 1 анықтағыштан кем емес;
2) оттегі үшін-бір бөлмеге 1 нүкте.
Электрлік ыдырату және сутегі компрессорлары бөлімшелерінде нүктелерді әрбір агрегаттың үстіңгі жағына (төбенің дәл астына), бөлмедегі сутегі шығуы мүмкін жерлерге, бірақ олардан горизанталь бойынша ара қашықтығы 3 м артық болмайды.
88. Өндірістік бөлменің ауасының құрамында сутегі, жарылыстың ең төменгі шегінен (көлемнің 1 %) 25 % жоғары болса, онда газ анықтағыштың белгі беруі бойынша, осы бөлмедегі барлық технологиялық жабдықтар толық тоқтатылады.
89. Барлық технологиялық жабдықтар 2 сағат тоқтатылса және іске қосар алдында инертті газдармен, егер тоқтап тұрған кезде сутегі қысымында болмаса, үрленуі тиіс. Үрлеуді аяқтау үрлегіш газдың құрамын сараптау мен есептеулер арқылы белгіленеді. Бұл жағдайда үрлегіш газдың құрамында сутегі (тоқтатылғаннан кейін) болмайды, ал оттегі (қосар алдында) 4 % (көлемнің) аспайды.
90. Электролиттік сутегі өндірісінің бөлек тұрған ғимараты және бөлмесінің кірер аузында, жарылыс-өрт қауіптілік дәрежесі көрсетілген сілтеме орнатылады.
91. Сутегі ресиверлері жөндеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізер алдында инертті газбен үрленіп, кейін ауамен үрленіп, одан кейін ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті ресивердегі оттегі құрамын анықтау үшін, ауаның үлгісін алады. Оттегі ресиверлері тек қана ауамен үрленеді.
92. Ішінде сутегі болған технологиялық аппараттардың ағызатын құбыр желілерінде от-тосқауылдар орнатылмайды. Сутегіні жоспар бойынша ағызу алдында ағызу құбырын азотпен үрлейді. Үрлеу уақыты технологиялық регламентпен белгіленеді.
93. Электрлі ыдырату қондырғыларында өндірілетін сутегінің тазалығы – 98,5 %-ға, оттегінің тазалығы 98 %-ға тең.
94. Оттегінің құрамындағы сутегінің және сутегің құрамындағы оттегің мөлшерін үздіксіз бақылау үшін, электрлі ыдырату қондырғылары ең көп шекті концентрацияда белгі беретін автоматтық түрдегі газ анықтағыштармен жабдықталады. Жұмыстың әр ауысымында кемі 1 (бір) рет, жылжымалы химиялық газ анықтағыштармен газдардың құрамын бақылау сараптамасын жүргізеді.
95. Электрлік ыдыратқыштардағы сутегі және оттегі жүйелерінің арасындағы қысымның ең көп алшақтауы әзірлеуші-зауыттың берген төлқұжаттық мәліметтеріне сәйкес, бірақ 0,003 МПа артық болмайды.
96. Қорғау құралдарды (диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке етік немесе диэлектрлік резеңке кілемшеде тұрып) қолдана отырып сараптамаға үлгі алу операцияларынан басқа кезде, жұмыс істеп тұрған электролизердің қаңқасына қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.
97. Электр ыдыратқышты іске қосу, оны толық қарап шығып, электр желілерін толық тексергеннен кейін, оның үстінде бөгде заттар болмаған кезде іске асырылады.
98. Құрастыру, жөндеу және ұзақ мерзімді тоқтап тұрудан кейін, электр ыдыратқышты іске қосу, осы нысананы бақылаушылардың қатысуымен жүргізіледі.
99. Сутегі өндірісінің негізгі жабдықтарының ауыстыру қорын жасау, оларды қолданатын технологиялық процестің үздіксіздігін, беріктілігі сутегінің өнім ретінде өндіру, пайдалану талаптарына сай жүргізіледі.
100. Үздіксіз технологиялық процесс кезінде сутек жабдықтарын ауыстырып пайдалану кезінде, жоспарлы техникалық жөндеу жұмыстары және автоматика аспаптары мен сақтандырғыш құрылғыларды тексерген кездерде, сутегі қоры ресиверлер мен газгольдерлерде сақталады. Ресиверлер мен газгольдерлердің сыйымдылығы жобада көрсетіледі.
8 - тарау. Жабдықтар мен жұмыс орындарының орналасуына қойылатын талаптар
101. Электролизерлердің өз ара, электролизерлер мен бөлменің қабырғаларының ара қашықтықтары, тұтынушы электр қондырғыларының өнеркәсіпткі қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қабылданады. Электролизердің ток өткізетін бөлімдерінен металл құрылымдардың ара қашықтығы, электролизер кернеуі 65 Вольтқа дейін-1,2 м кем болмайды ал электролизер кернеуі 65 Вольттан жоғары болғанда-1,5 м болады. Көрсетілген ара қашықтықтарды металл контрукциялардың электроизоляциясы сенімді болған кезде 0,8 метрге дейін кемітуге рұқсат етіледі.
102. Жабдықтау орналастыру кезінде мыналар ескеріледі:
1) машиналарға (компрессорларға, насостарға және осыларға ұқсастарға) және аппараттарға қызмет көрсету аумағының ені, тетіктері бар және бақылау - өлшеу құралдары орнатылған болса-1,5 метрден кем емес;
2) алаңқайларда орналасқан жабдықтар үшін-0,8 м;
3) кіші сыртқы өлшемді (ені мен биіктігі-0,8 метрге дейін) жабдықтарға арналған аумақтың енін 1,0 метрге дейін қысқартуға болады;
4) жабдықтар арасынан өтетін, жабдықтар мен қабырғалардың арасына өтетін жолдардың ені барлық жағынан 1 метрден кем болмайды;
5) жабдықтарды мен оның құрылғыларын мезгілінде тексеріп, реттеп отыратын жолдың ені 0,8 метрден кем болмайды;
6) жабдықтарды бөлшектеп жөндеуге, тексеруге және тазалауға арналған алаңдар;
7) өткелдердің ең кіші ені ірге тасты, сыртқы орамдарды, қоршауларды және басқа да құрылғыларды ескере отырып, белгіленеді;
8) қызмет көрсетуді керек етпейтін жабдықтар мен қабырғалардың, алаңқайларда немесе тіреуіштерде орналасқан жылу алмастыру қондырғыларының ара қашықтықтары шектелмейді;
9) бір фундаментке екі және одан артық сорғыларды орналастыруға рұқсат етіледі, бұл кезде, сорғылардың ара қашықтығы оларға қызмет көрсету түрімен анықталады.
10) егер жобада лайықты негіздеу келтірілген болса, жөндеу алаңқайларын қарастырмауға да болады.
103. Ресиверлердің орналасуы, оларға қызмет көрсетуге және жөндеуге ыңғайлы болады.
104. Жабдықтардың қақпақтарында және жабдықтау түптерінде орналасқа өтетін тесіктен, олардың үстінде немесе астында орналасқан құрылыс контрукцияларына, аппараттарға, құбырларға дейінгі ара қашықтығы 0,8 метрден кем болмайды.
105. Электрлі ыдырату бөлімшесінде газ айдағыштар мен компрессорларды орналастыруға рұқсат етілмейді.
106. Электролиз бөлмесінде, қысымда жұмыс істейтін, сутегі мен оттегіні каталикалық тазалау қондырғыларын, егер олардың қысымы электролиз қондырғысы қысымынан жоғары болмаса, орналастыруға болады.
107. Сығымдау қысымында жұмыс істейтін, сутегі мен оттегіні тазалау және құрғату қондырғыларын, компресссорлық құрылғылармен бір бөлмеде орналастыруға рұқсат етіледі.
108. Сутегі құрғату және тазалау бөлімдерін, сутегі өндірісінің оқшау ғимаратында, энергоблоктарда немесе өндірістік кешендерде орналастыруға рұқсат етіледі. Сутегі құрғату және тазалау бөлімдерін энергоблоктарда орналастырған кезде, олар тамбур-шлюз арқылы жалпы дәлізге шығатын есігі бар жоғарғы қабатта орналастырылады.
109. Электролиздік сутегіні технологиялық регламент талаптарын сақтай отырып, сутегі өндірістері орналастырылған немесе бөлек ғимаратта орналасқан интерметалдық немесе басқа толтырғыштары бар құбырлы жинақтағыштарда сақтауға рұқсат етіледі.
110. Бос баллондарды қолданылар яғни толтырудың алдында оларды вакуумдауға арналған вакуум-сорғыларды сутекті компресссорлық бөлмеде орналастыруға рұқсат етіледі.
111. Сутегі мен оттегіні құрғату және тазалау құрылғыларының электрлі қыздырғыштарын ғимараттың бүтін қабырғасының сыртқы жағына орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде, бүтін қабырғаның биіктігі, қыздырғыштардың ең жоғарғы нүктесінен ең кемі 300 мм биік болады.
112. Өндіріс бөлмелер, жөндеу жұмыстарын және технологиялық операцияларды жүргізуге арналған жүк көтергіш механизмдермен жабдықталады.
9 - тарау. Электрлік ыдырату қондырғысының
технологиялық жабдықтары
113. Технологиялық регламент бойынша 0,07 МПа сутегі қысымында жұмыс істейтін аппараттар, күрделі жөндеуден кейін және жаңадан пайдалануға берілер алдында қысымы 1,25 Pжұмыс болатын, бірақ, 0,1 МПа артық емес қысымда сынақтан өткізіледі.
114. Электролизерлердің контрукциясында газды каналдардың коррозиялық тозуына және газ аралас электролит эмульсия қысымының төмендеулеріне қарсы құрылғы ескеріледі.
115. Темірден жасалған тіректер, келте құбырлар және коллекторлардың сақиналары даттанбас үшін, сілтіге төзімді және ток өткізбейтін материалдармен қапталады, жылтыратылады немесе басқа да берік тәсілмен қорғалады. Ұйымдардың-құрылғылар сырттан құру жолымен электролизерлердің рамалары коррозиядан қорғалады, рамалар арасында потенциал төмен түскен (денелермен) ұйымдардың мағынаға дейін кемірек 1,5 В. Кейбір электролизерлердің контрукциялық ерекшеліктеріне қарай даттанбайтын болса немесе оның пайда болуы электролиз процесіне кері әсерін тигізбейтін болса, коррозиялық қорғаныс шараларын қарастырмауға рұқсат етіледі. Мұндай электролизерлердің төлқұжаттарында зауыт-әзірлеуші арнайы атап көрсетеді.
116. Электролизерлер мына жағдайлардан электрлік қорғаныспен қамтамасыз етіледі:
1) бір полюсті жерге қысқа тұйықталулардан, электролизерлерден басқа, шеткі электроды немесе шеткі қаңқасы контрукциясы бойынша жерге тұйықталған;
2) полюс аралық қысқа тұйықталулардан;
3) кері токтардың қозғалтқыш-генераторларды қолданған кездегі кері токтардан.
117. Күрделі жөндеуден және құрастырудан кейін электролизерлер, зауыт- әзірлеушінің нұсқауларына сәйкес, беріктікке және гидравликалық сынақтан өткізіледі.
118. Сутегіні төменгі қысыммен сақтауға тұрақты көлемдегі болат ылғал газгольдерлері қолдануға рұқсат етіледі. Газгольдерлерден гидрозатвор және сақтандырғыш құрылғы арқылы сутегі шығару, биіктігі газгольдерлердің ең биік жерінен де жоғары шығарылған сутегі шығару құбырлары арқылы жүзеге асады.
119. Сутекті ортада жұмыс істейтін аппараттардың материалы, сутекті коррозия ықпалын, есепке ала отырып таңдалынады.
120. Сутегі алуы процесіне арналған стандартталмаған технологиялық жабдықтар аттестацияланған ұйымдарда жобаланады, әзірленеді. Барлық жабдықтар сынақтан өткізіліп, уәкілетті органнан жабдықтарды қолдануға рұқсаттама алады.
10 - тарау. Сақтандырғыш құрылғылар және технологиялық тасталымдар
121. Контрукцияны таңдау және сутекті станциядағы сақтандырғыш құрылғылардың технологиялық схемасын құру орыны жобамен анықталады.
122. Электролиздің сыйымдылық жабдықтарында және ресиверлерде бір клапанды сақтандырғыш орнатылады. Сутегіні үздіксіз алу процесіне жоғары талаптар қою кезінде (техникалық тапсырмада анықталатын), құрылғы ыдыстар мен аппараттардың екі клапанын бір уақытта жауып тастауын болдырмау үшін, ауыстырып қосып тұратын екі сақтандырғыш клапанымен жабдықталады. Әрбір клапандар толық сорғыш қабілеттілігіне есептелген.
123. Сутегі және оттегісі бар аппараттарға сақтандырғыш құрылғыларды құру кезінде, олардың ең аз жиілікте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, процестің көрсеткіштерін автоматты түрде жөнге салып тұратын құралдар қарастырылады.
124. Сақтандырғыш клапандарды пайдалануға беруден бұрын, қондырғыш қысымға сәйкестендіріледі және ажыратылтын қосылыстар мен бекіткіш тығыздығына тексеріледі. Клапандардың шектеп белгіленген жұмыс қысымы есептелінген және сәйкестендірілген:
1) артық қысым кезінде 0,3 МПа дейін-0,05 МПа қарағанда артық болмайды;
2) 0,3 тен 6,0 МПа қысымға дейінгі кезде – 15 % аспайды;
3) 6,0 МПа жоғары қысым кезінде – 10 % аспайды.
125. Клапанды ашу кезіндегі анықтаушы орта жағдайын анықтау үшін, механикалық немесе химиялық ластанулары жоқ азотты немесе ауаны қолданады.
126. Технологиялық регламентте бекітілгендей, пайдалану процесіне анықтауда сақтандырғыш клапан жабдығының сыйымдылығын, электролизді жабдықтарды, құбырлардың жүйелерін, жинақтаушы рамплардың және басқа да аппараттардың тығыздығын тексеру уақытылы жүргізіледі. Клапандарды тексеру үшін, барлық құрылғылар, жүйелер және аппараттар сөндіріледі және үрлетіледі. Үрлеу тек қана азотпен жүргізіледі.
127. Сақтандырғыш клапандарға қызмет көрсету мен пайдалану технологиялық тәртібіне сәйкес жүзеге асады.
128. Сутекті қондырғылардағы сақтандырғыш клапандарды үрлеуге тексеру жұмыстары, кем дегенде 6 айда бір рет есептеу қысымына жүргізіледі. Компрессорлы және электролизді құрылғылардың сақтандырғыш клапандарына мәжбүрлік ашуға арналмаған серіппелер қолданылады. Сутекті компрессорлардағы сақтандырғыш клапандарының жұмыс істеуі стенділерде жүзеге асады.
129. Әрбір тексеру, сақтандырғыш құрылғыны жөндеу және реттеу жұмыстары актімен толтырылады немесе журналға бекітіледі. Реттеу жұмысы аяқталған соң, сақтандыратын клапан пломбыланады. Әрбір сақтандырғыш клапан мен серіппеге қоса, құрастырушы - ұйымның төлқұжаты болады.
130. Түйіскен аппараттарда қысымның көтерілуінен жарылған кезде, 25 % сақтандыратын жарғыш мембраналарды орналастырады. Соны ескере отырып, бөлмеге сутектің қалдықтарының шығуын, ұшқынның пайда болуы және олардың істеуі салдарынан жарықшақтармен пластина бөлшектерінің қалдықтарынан адамдардың зақымдануын болдырмау үшін шаралар қоданылады. Сақтандырғыш мембраналарды сақтандырғыш клапандармен ауыстыруға рұқсат етіледі. Бітегіш және басқа құрылғыларды, ауаға шығатын құбыр жарылатын мембранадан бөлек құруға рұқсат етілмейді.
131. Таңбалануға талап, тексеру мезгілдері, куәландыру және сақтандырушы жаратын мембраналарды ауыстырулар технологиялық регламентпен іске асады.
132. Электролизді құрулардағы, сутекті компрессорлардың, сутекті жүйелердің, жинақтаушы рамплардың, ылғалды газгольдердің және басқа да сутекті аппараттардың конструкциясы, сөндірулі түйіндерден жеке (электролизерді аппараттармен, компрессорлар және басқалар) барлық сутекті жүйені үрлеу мүмкіншілігі туады.
133. Сутекті құрылғыдан шыққан барлық ауаға шығарушы тізбектер үрлейтін шырағдандар арқылы атмосфераға бағытталады. Сутегі, оттегі мен азотты ауаға шығару технологиялық регламентпен анықталады.
134. Сутегі және оттегі қалдықтарының атмосферада біріктіруіне рұқсат етілмейді.
135. Сақтандырғыш клапаннан шыққан пайдаланылған шырағдандар, шырағданнан 10,0 м радиуста орналасқан сутекті жүйеден шыққан үрлеуші шырағдандар ғимараттың ең жоғарғы нүктесінен немесе ашық құрылғының ең жоғарғы нүктесінің жұмыс аумағынан кем дегенде 1,0 м дейін шығарылады, сондықтанда шырағданның шығатын тесігі жер деңгейінен кем дегенде 6,0 м биіктікке орналасу.
136. Сутегі және оттегі қалдықтарының ара қашықтықтығы кем дегенде 10,0 м болады.
137. Электролизді құрылғыдағы үрлегіш шырағдандарда, біршама ылғалдың топталатын дренажды құрылғысы, жұмыс жүргізу мен тексеру мүмкіндігі бар жерлерде орнатылады.
138. Бастардың алдына және сутегі қалдықтары аяқталған соң немесе үрлеуші газдардың атмосфераға шығуында шырағдандар инертті газбен үрленеді. Электролизді құрылғыдан шырағдандарды үрлеу азотпен жүргізіледі. Үрлеуші шырағданның контрукциясы сұрыптап сынап талдауды қарастырады. Үрлеуші шырағдан контрукциясының жоғарғы беті атмосфералық тұнбалардың оларға түсу мүмкіншілігін болдырмайды.
11 - тарау. Электролит дайындау (сілтілік бөлімшесі)
139. Электролиттер дайындау жеке соған арналған бөлмеде жүзеге асады. Электролитті дайындау бөлімі мен тазартылған суды (деионизированной) алу бөлмесін біріктіруге рұқсат етіледі.
140. Тазартылған суға қойылатын талап:
1) судың бастапқы электрлі қарсылығы – 600000 Ом*см;
2) темірдің жаппай концентрациясы 0,03 мг/л аспайды;
3) хлордың жаппай концентрациясы 0,02 мг/л аспайды;
4) судың рН көрсеткіші - 5,4 - 6,6 болады.
141. Электролитті дайындау үшін жоғары сортты техникалық калий тотығының гидраты (КОН) қолданылады. Жоба негізіне сәйкес натрийлы, калий – литийлі және басқа электролиттерді қолдануға рұқсат етіледі.
142. Электролизерлердің, электродтардың полярлануының төмендеуіне және канал арқылы электролитке токтың зақымдануының азаюын төмендету үшін, ЧДА төмен емес екі хромды калий қышқыл (К2Сr2O7) маркасын қосуды ұсынады. Зерттеу нәтижелерінің дәлелденуіне қарай, электролизді құрылғы заттары сәйкес, коррозиялық қасиетке ие емес басқа да ингибриттаушы құралдарды қолдануға рұқсат етіледі.
143. Сілті бөлімдеріндегі электролит жүйелеріне қосымша, жүйеден сілті ерітіндісін эвакуациялау мен сақтауға резервті сыйымдылықтар қарастырылады. Сутекті станцияларда өнімділігі 120 м3/сағ аспайтын, сутегі бойынша сілті бөлімдеріне электролитті эвакуациялау және сақтау үшін резервтегі сыйымдылықтарды қондырады.
144. Жүйеден сілті ерітіндісін апаттық эвакуациялау үшін, сілті бөліміне жақын маңда сыртта орналасқан жер асты немесе басқа да резервуарлар қолданылады. Жүйеден электролитті босату үшін сілті ерітіндісін жою мен тарту үшін стационарлы емес құрылғы қолданылады.
145. Жүйені босату кезінде, канализацияға сілті ерітіндісінің шектеп белгіленген концентрациясынан (ШБК) артық ағызуға болмайды.
146. Сілті және электролизді бөлмедегі едендер, электролиттің апаттық жағдайдағы төгілулерін жуу мүмкіндігі үшін, траптар мен бұғаздарға қарай ауытқуы бар, сондықтан да канализацияға ағызу жұмысы сілті ерітіндісін шектелген концентрацияға дейін араластырылған соң жүзеге асады.
12 - тарау. Газдарды тазалау және құрғату
147. Байланыс аппараттары мен адсорбер конструкциялары адсорбенттің (катализатордың) қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыздандырады. Адсорбенттің адсорберге және катализатордың байланыс аппаратына (қалпына келтіргіш) тиеу, оларды аппараттардан жою – механикаландырылған.
148. Адсорбент пен катализаторлардың маркасы құрастырушы-ұйым сертификатымен расталады. Соған тәуелсіз заттарды лабораториялық сапа көрсеткішіне тексеруден өткізеді.
149. Технологиялық ағындарды кептіргіштерде эффективті кептіруді қамтамасыз ету мақсатында оқтын-оқтын адсорбентке регенерациялау жүргізіліп тұрады. Регенерация ұзақтығы, мүмкін болатын температура мен газ регенерациясының шығыны технологиялық регламентпен анықталады. Біршама шығын кеткен кезде, оны келесідей мақсатқа сай кептіру мен ылғалдың отыруындағы газ өнімінің ысырапсыз регенерация сызбасын қолданады.
150. Адсорбент құрғатушылардың жағдайын тексеру 4 жылда бір өтеді.
151. Өндіріс жұмысында сутегімен қаныққан, ауа оттегісімен түйіскен кезде пирофорлы қасиетке ие болатын катализаторды ауыстырудан алдын ала байланыс аппаратының конструкциясы, оның су құбыры арқылы суға толып кету мүмкіндігін көрсетеді. Құрастырушы–ұйымның байланыс аппаратын пайдалану нұсқауында өндіріс жұмыстарында катализаторды қауіпсіз ауыстыру жақтары көрсетілген.
152. Катализаторлармен және адсорбенттермен жұмыс істеу және оларды сақтау мен тасымалдау құрастырушы-ұйым басшылығына сәйкес жүргізіледі.
153. Технологиялық регламентте көрсетілгендей палладийлі катализатормен жұмыс істеудің алдында, оны байланыс аппаратында таза сумен жуып, сутегінің ыстық тогында кептіреді.
154. Сутегі өндірісіндегі конденсат жинақтарының жүйесін үрлеу жұмыстары технологиялық регламентпен анықталады.
155. Сутегіні тазалау мен кептіру жүйесінің электрожылытқыштары (электротұтандырғыштары) автоматты термо реттегіштермен жабдықталады.
156. Технологиялық регламент талаптарына сай сутегіні тазалау мен кептіру жүйесінің электрожылытқыштары, сутегі температурасының жоғарылауын болдырмайтын сақтағыштармен жабдықталады.
157. Сыртқы қабырғаның бітеу жеріне орналастырылатын сутегі электржылытқыштарының үстіне, атмосфералық қалдықтардан сақтайтын жанбайтын заттардан жасалған бүркеніштермен қамтамасыз етіледі.
158. Электржылытқыштар кем дегенде биіктігі 2,0 м болатын тормен қоршалады. Қоршауларда мынадай ескерту плакаттары ілініп қойылады: «Қауіпті. Кернеу түсірілген!», «Сутегі. Жарылысқа қауіпті!», «Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынған!».
159. Сутегіні тазалау мен кептіру блоктарымен құрастырылған электр жабдықтары, бөлменің жарылыс қауіпті талабына сай таңдалады.
160. Адсорбенттерді регенерациялау газбен, азотпен немесе ауамен жүргізіледі. Регенерацияның алдында немесе кейін ауамен жанасатын магистраль мен аппараттар оттегімен үрленеді. Егер де сутекті кептіргіштерді сутегімен регенерациялағанда, сутегі тұйық циклда қолданылады, оны кептіруге қайта келтіргенде және әрмен қарай сызба арқылы тұтынушыға жібереді.
161. Адсорбентті қолданған кезде, сутегіні вакуумды - термиялық әдіспен кептіру кезінде, сутекті жүйеге ауа оттегісінің тығыз емес жерлерінен түсіп кетуін болдырмау үшін шаралар қарастырылады.
162. Сутегіні тазалаудың ақырғы құрылғысын тұтынушының өндірістік бөлімдеріне орналастыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |