Свод правил республики казахстан


 Энергия ресурстарын қысқарту, жылу шығынын азайту



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Общеобразовательные

5.1 Энергия ресурстарын қысқарту, жылу шығынын азайту 
 
5.1.1 Ғимараттарда тиімділігі жоғары баламалы жүйелерді орнату мүмкінділігін 
(техникалық, экологиялық және экономикалық) қарастыру ұсынылады: 
а) жаңартылған энергия көздері негізінде энергиямен қамтамасыз етудің 
орталықтандырылмаған жүйелері (мысалы, жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз 
етуге арналған күн коллекторлары; аумақты жылыту және суыту үшін күн қуатын 
пайдалану); 
б) басқа құрал-жабдықтар мен құрылғылар (мысалы, когенерациялық құрылғылар, 
жаңа тиімді құрылғылар, энергияның пайдалануды үйлесімдеуге арналған таймерлер, күту 
кезіндегі шығындарды азайту, реактивті қуатты төмендетуге арналған конденсаторларды 


ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
 
24 
орнату, төмен шығынды тансформаторлар); 
в) жаңартылған көздерден энергияны, әсіресе, толықтай немесе жартылай алуға 
негізделген аудандық және блоктық жылыту мен суыту; 
г) жылылық сорғылары, үнемді қазандықтар, орталықтан жылыту немесе суыту 
жүйелерін орнату, тиімді жаңғырту. 
5.1.2 Суық ауа райында ғимаратқа күн сәулесін түсіру және панель, қабырға, жабын, 
балкондар және т. б. арқылы жылуды сақтай отырып, ғимаратта жылуды пайдалану 
мөлшерін азайту үшін күн сәулесін пайдалану ұсынылады. 
5.1.3 Күндізгі жарықты тиімді пайдалану жасанды жарық қолданысын біршама 
азайта отырып, энергия пайдалану мөлшерін төмендетеді. Ғимараттарда мыналарды 
қамтамасыз ету ұсынылады: 
а) жарық түсетін жақтар бойынша ғимаратты дұрыс бағыттау арқылы күндізгі 
жарыққа қол жеткізу;
б) күндізгі жарық түспейтін кеңістікті барынша азайту. 
5.1.4 Көлеңке жаппалар ғимаратты артық күн сәулесінен қорғау үшін пайдаланылуы 
мүмкін. Көлеңке жаппалардың құрылымы, әдеттегідей, оңтүстік қасбеттерге арналып 
жобаланады. 
5.1.5 Терезе күндізгі жарық пен табиғи желдету есебінен энергия тиімділікті 
арттыруы мүмкін, энергия үнемдеуді қамтамасыз ету үшін мыналарды орнату ұсынылады:
а) ғимараттың желдету мен суытуды қажет ететін бөлігіне жел өткізетіндей етіп 
ашылатын терезелер; 
б) табиғи жолмен желдетілетін ғимараттарда еден ауданынан 5 % кем емес 
саңылаудың (терезе немесе есік) эквивалентті ауданы болуы керек; 
в) ыстық ауаны жоғарыдан шығара отырып, суық ауаны төменнен жұту арқылы ауа 
айналымымен қамтамасыз ететін жоғарыдан және төменнен ашылатын жармасы бар 
терезелер. 
5.1.6 Кабинеттердегі 
жылу-ылғал 
жайлылығын 
реттеу 
мүмкіндігі 
үшін 
төмендегілерді қолдану керек:
а) жылыту құрылғыларындағы термостатикалық элементтер; 
б) берілетін жылу-суық тасымалдағыш параметрлерін орталықтан реттеу; 
в) сыртқы ауаның ішке берілуін орталықтан реттеу; 
г) ауа баптау жүйесін орталықтан реттеу; 
д) жеке реттеу мүмкіндігімен жұмыс орнына ағымды ауаны жеке жіберу. 
5.1.7 Жарықты басқару жүйесін жобалаған кезде мыналар ұсынылады: 
а) жарықты қосып, өшіру мүмкіндігін бөлек қамтамасыз ету үшін кеңістікті 
аудандарға бөлу; 
б) жарықты автоматты өшіру үшін пайдаланылатын қозғалыс датчигін орнату. 
5.1.8 Жалпы білім беру ұйымдарының аумағында күн сәулесі, жел, геотермальдік, 
су, биомасса және биогаздың аз мөлшері сияқты қуаттың балама түрлерін пайдалану 
ұсынылады. 
5.1.9 Ғимараттың инженерлік желілері орталықтан жабдықталған кезде жылу 
қуатымен, суық және ыстық сумен, электр қуатымен және газ есептеу құрылғыларымен 
жабдықталуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет