Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 

4.4.1.8 Мамандандырылған оқу кабинеттері мен шеберханаларды оқу секцияларына 
жақын пәндер мен технология белгілері бойынша топтау керек. Жоғары бейіндік мектепте 
жайдағы оқу тобын жалпы мақсаттағы оқу кабинеттері үшін және бейінді оқу блогы үшін 
жеке қалыптастыру керек.
4.4.1.9 5 – 11 сыныптар үшін санитарлық тораптарды оқу секцияларынан тыс 
орналастыруға, ал екі қабатты ғимаратта, қабаттың біреуіне топтап орналастыруға жол 
беріледі. Жоғары бейіндік мектептерде, санитарлық тораптарды, бір қабат арқылы оқу 
секцияларынан тыс топтауға жол беріледі.
4.4.1.10 Жалпы білім беру ұйымдарын, әдеттегідей, оқу секция-блоктарын уақытша 
оқшаулау мүмкіндігін ескере отырып, оқшауланған ғимараттың біреуіне жобалау керек.
4.4.1.11 Тағам блогын 2 қабаттан жоғары орналастырмайды. Тағам блогын 2-ші 
қабатта орналастырған кезде тағамдарды тасымалдау үшін жүк көтеру лифтісімен 
жабдықталады. 
4.4.1.12-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 
4.4.1.12 Оқу және спорт залдары, ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін 
жабдықталып, сұраныстарын ескере отырып, екінші қабаттан аспайтын қабатта, білім 
алушылардың оқу үй-жайының үстінде орналаспау керек.
4.4.2 Функционалдық топтар, кабинеттердің құрамы мен аудандары
 
4.4.2.1 Сынып (мектепке дейінгі сыныптарды қоса алғанда) пен оқу кабинеттерінің 
алаңдары оқытудың ауқымдық, аралас (ауқымдық және топтық) түрлерінде бір білім 
алушыға шаққанда кемінде 2,5 м
2
, жаратылыстану ғылымдары бойынша арнайы 
кабинеттер мен зертханаларда - кемінде 3,5 м
2
/оқ. Технология мен еңбек пәндеріне 
арналған шеберханалар, сонымен қатар белгілі бір бағыт бойынша дифференциялық оқуға 
негізделген арнайы шеберханалар ауданы - бір білім алушыға шаққанда кем дегенде 3,75 
м
2
/оқ. (жабдықтарға арналған ауданды есепке алмағанда) қабылданады. 
Физика, химия және биология пәндерінің теориялық және практикалық сабақтары 
үшін жалпы ауданы 84 м2-87,5 м2 ортақ кабинет қарастыруға болады.
Бұл ретте 300 білім алушыға арналған мектеп үшін физика, химия кабинеттерін 
біріктіруге болады, ал биология кабинеті бір білім алушыға шаққанда 2.5 м2 деп 
қабылданады. 
4.4.2.2 Бірінші 
және мектепке дейінгі сыныптарға арналған жатын-ойын 
кабинеттерінің алаңы бір білім алушыға шаққанда кемінде 2,5 м
2
есептік көрсеткішпен 
анықталады. Бірінші сыныптарға арналған жатын-ойын кабинеттерін жобалау қажеттігі 
жобалау тапсырмасы бойынша белгіленеді.
4.4.2.3 Жалпы 
білім беру ұйымдары кабинеттерінің құрамы мен есептік
алаңдарын Б - Е қосымшаларына сәйкес қабылдаған жөн.
4.4.2.4 12, 24, 36 және 48 сыныптық жалпы білім беру мектеп кабинеттерінің құрамы 
мен алаңын Ж қосымшасына сәйкес қабылдаған жөн.
4.4.2.5 24 сыныпқа арналған бейіндік мектеп үй-жайларының шамамен алынған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет