Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата26.09.2023
өлшемі1.95 Mb.
#478690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
124СП РК 3.04-101-2013

 
ҚР ЕЖ 3.04-101-2013 

ЕСКЕРТПЕ Мәнділігінің тиісті инженерлік негіздемесі кезінде және қандай да бір 
гидротехникалық құрылыстың бұзылуы кезінде тӛмен ықтималдылығы бар тасқын сулар немесе 
нӛсер шығындарының ӛтуімен тудырылған, мүмкін болатын материалды залалға байланысты 
қосалқы құрылыстар негізгі құрылыстарға жатқызылуы керек.
4.1.7 Негізгі гидротехникалық имараттар сыныбын ҚР ҚН 3.04-01 талаптарына 
сәйкес қабылдаған жӛн. 
Гидротехникалық имарат сыныбын Д міндетті қосымшасына сәйкес тағайындау 
қажет. 
Гидротехникалық имарат жобасының тапсырыс берушісі ӛз шешімімен имарат 
сыныбын Д қосымшаасында кӛрсетілген сыныппен салыстыру арқылы кӛтеруге құқылы.
Негізгі гидротехникалық имараттар сыныбын Д қосымшасының Д1, Д2, Д3, Д4 
кестелері бойынша анықталған оның неғұрлым жоғары мәніне тең етіп қабылдаған жӛн. 
4.1.8 Гидротехникалық имараттарды жобалау кезінде ХЕЖ, ҚН 522-79 және
КН 551-82, ҚР ҚН 3.04-01 талаптарын ескеру қажет. 
4.1.9 Жобалау құжаттамасының құрамында заттай бақылаулар бойынша имарттар 
жай-күйі мониторингінің құрылымдық сұлбасы мен техникалық шешімдері, олардың 
табиғи және техногендік ықпалдары ҚР ҚНжЕ 3.02-05 бойынша әзірленуі тиіс. 
ЕСКЕРТПЕ 1 I және II сыныпты имараттар үшін автоматтандырылған мониторинг жүйесін қолдану 
мүмкіндігін қарастыру қажет. 
ЕСКЕРТПЕ 2 Имарттардың жай-күйі мониторингінің құрылымдық сұлбасы мен техникалық 
шешімдерін –осы ережелер жинағының А қосымшасынан қар. 
4.2 Жүктемелер, әсер және олардың үйлесімі
 
4.2.1 Гидротехникалық имараттарға жүктемелер мен әсерлерді тұрақты, уақытша 
(ұзақ және қысқа мерзімді) және ерекшеге бӛледі.
Гидротехникалық имараттардың жеке түрлерін есептеу кезінде есепке алуға 
жатқызылатын жүктемелер мен әсерлер және олардың үйлесімінің тізімін тиісті 
нормативті құжаттар бойынша қабылдау керек. 
ЕСКЕРТПЕ Гидротехникалық имараттарға жүктемелер мен әсерлердің тізіиі ұсынылып отырған Б 
қосымшасында келтірілген. 
4.2.2 Гидротехникалық құрылысты жүктемелер мен әсерлердің негізгі және ерекше 
түрлерін ескеру керек.
Негізгі үйлесімдер тұрақты, уақытша ұзақ және қысқы мерзімдік жүктемелер мен 
әсерлерді қосады.
Негізгі үйлесімдері ерекше әсерлер мен жүктемелерден біреуін қысқы уақытты, ұзақ 
уақытты және тұрақтыны қосады.
Жүктемелер мен әсерді анағұрлым қолайсыздықта қабылдау қажет, бірақ есептік 
жӛндеу жағдайлары мен құрылыс және пайдалану кезеңдері үшін жеке үйлесімдердегі 
есептік жағдайда қарастыру үшін нақты жағдайда қабылдау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет