Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
 
18 
4.6 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
 
4.6.1 Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 
4.6.1.1 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарын ҚР ЕЖ 4.01-101 және
ҚР ЕЖ 4.01-103 сәйкес жобалау керек, шаруашылық-ауыз сумен және ыстық сумен, су 
бөлу және су ағызумен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.6.1.2 Сыйымдылығы 90 білім алушыға дейін, кәріз жүйесі жоқ елді-мекенде 
салынған мектептер үшін мектеп ғимаратына тамбур арқылы (жылы галерея) біріктірілген 
септиктегі жылы дәретханалар құрылғысы (қалдықтар шығарылатын) қарастырылады. 
4.6.1.3 Су өткізетін құбырдың өлшемін ғимарат тиісті нормативтік-техникалық 
құжаттарда белгіленген судың көлемімен және күшімен қамтамасыз етілетіндей есептеу 
ұсынылады. 
4.6.1.4 Суық 
және ыстық суды жүргізу мыналарда қарастырылуы тиіс: 
қолжуғыштарда, 1 бастап 4 сынып аралығындағы әрбір бөлмеде және мектепке дейінгі 
сыныптарда; информатика және электрондық-есептеу техникасы кабинетінде; мұғалімдер 
бөлмесінде, ас үйде, асханада және асхананың алдында, санитарлық тораптарда және 
медициналық блокта; қолжуғыштар мен жуғыштарға және асхананың алдында, 
санитарлық тораптарда және медициналық блокта; қолжуғыштар мен жуғыштар – маталар 
өңдеу жөніндегі шеберханада және кулинарияда; шаруашылық қажеттілік үшін 
орнатылатын бір су бөлу кранына, оқу шеберханаларындағы раковиналарға, техникалық 
қызметкерлер бөлмесіне; душ кабиналарына және жеке гигиена кабинасының 
аспаптарына; аяқ ваннасына; екі секциялы жуғышқ; химия, физика және биология 
зертханаларындағы зертханалық шкафтарға, сондай-ақ технологиялық талаптарға сәйкес 
суық және ыстық суды тарту қарастырылатын асхана мен буфет қондырғыларына.  
4.6.1.5 Араластырғыш аспаптарға түсетін ыстық су температурасы 60 °С аспауы тиіс.
4.6.1.6 Ғимаратты сумен қамтамасыз ету жүйесін сыртқы құбыр өткізгіштің күші 
тұрақты болмаған кезде ең кіші жұмыс күшімен есептеу керек. 
4.6.1.7 Су ағынының күші жетпеген жағдайда, ғимараттың сумен қамтамасыз ету 
жүйесіндегі сантехникалық құрылғының шыға берісіне қысымды күшейткіш құрал орнату 
ұсынылады. 
4.6.1.8 Кәріздің көлденең құбырлары тазаланатын люктермен жабдықталуы тиіс. 
4.6.1.9 Елді мекенде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмаған 
жағдайда, жұмыс істеп тұрған жалпы білім беру ұйымдарын тағам блогына, медициналық 
кабинеттерге, дәретханалар мен су жылыту жүйесінің құрылғыларына суық су үздіксіз 
берілуі тиіс. 
4.6.1.10 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарында асхананың канализация 
жүйесі басқалардан оқшау болуы тиіс және сыртқы канализция жүйесіне бөлек шығуы 
тиіс. Асхананың өндірістік бөлмелерінен жоғарғы қабат канализациясының жүйесі өтпеуі 
тиіс. 
4.6.1.11 Ішкі өртке қарсы су құбырын отқа төзімділігі ІІІ дәрежелі ғимараттар үшін 
және су шығыны кемінде 2,5 л/с 2 ағынды сандағы 4 қабаттан жоғары ғимараттарды қайта 
жаңғыртқан (күрделі жөндеу) кезде қарастыру керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет