Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 

4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР 
 
4.1 Жалпы ережелер 
 
4.1.1, 4.1.2 және 4.1.3-тармақтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және 
даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 
комитетінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 
4.1.1 Жалпы білім беру ұйымының ғимараты, әдетте, 2-3 қабат биіктікте 
жобаланады.
Құрылысы тығыз орналасқан учаскелер үшін жалпы білім беру ұйымдарын 4 
қабатқа дейін (елордада – 5 қабатты қоса алғанда) жобалауға рұқсат етіледі, сейсмикалық 
аудандарда орналасқан мектептерді сейсмикаға төзімді құрылыс нормаларының 
талаптарына сәйкес жобалану қажет. 
4 және 5 қабаттарда бастауыш сыныптар бөлмелерін орналастыруға рұқсат 
берілмейді; бұрын салынған мектептерде 4-тен жоғары қабатты сирек келетін оқыту 
бөлмелерінен бөлу қажет. 
4.1.2 Жалпы білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы «Білім беру 
ұйымдарының түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына сәйкес қабылданады.
4.1.3 Жалпы білім беретін ұйымдарда Сыныптардың толтырылуы және бір оқушыға 
арналған алаң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 
тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» 
санитариялық 
қағидаларына 
сәйкес 
белгіленеді.
4.1.4 1 мен 11 сыныптарға шет тілі және 5 пен 11 сыныптарға еңбекке оқыту, 
10 мен 11 сыныптарға дене шынықтыру бойынша, информатика және есептеу техникасы, 
физика, химия және биология (практикалық сабақтар кезінде) бойынша сабақтар 
жүргізген кезде сынып тобы 2 шағын топқа бөлінеді. Бейінді оқытатын мектептерде, 
лицейлер мен гимназияларда практикалық сабақтар жүргізу үшін сынып сараланған 
немесе біріктірілген оқу бағдарламасының нәтижесінде, сондай-ақ топтық жұмыстарды 
оқыту мен қызығушылықтары бойынша жеке сабақтар үшін бірнеше шағын топтарға 
бөлінуі мүмкін. Студия мен үйірме кабинеттеріндегі орын саны 8 бастап 12 дейін
қабылданады. 
Осы ережеге сәйкес жайлар ауданы Б қосымшасына сәйкес белгіленеді
(Б.1 - Б.5-кестелер). 
4.1.5 Жалпы білім беру ұйымдары білім берудің үш сатылық бағдарламасына сәйкес 
жалпы білім беру үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
а) 1-саты - жалпы бастауыш білім (1 - 4 сыныптар); 
б) 2-саты - жалпы негізгі білім (5 - 9 сыныптар); 
в) 3-саты - жалпы орта (толық) білім (10 - 11 немесе 8, 9 және 11 сыныптар). 
4.1.6 Жалпы білім беру ұйымдарының сыйымдылығы (білім алушылардың жалпы 
саны) жобалауға арналған тапсырмамен анықталады.
4.1.7 Ғимараттың кешенді желісін есептеген кезде кішкене және орта мектеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет