Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет105/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
102 
4.7.2.11 Арматураланған қалау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
- арматураланған қалаудағы жіктердің қалыңдығы қиылысқан арматураның 
диаметрлер қосындысынан жіктің қалыңдығы 16 мм жоғары болған жағдайда, 4 мм кем 
емес бөлікке асу керек;
- ұстындар мен аралық қабырғалар көлденең арматураланған жағдайда торларды
(2-3) мм аралық қабырғаның ішкі бетіне немесе ұстынның екі жағына шығып тұрған 
(торды жасау кезінде қолданылған) арматуралық шыбықтар саны екеуден кем 
болмайтындай дайындау және қалау қажет;
- қалауды бойлық арматуралау кезінде арматура шыбықтарын ұзындығының 
бойымен бір-бірімен дәнекерлеу арқылы байланыстыру керек;
- арматура түйіспелерін дәнекерлемей орнату кезінде тегіс шыбықтардың ұштары 
ілмектермен аяқталу керек және шыбықтардың 20 диаметрге шығыңқы жерлерімен 
сыммен байланыстырылуға тиіс. 
4.7.2.12 Жеңілдетілген кірпіштерді қалау арқылы қабырға тұрғызу кезінде жұмыс 
сызбаларын және келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- жеңілдетілген тәсілмен қаланатын қабырғалардың ішкі және сыртқы қабатының 
барлық жіктеріне үй-жай жағындағы қабырғалар беттерін міндетті түрде дымқылдап 
сылай отырып, қасбет жіктерін әшекейлеу және ішкі жіктерді мұқият тегістеу арқылы 
толғанша ерітінді салу қажет;
- плита жылытқышын қалауға тығыз тақай отырып төсейді;
- қалауға орнатылатын металл байланыстарды тоттанудан сақтау қажет;
- төсеніш жылытқышты немесе толтыру үшін қолданылатын жеңіл бетонды әр қабат 
қаланған сайын тығыздай отырып қабаттап төсеу қажет, тік көлденең кірпіш 
диафрагмалары бар қалауларда бос қуыстарды төкпеге немесе жеңіл бетонға бір 
ауысымда 1,2 м аспайтын биіктікпен қабаттап толтыру керек; 
- сыртқы қабырғалардың терезеалды орындарын ылғалданудан сақтау үшін жоба 
бойынша су ағызғыштар орнатады;
- жұмыстарды жүргізу барысында атмосфералық жауын-шашын жауған кезде және 
жұмыста үзіліс болған жағдайларда жылытқышты суланудан қорғау шараларын қабылдау 
қажет.
4.7.2.13 Кірпіш цоколінің кесігін және қалаудың басқа да шығыңқы бөліктерін салып 
болғаннан кейін атмосфералық ылғалдан сақтау үшін жобадағы нұсқауларды басшылыққа 
алу керек. Жобада нұсқау берілмеген жағдайда маркасы М100 и F50 төмен емес цемент-
құмды ерітіндінің көмегімен қорғау шараларын жүзеге асыру қажет.
4.7.2.14 Қабырғалар мен ұстындар іргетастар жағынан, сондай-ақ жанасқан 
тротуарлар мен айнала тегістеме жағынан ылғалданудан тротуар немесе тегістеме үсті 
деңгейінен жоғары гидрооқшаулағыш қабат салу арқылы қорғалады. Гидрооқшаулағыш 
қабатты жертөле еденінен төмен орналастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет