Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет104/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
101 
аяқталуы және аралық қабырғаларға 25 см кем емес тереңдікке бекітілуі тиіс. Мерзімдік 
профильдің шыбықтары ілмектермен иілмейді.
4.7.2.6 Кірпіш маңдайшаларын қалыпта ұстау кезінде 35-кестеде көрсетілген 
мерзімдерді сақтау қажет.
35-кесте – Маңдайшаларды ұстау ұзақтығы
Маңдайшалардың 
конструкциясы 
Маңдайшаларды ұстау 
кезіндегі сыртқы ауа 
температурасы, 

С,
Ерітіндінің 
маркасы 
Маңдайшаларды 
қалыпта ұстау ұзақтығы, 
тәул., кем емес
Қатардағы және 
арматураланған 
кірпіштік
5 дейін 
М25 және одан 
жоғары 
24 
10 дейін 
18 
15 дейін 
12 
20 дейін 

20 жоғары 

Аркалық және 
сыналы
5 дейін 
Жоғарыдағыдай 
10 
10 дейін 

10 жоғары 

4.7.2.7 Кәдімгі кірпіштен жасалған сыналы маңдайшаларды астындағы қалыңдығы 
5 мм кем емес және үстіндегі қалыңдығы 25 мм артық емес сына тәрізді жіктермен қалау 
қажет. Қалауды екі жақтан бірден соңынан ортасына қарай жүргізу керек.
4.7.2.8 Ернеуді жобаға сәйкес қалайды. Ернеулердегі әр кірпіш қалауының қалқасы 
кірпіш ұзындығының 1/3 бөлігінен, ал арматураланбаған кірпіш ернеуінің жалпы 
шығыңқысы қабырға қалыңдығы жартысынан аспау керек.
Анкерленетін ернеулерді анкерлер бітелетін қабырға қалауы жобадағы беріктікке 
жеткеннен кейін қалауға жол беріледі.
Ернеулерді орналастыру кезінде қабырға қаланып болған соң олардың 
тұрақтылығын уақытша бекіткіштермен қамтамасыз ету керек.
Барлық орнатылатын темірбетон жинақтама элементтер (ернеулер, белдіктер, 
балкондар және т.б.) үстінде жататын қалау қысқанға дейін уақытша бекіткіштермен 
қамтамасыз етіліп отыру керек. Уақытша бекіткіштерді алу мерзімін жұмыс сызбаларында 
көрсету қажет.
4.7.2.9 Қабырғаларды керамикалық тастардан тұрғызған жағдайларда кірпіштің 
сүргіленуі қажет ернеулердің, белдіктердің, жиекқабырғалардың, брандмауэрлердің 
асылып тұрған қатарларында ылғалданудан қорғалған, суыққа төзімділігі F25 кем емес 
толық құйма немесе арнайы (профильдік) беттік кірпіштер қолданылу керек.
4.7.2.10 Қабырғалардағы желдету арналарын маркасы 75 төмен емес керамикалық 
толық құйма кірпіштен немесе маркасы 100 силикат кірпішінен шатыр аражабыны 
деңгейіне дейін, ал одан жоғары – маркасы 100 толық құйма керамикалық кірпіштен 
жасау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет