1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы жалпы білім беру ұйымдарын орналастыруға, ғимарат
жүйелерін ұйымдастыруға, жер теліміне, аумағына, функционалдық топтарына,
кабинеттер құрамы мен алаңына, көлемдік-жоспарлық шешіміне, жарықтандыруға,
инженерлік қондырғыларына және ортасына қолайлы құрылыс шешімдерін
белгілейді.
1.2 Осы ережелер жинағы қайта салынатын, қайта жаңғыртылатын (күрделі
жөнделетін) ғимараттар мен жалпы білім беру ұйымдарының кешендеріне, оның ішінде
кез-келген ұйымдық-құқықтық меншік түріндегі шағын жиынтықты білім беру
ұйымдарын жобалауға таратылады.
2-бөлім Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы Қағидалар жинағын қолдану үшін мынадай сілтемелер пайдаланылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
«Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан қорғау құрылғысы» ҚР ЕЖ 2.04-103-
2013.
«Табиғи және жасанды жарықтандыру» ҚР ЕЖ 2.04-104-2012.
«Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және
құрылысын салу» ҚР ЕЖ 3.01-101-2013.
«Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін
қолжетімділіктің есебімен жобалау» ҚР ЕЖ 3.06-101-2012.
«Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбырлары және кәрізі» ҚР ЕЖ 4.01-101-
2012.
Ресми басылым
|