Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
 

әр сыныпқа 25 м

қарастырылатын есеппен қабылданады. 
Жоғарғы сынып оқушылары үшін демалыс аймақтары спорт аймағының алаңдары 
болып табылады. 
Шағын ауданның скверлер немесе саябақтарды пайдалану мүмкіндігі болған 
жағдайда, демалыс аймағын қарастырмауға болады (қадамдық қолжетімділік шегінде
бірақ 200 метрден артық емес).
4.2.11 Пайдаланылатын шатырда орналасқан алаңдарда көлденең бөлінбеген биіктігі 
кемінде 1,6 м болатын қоршауы болуы тиіс. Қоршаудың тік бөліктерінің арасындағы 
жарықтағы қашықтығы 0,1 метрден аспауы тиіс.
Пайдаланылатын жабындармен бірге екіден кем емес эвакуациялық шығаберістерді 
қарастыру керек, жабын беттері мен жылу ұстағыш жанбайтын болуы қажет. 
4.2.12 Білім алушылар жиналатын негізгі кіреберіс аймақта және жалпы мектептік 
іс-шаралар өткізуге арналған тас төселген алаң қарастырылу ұсынады. 
4.2.13-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 
4.2.13 Көгалдандыру алаңы жалпы білім беру ұйымының жалпы учаскесі алаңының 
кемінде 10%-ын құрауы керек.
4.2.14-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес алынып тасталды. 
4.2.15 Ғимараттарды тығыз жер теліміне орналастырған кезде пайдаланылатын 
жабынды жобалауға, жабық демалыс алаңының құрылысы үшін ғимараттың жекелеген 
бөлігін бірінші қабаттың деңгейі бойынша «өлшеуге» жол беріледі.
4.3 Өрт қауіпсіздігі 
 
4.3.1 Жалпы білім беру ұйымдарындегі өрт қауіпсіздігі мен өрт бөлімшелерінің кіруі 
өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4.3.2 Бір мезгілде 15-тен астам білім алушы болатын кабинеттен шығатын есіктердің
ені 0,9 м кем болмауы тиіс.
4.3.3 Эвакуациялық жолдарында төтенше жағдайға және эвакуацияға арналған 
жарық қарастырылуы тиіс.
4.3.4 Мектеп ғимараттарының жертөлесі немесе жартылай жертөледе орналасқан 
кабинет топтарына кем дегенде тікелей далаға шығатын екі эвакуация есігі қарастырылу 
тиіс. Кабинеттердің бұл топтары үшін бірінші қабатқа ашық баспалдақтармен және жалпы 
баспалдақ торларымен байланыспаған жеке баспалдақ торлары арқылы шығуды орнатуға 
болады.
4.3.5-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 
4.3.5 Мәжілісі залының бөлмелері бірінші типті өртке қарсы арақабырғалармен және 
үшінші типті аражабындармен бөлінуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет