ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
20
4.6.2.11 Терезелер ашпалы тұтқасы бар фрамугалармен немесе желдеткіш
терезелермен жабдықталуы тиіс. Оқу кабинеттеріндегі желдету үшін пайдаланылатын
терезелер мен фрамугалар алаңы еден ауданынан кемінде 1/50 болуы тиіс. Фрамугалар
мен желдеткіштер жылдың кез келген мезгілінде қолданылып тұруы керек.
4.6.2.12 Сорғыш желдеткіштің жекелеген жүйелерін тир, киноаппарат бөлмелері мен
тазалық заттарын өңдеу және сақтау қоймасы сияқты бөлмелерде қарастыру керек.
Механикалық сорғыш желдеткіш плиталар орналастырылған шеберханалар мен қызмет
көрсету кабинеттерінде орнатылады.
4.6.3 Электр техникалық және әлсіз тоқты құрылғылар
4.6.3.1 Жалпы білім беру ұйымдарын ҚР ЕЖ 4.04-106 талаптарына сәйкес электрмен
қамтамасыз ету керек.
4.6.3.2 Электр қалқандар бірінші қабатта орналастырылуы тиіс. Электр қалқандарын
жер асты суының төмен деңгейі және жауын-шашын суының енуінен гидрооқшаулауды
орнату шартымен жертөледе орналастыруға жол беріледі.
4.6.3.3 Сынып кабинеттерінде, оқу кабинеттерінде, зертханаларда диапроекторды,
кинопроекторды және оқытудың басқа да техникалық құралдарын қосу үшін кемінде үш
штепсельдік розетка қарастырылады: біреуі сынып тақтасының қасында, екіншісі -
кабинеттегі тақтаға қарама-қарсы қабырғада, үшіншісі – терезеге қарама-қарсы қабырғада.
Оқу кабинеттерінде, компьютерлік сыныптар және информатика кабинеттерін қоса
алғанда, жерге қосылған байланысы бар розеткалар қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ,
интернетке шығатын жергілікті компьютерлік желі қарастырылған жөн.
4.6.3.4 Балалар негізгі болатын кабинеттерде штепсельдік розеткалар мен
сөндіргіштер еденнен 1,8 м биіктікте орнатылады.
4.6.3.5 Төтенше жағдай және эвакуация жарықтары вестибюльдерде, киім
ауыстыратын бөлмелерде, баспалдақтарда, дәліздерде, баспалдақ торларында, демалу
бөлмелерінде, спорт залы мен тамақтану залдарында, көрермен залдарында,
шеберханаларда, сондай-ақ эвакуациялық жолдарында кемінде 2 лк. болуы шарт (негізгі
өтетін жолдар желісінде және баспалдақ басқыштарында). Жұмысты жалғастыруға
арналған төтенше жағдай жарығы электр қораптарында, желдеткіш камераларында, жылу
тораптарында, сорғыларда кемінде 2 лк жарықтандыру нормасын қамтамасыз еткен
жағдайда қарастырылуы тиіс. Желіде кернеу болмаған кезде, 2 сағат ішінде жеке төтенше
жағдай-эвакуациялық жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жарықтандыру
аппаратураларын жекелеген жерлерде орнатуды қарастыру керек.
Көрермен залынан шығатын есікті белгілеу үшін төтенше жағдай жарығының
желісіне қосылған жарық көрсеткіштері қарастырылу керек.
4.6.3.6 Мектептердің оқу және оқу-өндірістік кабинеттерінде, арнайы орта оқу
орындарында олардың 6 м аспайтын тереңдігінде біріккен жарық беру жүйесін қарастыру
керек.
4.6.3.7 Апаттық жарықтандыру қауіпсіздік және эвакуациялық жарықтандыру деп
бөлінеді.
4.6.3.8 Ортақ жасанды жарықтандыру үшін, әдеттегідей, жарықтың разрядты
|