ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
26
отырғызу және оларды суаруға тазартылған немесе жауын суын пайдалану;
ж) пайдаланылған канализация суын мейлінше қайта өңдеу, оларды тазалап, қайта
пайдалану.
5.2.7 Жылу қуатын пайдалану мөлшерін азайту үшін мынадай шараларды қолдану
ұсынылады:
а) жану үдерістерін автоматтандыру арқылы ауа мен жанармайдың қатынасын
оңтайландыру;
б) жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын суды басқыншы газдан тазалау
үшін деаэрация технологиясын енгізу;
в) жаңа жылыту қазандықтарын іске қосу;
г) жану үшін тотықтыру ретінде оттегіні пайдаланған кезде жанармайдың оттегілік
жану технологиясын пайдалану;
д) түтінді газдардың жылу қуатын тиімді пайдалану;
е) құбырларды жөндеу;
ж) су жіберетін үдерістерді автоматтандыру үшін жиілік өзгерткіштерін орнату;
и) орталықтандырған жүйеге қарағанда, энергияны көп беретін сумен қамтамасыз
етудің тәуелсіз көздерін пайдалану.
5.2.8 Ағаштарды отырғызған кезде климаттық жағдайларды, топырақ түрін, жауын-
шашын мөлшерін, желдің бағытын, өсімдіктердің күтімін, балалар мен қызметкерлердің
өміріне қауіпсіздігін есепке алу керек.
5.2.9 Ландшафты әзірлеген кезде ересек сау ағаштарды мүмкіндігінше сақтап қалу
ұсынылады.
5.2.10 Көгалдандыру жоспарын жобалаған кезде арнайы күтімді қажет етпейтін және
құрғақшылықты көтере алатын өсімдіктерді таңдаған дұрыс.
ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
27
А қосымшасы (ақпараттық) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің
2018 жылғы 5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес алынып тасталды.
Б қосымшасы
(міндетті)
Жалпы білім беру ұйымдары кабинеттерінің құрамы мен есептік алаңдары
Достарыңызбен бөлісу: |