ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
19
4.6.2 Жылыту және желдету
4.6.2.1 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарында жылыту мен желдетуді
қарастыру керек.
Ғимараттарды жылыту мен желдетуді ҚР ЕЖ 4.02-101 талаптарына сәйкес жобалау
қажет.
4.6.2.2 Қыздыру аспаптары ретінде радиаторлар, бетон панельдерге кіріктірме
түтікшелі қыздыру элементтері қолданылуы мүмкін, сондай-ақ қабығы бар
конвекторларды пайдалануға жол беріледі. жылыту аспаптары терезе ойықтарының
астында орналастырылуы және температуа реттегіші болуы тиіс. Спорт залдары мен
кішкентай сыныптар рекреациясындағы жылыту аспаптары алынбалы торлармен
қоршалады. Ағаш-жоңқалы плиталардан және басқа полимерлік материалдардан жасалған
қоршауларды орнатпау керек. Қыздыру аспаптары үстіңгі бетінің орташа температурасы
80 °С аспауы тиіс.
4.6.2.3 Ауаны жылыту жүйесінің жұмысы кезінде берілетін ауаның температурасы
40 °С аспауы тиіс.
Оқу жайларындағы механикалық қозғаушысы бар ауа келу желдеткішін жобалаған
кезде 1 сағаттағы бір еселік айырбастау есебінен табиғи ауа тарту желдеткішін қарастыру
керек.
Ауаны жылыту кезінде оқу жайларынан ауа тарту каналдарын жобаламауға болады.
4.6.2.4 Желдеткішпен біріктірілген ауаны жылытуды жобалаған кезде жүйені
автоматты басқаруды, оның ішінде жұмыс кезінде жайда есептік температураны және
40% бастап 60% дейінгі шекте салыстырмалы ылғалдылықты сақтауды, сондай-ақ оқу
уақытынан тыс 15 °С төмен емес ауа температурасын қамтамасыз етуді қарастыру керек.
4.6.2.5 Ғимаратқа кіреберістегі тамбурдың ауа-жылу бүркемесін 3 және одан көп
қатар сыныптарға арналған мектептер үшін жобалау керек. Жылу бүркемесін ауа келу
жүйесінен бастап екінші тамбурға қыздыру калорифері мен автоматты ауа жапқыш
құрылғысы арқылы орнатуға жол беріледі.
4.6.2.6 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарын жылумен қамтамасыз ету
орталық немесе жергілікті қазандықтардан жүзеге асады, кей жағдайда сұйық немесе газ
тәрізді жанармаймен жанатын заманауи үнемділігі жоғары, компьютерленген қазандық
құрылымы пайдаланылған жеке жүйе негізінде жылумен қамтамасыз етіледі.
4.6.2.7 Жылытуды жобалау үшін ауаның есептік температурасы мен кабинеттердегі
ауа айналымының жиілігін С қосымшасына сәйкес қарастыру керек.
4.6.2.8 Тағам блогының өндірістік бөлмелеріне берілетін ағынды ауаны тамақтану
залы арқылы қарастыру керек. Берілетін ауаның көлемі бір отыратын орынға шаққанда
кемінде 20 м³/сағ құрауы тиіс.
4.6.2.9 С қосымшасында көрсетілген фрамугасы немесе желдеткіштері бар сыртқы
терезелі кабинеттерде (кітапханада, әкімшілік кабинеттерінде, дәрігер кабинеті мен
асханада) сорғыш құрылғысын орнату міндетті емес.
4.6.2.10 Жалпы білім беру ұйымдарының кабинеттерінде ауаның салыстырмалы
ылғалдығы 40 % бастап 60 % дейін құрауы, ал ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/сек
аспауы тиіс.
|